Сенбі, 23 Қараша 2024
Саясат 8075 18 пікір 10 Сәуір, 2019 сағат 11:34

Бұл сайлау – елдегі демократиялық еркін болашақты құруға мүмкіндік бермек

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев 2019 жылдың 9 маусымында елімізде кезектен тыс Президент сайлауын өткізу туралы шешімін жариялады. Президент өз сөзінде айтқандай, Үкімет, Парламент және партия басшыларымен ақылдаса отырып шешкен шешімі елдегі тыныштықты, саяси-әлеуметтік тұрақтылықты сақтау мақсатында қабылданып отыр деп есептейміз. Демократиялық қоғамда ретімен, тәртібімен болатын бұл сайлау Қазақстан үшін сындарлы жаңа кезеңнің бастауы болмақ!

Қасым-Жомарт Кемелұлының Тұңғыш Президентіміздің қасында сенімді серігі, әрі ізбасар көмекшісі болып көп жылдар қызмет атқарып келгені мәлім. Ғылым мен технологияның қарқынды дамуы, қазіргі замандағы әлемде болып жатқан әлеуметтік-экономикалық, экологиялық, мәдени және саяси өзгерістер бізге көптеген талаптарды қойып отыр. Сол себепті ел басқару ісінде мол тәжірибе жинап, ел ішіндегі мәселелерге қанық болып жүрген Президентіміздің игі бастамаларына халық болып қолдау білдіруіміз керек деп есептеймін.

Тәуелсіздігіміздің нығаюы, оның баянды болуы үшін еліміздегі саяси тұрақтылық пен экономикамыздың үздіксіз дамуы ауадай қажет. Ел бірлігі мен бейбітшілігі – басты құндылығымыз! Халқымыздың негізгі мақсат-мұраты осы екені баршаға аян. Бейбіт, тоқшылық заман болмай өнер-білім, мәдениеттің де дамуы екіталай. Сондықтан республикамыздағы тұрақтылықтың кепілі болып отырған қазіргі ұстанған бағытымыз жалғасын табады деп ойлаймын. Бұл сайлау – елдегі бейбітшілік пен келісімді сақтай отырып, әлеуметтік-саяси жаңғыруға, әлемнің үздік елдері қатарына қосылу жолында жаңа демократиялық еркін болашақты құруға мүмкіндік бермек.

Арман Жүдебаев

Құрманғазы атындағы Қазақ Ұлттық Консерваториясының

ректоры

Abai.kz

18 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1479
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3253
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5470