Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 2941 0 пікір 3 Маусым, 2011 сағат 12:24

ЕҚЫҰ-ның Қазақстандағы өкілдігі о бастан-ақ сот органдарын қолдап келеді - Штефан Бухмайер

АЛМАТЫ. 3 маусым. ҚазАқпарат /Ерлік Ержанұлы/ -  ЕҚЫҰ-ның Астанадағы орталығы мен өзге де маманданған институттары Қазақстандағы құқықтық реформа саласындағы атқарылған жұмыстарға өз қолдауын әрдайым   білдіріп келе жатыр.

Бұл туралы бүгін Алматыда өткен «Қылмыстық іс жүргізуді одан әрі реформалау мәселелері жөніндегі ҚР кейбір заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасын талқылауға арналған дөңгелек үстел жиынында айтылды.

«Сот әділдігі кепілдендірілген негізгі адам құқығының бірі. ЕҚЫҰ-ның адам құқы саласындағы бір өлшемі мемлекеттің адам құқығын қорғаудағы  әділ сотқа  кепілдігі болып саналады. Сол себепті ЕҚЫҰ-ның Қазақстандағы өкілдігі сот органдарын о бастан-ақ қолдап келе жатыр», - дейді ЕҚЫҰ-ның Астанадағы орталығының Адам құқы жөніндегі кеңесшісі Штефан Бухмайер. Оның айтуынша, Қазақстан қылмыстық заңдарды ізгілендіру жолында келе жатыр. Қазақстанның 2010-2020 жылдарға арналған құқықтық саясат тұжырымдамасында  қылмыстық саясатты одан ары ізгілендіру және бейтараптандыру  міндеті қойылған. Бұл бағытта ЕҚЫҰ-на мүше өзге мемлекеттердің іс-тәжірибесі де ескеріліп жатыр.

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1466
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3240
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5383