Украинада қазақ тағдыры шешілуде
Өзіміз құрметтейтін Марғұлан Сейсенбай ініміз Украинада президенттік сайлаудың екінші турында В.Зеленскийге дауыс беруді жақтапты. Иә, таңдау жасауға әркімнің құқығы бар. Бірақ, В.Зеленский деген кім?
Ол "шут", Коломойскийдің қуыршақ кандидаты емес пе! Оның телеарналары әбден жарнамалап танымал етіп қойған. Ар жағында дым жоқ қуыс кеуде. Іс жүзінде қазір соғыс жағдайындағы Украинаға комик Зеленский Жоғары Бас қолбасшы бола алмайды.
Бірден бір дұрыс кандидат - П.Порошенко. Ол 2018 жылы соғыс кезінің өзінде экономиканы 3,4 пайызға көтерді, 207 зауытты салып іске қосты. Батыс елдеріне визасыз режим енгізді, Украин православ шіркеуінің іргесін Мәскеуден ажыратты. Антироссиялық коалиция құрды. Енді НАТО-ға кірмек. Украина Қарулы Күштерін Еуропадағы ең мықты он армияның қатарына қосты. Ол Донецк мен Луганскіде Ресейшіл күштерді табан бастырмай отыр.
Егер президенттікке Порошенкодан басқа біреу келсе Путиннің құдайы бергені. Ол халықаралық заңдарды белден басып Қырым мен Донцкіні, Луганскіні сіңіріп кетпек. Бұл өте қауіпті. Одан кейінгі кезек Қазақстанға келмек. Сондықтан біз Порошеноны қолдаймыз.
Украинада Қазақстан тағдыры шешіліп жатыр!
Марат Байділдәұлының facebook парақшасынан
Abai.kz