«Хазақ» сөзін орысша «хитаи» деп әдейі бұрмалаған...
Қарахан кесенесі
Алдыңғы мақалада Қожа руы Ходженд қаласына қоныстанған Хаджадж арабтарынан VIII-ХІ ғасырлар арасында қалыптасқанын (шамамен 250 жылда) XIII ғасырдағы арап тарихшысы Ибн әл Асир дерегінен көрсеттік. Олар ХІ ғасырдан бастап осы қаладан өзге аймақтарға таралған деу орынды (Закавказье мен Түркиядағы Ходжалы қалалары, Қарақалпақстандағы Ходжелі қаласы).
Енді Ибн әл Асир деректерінен орыстар Қараханиды деп ататқызған мемлекет жайлы деректерді зерттеп көрсек:
«Владетелем Баласагуна и Страны тюрков был Шараф ад-Даула (1030-1056). Он был религиозен и удовлетворился повиновением ему его братьев и родственников и разделил страну между ними. Своему брату Арслан-тегину отдал многое из Страны тюрков, Тараз и Исбиджаб отдал своему брату Богра-хану, Фергану всю целиком отдал дяде по отцу Туга-хану, а Бухару и Самарканд и другие отдал Ибн Али-тегину. А сам он удовольствовался Баласагуном и Кашгаром. Они — мусульмане из потомства Афрасиаба Тюрка. Их прадед, Шабук Кара-хакан во сне своем принял ислам и поутру обнаружил, что он мусульманин. Когда он умер, на его место встал его сын Муса ибн Шабук. И в этом краю царский сан не прекращался среди его потомков вплоть до Арслан-хана ибн Мухаммада ибн Сулаймана ибн Дауда Богра-хана ибн Ибрахима. Он взбунтовался против Кадир-хана в 494 (1101) г., и тот отнял у него царство, но Санджар убил Кадирхана и вернул царство Арслан- хану. Среди его войска был один вид тюрков, которых называют карлуки и тюрки гузийские. Их ... два вида. Один вид называют учук, и другой народ, который называют бузук. В этом году, сафаре (1043 г.) приняли ислам 10 тысяч кибиток из неверных тюрков. И принесли в жертву в день праздника Жертвы (зу-л-хиджжа) 20 тысяч голов овец, и Аллах избавил мусульман от их вражды. Они проводили лето в краях Булгара, а зимовали в краях Баласагуна. Не принявшими ислам среди тюрков остались татары и хитаи, они в областях Сина».
Бұл жерде «страна тюрков» деп көшпелі қазақ елі көрсетілген (арапша жазылуында «қазак» пен «турк» сөздері өте ұқсас: قزك – қазак, ترك – турк). Орыс аудармашысы «қазак» атауын «турк» сөзімен жасырғаны түсінікті (арапта «ю» әрпі жоқ). Қазақ елінің мұсылман еместерінің ең соңғылары ХІ ғасырдың басында (1043 жылы) ислам дінін қабылдағанын, олардың жайлауға – Бұлғар еліне (Орал тауларына жақын аймақ) дейін баратынын, ал қыстаулары Баласағұн аймағы екенін жазған. Яғни, қазақ халқы қожа руы қалыптасқанға дейін Ислам дінін қабылдап үлгерген.
Баласағұн қазіргі Талас, Созақ, Сарысу, Мойынқұм, Шу аудандары орналасқан үлкен аймақ тәрізді. Оның атауын Баласағұн емес, Таласағын деген орынды. Өйткені, Талас пен Шу өзендері Алатаудан бір жерден ағып шығады, спутниктік картадан екеуінің арнасы ертеде Телқоңыр деген жерде қосылып, одан әрі Арал теңізіне дейін созылғаны анық байқалады. Қосылып ағып жатқандықтан ол екеуіде сол заманда көбіне Талас өзені деп аталған тәрізді. Яғни, қазіргі Талас, Созақ, Сарысу, Мойынқұм, Шу аудандары Талас өзені ағып өтетін аймақ болғандықтан, халық «Талас ағыны» деп атап кеткен. Арабша екі атау өте ұқсас, «т» әрпін «б» деп түсіндіріп, бұрмалап орысшалаған: تالاصغن – таласағын, بالاصغن – баласағун.
Түркілердің ислам дінін қабылдамағандары Син аймағында (қазіргі Маңғолия мен ішкі Маңғолия) отырғанын, олардың татар және хитаи болып екіге бөлінетінін жазады Ибн әл Асир. Деректе осы екеуінің де түркі екені анық көрсетілген. Яғни, «Татар тайпасы ол заманда маңғол тілді болған, хитай дегендер – қидандар, олар да маңғол тілділер» деген ресейлік тұжырымдар толық жалған (қазіргі Қытай құрамындағы сол аймақта татарлар әліде отыр, олардың түрлері Қазан татарларынан гөрі қазаққа жақын). Ал «хитаи» дегені – қазақтар, «хазақ» сөзін орысша «хитаи» деп әдейі бұрмалаған. Осы екі сөздің арабша жазылулары мынадай: حظاق – хазақ, حطاى – хатаи. Демек Шыңғысханға дейінде онда отырған керей, найман, меркі (меркіт), маңғыл (маңғы), жалайыр, қоңырат тайпалары мен адайжұрт (тайджут), бөріжігің (борджигин) рулары қазақ халқы деп танылған.
Шабук Карахакан Ресей билігі дайындатқан тарихта Сатуқ Қарахан деп көрсетілген, оның Караханиды мемлекетін орнатушы екені де айтылады. Караханиды мемлекеті 840 жылы (ІХ ғасыр) орнады делінген, яғни, Шабук Карахакан сол жүзжылдықтың өкілі. Ибн әл Асир оның билікте отырып мұсылмандықты қабылдағанын және Афрасиаб Тюрк династиясының ұрпағы екенін көрсеткен. Яғни, Қараханиды мемлекетін билеген түркілік династия, толығырақ айтсақ қазақ хандары. Бұл «Қараханиды мемлекетін билеген қожалар әулеті, Қарахан баба қожа» дейтіндерге нақты жауап.
Жоғарыдағы деректе мемлекет құрамына қазіргі Орта Азия мен Қазақстан және Қашқар аумақтары кіргенін және мемлекет жерін ең алғаш ХІ ғасырда бауырларына бөліп берген – Шараф ад-Даула хан екені жазылған. Мемлекет әскерінде «карлук» және «тюрки ғузи» деп екі түрлі аталатын халық бары, ол халық өз ішінде «ушук», «бузук» деп екіге бөлінетіні көрсетілген (арабта «г», «ч» әріптері жоқ). Алдыңғы мақалада орыстардың арабшадағы «қазақ» атауын «карлук» деп бұрмалағанын айттық. Яғни, Ибн әл Асир карлуктардың, яғни қазақтардың екінші атауы тюрки ғузи екенін деректеген. Арабшада ғузи мен ғазақ бірдей десе де болады: غزق – ғазақ, غزى – ғузи. Демек, мемлекет әскері қазақ халқынан жасақталған, оларды «қазақ» деп те, «түркі ғазақ» деп те атаған. Ол қазақтар өз ішінде екі халыққа бөлінген, ондағы «ушук» дұрысында – узбек, ал «бузук» дұрысында қазақ деп білеміз. Өйткені, әріптері ескіріп, кей тұсы өшкен қолжазбадағы «узбек» пен «қазақ» атауларын «ушук» пен «бузук» деп әдейі бұрмалап түсіндіру қиын емес. Олардың арабша жазылулары өзара ұқсас: ذبكو – узбек, شكو – ушук, قزك – қазак, بزك – бузук («қ» әрпінің бас жағы өшіп көрінбей қалғанын пайдаланып, оны «б» деп көрсеткен).
Ресейліктер әдейі бұрмалап, «ғузи деген – оғыздар, олар ушук пен базук деген екі топқа бөлінген» деп тұжырымдады. Ибн әл Асирдің осы деректерінің оғыз еліне, яғни қазіргі Түркіменстан аумағына еш қатысы жоғы айдан анық. Әңгіме қазіргі Қазақстан мен Өзбекстан және Қашқар аймақтары жайлы екені айқын көрініп тұр. Сондықтан ресейлік тұжырымның түсінген адамға құны көк тиын.
Билеуші әулет – Афрасиаб Тюрки династиясы. Мемлекет билеушілері – Шабук Каракахан ұрпақтары. Шабук Каракахан – Асылұя тайпасының өкілі, Төргі Асұяшы (Тюрки Ашина) династиясынан. Мемлекет билігі ХІІ ғасырдың басына дейін осы әулетте болыпты, соңғы ханы – Арысұлан, ол басына түскен қиын жағдайда Санжар сұлтанның көмегіне жүгінген. Санжар сұлтан – Тюрки Селджук династиясының адамы, ол династия да Шабук Карахаканға туыс екені Ибн әл Асир деректерінен анық аңғарылады. «Тюрки Селджук» дұрысында – Төргі Асылжік династиясы, сондықтан династия адамдарын халық «асылдан» деп атаған. Ол атауды «султан» еткен арабша жазбалар екенін алдыңғы жарияланымдарымызда айтттық. Яғни, Х ғасырда қазіргі Түркіменстан аумағында оғыз елін билеп, оларға ислам дінін үйреткен, сосын ХІ ғасырда Закавказье мен қазіргі Түркия аумағын билеген, мұсылман әлеміне жасалған Крест жорығына тойтарыс берген, кейін Осман империясының негізін қалаған Төргі Асылжік (Тюрки Селджук) династиясы ІХ ғасырдағы Шабук Карахакан әулетінен тарайды.
Енді Шабук Карахакан есімін талдап көрейік, оның есімі дұрысында Шаттық болуы мүмкін. Орыстардың оны біресе Шабук, біресе Сатук деп көрсетуі соны аңғартады (арапшада: شاتوق – шатуқ, شابوق – шабуқ, ساتوق – сатуқ). Ибн әл Асир түркілерде билеушіні «хан» деп атайтынын анық жазған (келесі ақпаратта), яғни «хакан» деген атауды қолданбаған. Негізінен «хан» атауын «каган» деп көрсететін қытай жазбалары, себебін қытай тілі заңдылығынан іздеген жөн. Сол қытайлық бұрма атауды қолданып, арабша жазбалардағы «хан» атауын ыңғайы келсе «хакан» деп орысшалаған – орыс ғалымдары. Сондықтан «Карахакан» дұрысында «Казахкан» деп білеміз. Өйткені Х ғасырда парсы жыршысы Фердауси ол мемлекетті билегендер Казах хандары екенін, халқы «көшпелі жауынгер казах» деп аталатынын анық жазған. Орыстар осы жазбадағы «Казахкан» атауын «Карахан» деп бұрмалау арқылы «Караханиды» атауын тарихқа енгізген. Ибн әл Асир жазбасын орысшалағанда «Карахкан» атауын әдейі «Кара-хакан» деп орыстық «-» белгісі арқылы өзгертіп жіберген. Арабша жазылуында екі атау бірдей десе де болады, тек «з» үстінде ноқат бар, ал «р» үстінде жоқ: كزحكن – казахкан, كرحكن – карахакан. Демек, билеушілердің арғы атасы Шабук Карахакан емес, ол Төргі Асұяшы (түркі ашина) династиясыың өкілі – Шаттық Қазақ хан.
Түркі Ашина (төргі асұяшы) руы таулы Алтайдан шықты, олар VІ ғасырда әуелі қазіргі Қазақстан аумағында Түркі қағанатын орнатқан. Қазақ халқы ол заманда өз атауымен қалыптасып қойғанын алдыңғы жазбаларымызда дәлелдегенбіз. Түркі қағанатыныңда және оның орнын басқан Түргеш қағанатыныңда халқы қазақтар болды, сол себептен билеуші династия адамдарын Орта Азия халықтары (үзбек, тазжік, парсы) «қазақ» деп таныған. Мемлекет билеушісі есіміндегі «Қазақ хан» атауы соның айқын дәлелі. Тараздағы ескі қорымды «Қарахан баба жатқан жер» деп ХІХ ғасырда кесене салдырғандар, «Караханиды мемлекетін билеген қожалар» дейтіндер мүлде қателеседі. Мұның жалған екенін Ибн әл Асир жазбасы дәлелдейді. Қазақ мемлекетін ертеден тек қазақ хандары билеген, қожа немесе араб ешқашан қазақты билемеген.
Осылайша Ибн әл Асир жазбасы Орта Азиядағы алып империя Қазақ хандығы екенін, оның халқы «қазақ» немесе «түркі қазақ» деп аталатынын, ол халық өз ішінде «үзбек» пен «қазақ» болып екіге бөлінетінін тайға таңба басқандай айқын көрсетеді. Яғни, ол заманда үзбек пен қазақ біртұтас халық болған. Ибн Батутаның ХIV ғасырда Алтын орда ханы Мұхаммедті «Узбек хан» деп жазуының себебі, ол мемлекет халқының қазақ деп те, узбек депте атала беруімен байланысты десек, қателеспейміз. Ол кезде тазжік (тәжік) халқы – тауды мекендеген аз ел, қарақалпақтар (қарапапақ) Орта Азияға Кавказдан тек ХІІ ғасырдан кейін жетті. Шыңжандағы үйсүн-үзбектер қырғы тайпасымен араласып, үйқыр (ұйғыр) халқы болып енді қалыптасып жатты. Ал қырғыз елі Орта Азияда жоқ болатын (олар Енисейден тек ХVІІ ғасырда келгенін Алексей Левшин жазады). Түркімен халқы өз аймағында (оғыз елінде), яғни қазіргі Түркіменстан жерінде түзілді. Демек, Ибн әл Асир өмір сүрген ХІІІ ғасырға дейін қазіргі Қазақстан мен Орта Азияның негізгі халқы қазақ деп аталған, олардың отырықшы бөлігі үзбек деп те танылған. Арап жазбаларындағы қазақ халқын орысша аудармаларға «турк» етіп енгізген Ресей саясаты, олар қазақтың өз атауымен ертеден барын шамалары жеткенше жасырумен болған. Қазақ халқының едәуір бөлігі сол заманда қазіргі Шыңжан мен Маңғолия аймағында да отырған, онда олармен көрші татар халқы да мекендегенін аңғарамыз деректерден (ол жерде түрлері қазаққа ұқсас татар ұлты әліде отырғаны анық факті).
Сақ елі мен шығыстан ауып келген хуньдардың араласуымен I ғасыр мен VI ғасыр аралығында Қазақ халқы қалыптасқанын айтқанбыз. Яғни, билік хуньдарда болғандықтан біздің дала «Құңзақ» деп аталғанын (мағынасы: «құң жақ» - хунь аймағы) және ол артынша аймақ халқының атауына айналғанын, кейін атау «Қзақ» болып қысқарып («ұң» бөлігінсіз), сосын «Қазақ» болып біржолата орныққанын алдыңғы мақалаларда дәлелдермен көрсеткенбіз.
Ибн әл Асир жазбасынан ІХ ғасырда Ислам дінін қабылдамаған дала қазақтарының бір тобы бөлініп қалғанын (Қазақстанның солтүстік аймағы), алайда олар да ХІ ғасырдың басында толық мұсылман болып мемлекет билігіне мойынсұнғанын көреміз. Ресей саясаты кәзіргі қазақ елінің солтүстігінде Қимақ қағанаты болған дегізді, алайда онысыда арапша көне қолжазбадағы «қазақ» сөзін «қимақ» деп бұрмалау екенін аңғару қиын емес: قظق – қазақ, قمق – қимақ (көне қолжазбада «з» әрпінің жоғарғы жағы көрінбей қалғанын пайдаланып, оны «м» етіп көрсеткен).
Сонымен Шаттық Қазақ хан әулеті билеген ортаазиялық империя – Түргеш қағанатынан бері тұтастығын сақтаған. Ислам діні келген VІІІ ғасырдан бастап Қазақ хандығы деп аталған және соңғы ханы Арысұлан заманында – ХІІ ғасырда ыдыраған. Оны жойған – қазіргі Маңғолия аймағынан келген дінсіз қазақтар, яғни мұсылман қазақ елін шығыстан келген кәпір қазақтар жаулап алған.
Осы жерде айта кетерлігі, Ибн әл Асирдің VІІ ғасырдан бастап ХІІІ ғасырдың ортасына дейінгі (өз уақытына дейінгі) мұсылман елдеріндегі елеулі оқиғалардың барлығын түгел қамтуға тырысқаны және оның деректері сенімді екені әлем ғалымдары тарапынан мойындалған. Ол осы еңбегіне сол замандағы баршаға белгілі араб-парсы жазбалары деректерін қолданған, бір оқиға жайлы қарама-қайшы дерек болса, екеуін қатар көрсеткен. Ибн әл Асир ХІІІ ғасырда өмір сүрді. Демек, оның Қашқари, Ибн Фадлан жазбалары мен Истахри жазбасының парсылық нұсқасын білмеуі мүмкін емес. Алайда, тарихшының еңбектерінде олар жайында бір ауыз сөз айтылмаған, оларда бар деректерге ұқсас мәліметтер келтірілмеген. Керісінше, сол үш жазбада және «Маңғолдың құпия шежіресінде» жоқ – қазақ халқының сонау Маңғолиядан Орта Азияға дейін жайылған алып халық екенін көрсетеді. Осы фактінің өзі Қашқари, Ибн Фадлан жазбалары мен Истахри жазбасының парсылық нұсқасы және «Маңғолдың құпия шежіресі» дегендер қазақтың шын тарихын жасыру үшін дайындалған Ресей ғалымдарының жалған дүниелері екенін анық дәлелдейді.
(Жалғасы бар)
Бекжан Әденұлы
Abai.kz