Сенбі, 23 Қараша 2024
46 - сөз 3956 0 пікір 5 Сәуір, 2019 сағат 09:55

Бақыт Әлімовтей хас шебердің тағдыры жастарға үлгі болса игі

Бүгін Бақыт аға еске түскені. Бұл кісі жайлы интернетте не мәлімет бар екен, - деп ақтарсам бір ауыз сөз жоқ.

Бақыт Әлімов - КСРО Журналистер одағының мүшесі, ұзақ уақыт "Кербұлақ жұлдызы" деген аудандық газетті басқарды. "Аудандық" дегенді оқығанда біраз адам мұрын шүйірер, бірақ, журналист деген отырған орныңа емес, істеген ісіңе қарай бағаланатын мамандық.

"Невада - Семей" бұрқырап тұрған шақта Сарыөзектің түбінен ашылып, елдің зәресін алған ашық полигонды жабуға күш салды. Мақала жазып, үндеу жасап, қоғамдық қозғалыстың ұйытқысы болды. Тұтас республика осыны тіледі, ақыры ел тілегі қабыл болып, полигон жабылды.

Бақыт аға Алматыдағы ядролық қаруға қарсы конгреске арнайы шақырту алды.

90-жылдардың басындағы ауыр кезеңде газетті жаптырмай аман алып шықты. Әкімдік ақша бермей әурелесе қаламмен іреп жібереді.

1998 жылы 18-қыркүйекте Бас мақалаға бөлінген беттің төрт бағанасын бос шығарып, ортасына "Бұл төрт бағананы төрт айдан бері газеттің баспаханалық шығынына төрт тиын, редакция ұжымының жалақысына үш айдан бері үш тиын бөлмей әуре-сарсаңға салып қойған аудандық қаржы бөліміне НАРАЗЫЛЫҚ ретінде таза басып отырмыз" деп жазып қойыпты. Осы күні мұндай мүмкін бе, журналистердің де, құрылтайшылардың да мінез-құлқы қатты өзгерді емес пе?

Осындай азаматты ел білмеуі әуелі оған, одан кейін ұшына кір жұқпаған қаламына обал болар. Ол кісінің мамандығына деген махаббаты жұқпалы еді, айта беретін, сөйтіп менің аңсарымды аударды, екі қызы Айнұр мен Елнұр да осы соқпаққа түсті.

Судырап сөйлей алғанның бәрі өзін журналист санай бастаған бұл кезеңде Бақыт Әлімовтей хас шебердің тағдыры жастарға үлгі болса игі.

Биыл 28 сәуірде көз жұмғанына 11 жыл болады екен, топырағыңыз торқа болсын.

Серік Әбікенұлының facebook парақшасынан

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1466
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3240
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5381