Дүйсенбі, 24 Маусым 2019
Бәсе... 2935 42 пікір 12 Сәуір, 2019 сағат 12:35

Тоқаев: Мен мұндай жарнамаға мұқтаж емеспін!

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев өзінің суреті бейнеленіп, ұран сөздер жазылған жарнамалық бильбордтарды көшеге ілуге қатысты пікір білдірді.

Ол осындай әсіре мақтаулардың жөнсіздігін, дәл осы формада жарамсақтанудың қажет емес екенін айтты. Бұл туралы Ақорданың "Твиттердегі" ресми парақшасында жарияланды.

"Қ.Тоқаев: Маған Ақтауда менің суретім бейнеленген 14 бильборд орнатылғанын айтты. Мен мұны жөнсіз деп есептеймін. Мен дәл осындай пропогандаға мұқтаж емеспін. Мұндай әкімшілік құлшыныс не үшін қатжет?"" деп жазды Ақорда.

Әрі қарай президент Тоқаев жарнаманы жасау керек болса, Елбасының еңбегіне жасау қажеттігін тағы айтыпты.

"Бильбордттарды Елбасының  басшылығымен бой көтерген еліміздің шынайы жетістіктеріне арнау қажет. Бұл менің барлық деңгейдегі әкімдерге беретін тапсырмам" депті президент.

Abai.kz

42 пікір