Жексенбі, 24 Қараша 2024
Жаңалықтар 2452 0 пікір 17 Маусым, 2009 сағат 05:16

Ләйла ЕДІЛҚЫЗЫ. Тарихи тамырластық тағылымы

Қазақстан мәдениетінің Түркіменстандағы күндері үлкен табыспен өтті

Әлемнің әр қиыр-қиырында тек өзіне тән даму жолы белгіленген және өзіне лайық болмыс-бітімімен дарала¬натын елдер болады. Жерінің 80 пайызға жуығы Қарақұм шөлінің еншісіне бұйырған, бас қаласы Копет-Даг тауының етегіне орналасқан Түркіменстан, міне, осындай даралардың бел ортасында тұр. Бұл ел өзінің тәуелсіздігін 1991 жылдың 12 қазанында жарияласа, 1995 жылдың 12 желтоқсанында БҰҰ-ның ұйғарымымен бейтарап ел ретінде дүние жүзіне та¬нылғаны белгілі.
Елде түркімендерден кейінгі ең көп таралған –  өзбек пен орыс ұлттары. Бұ¬дан басқа әзірбайжан, иран, түрік секілді өзге ұлттың өкілдері де бар. Алайда, жергілікті халықтың өз салт-дәстүрі мен мәдениетін көздің қарашығындай сақтауға бейімділігіне, содан да болар, ұлттық құн¬дылық ұғымын бастапқы орынға қоя білетін халықтың ұлтжанды болмысына еріксіз риза боласың.

Қазақстан мәдениетінің Түркіменстандағы күндері үлкен табыспен өтті

Әлемнің әр қиыр-қиырында тек өзіне тән даму жолы белгіленген және өзіне лайық болмыс-бітімімен дарала¬натын елдер болады. Жерінің 80 пайызға жуығы Қарақұм шөлінің еншісіне бұйырған, бас қаласы Копет-Даг тауының етегіне орналасқан Түркіменстан, міне, осындай даралардың бел ортасында тұр. Бұл ел өзінің тәуелсіздігін 1991 жылдың 12 қазанында жарияласа, 1995 жылдың 12 желтоқсанында БҰҰ-ның ұйғарымымен бейтарап ел ретінде дүние жүзіне та¬нылғаны белгілі.
Елде түркімендерден кейінгі ең көп таралған –  өзбек пен орыс ұлттары. Бұ¬дан басқа әзірбайжан, иран, түрік секілді өзге ұлттың өкілдері де бар. Алайда, жергілікті халықтың өз салт-дәстүрі мен мәдениетін көздің қарашығындай сақтауға бейімділігіне, содан да болар, ұлттық құн¬дылық ұғымын бастапқы орынға қоя білетін халықтың ұлтжанды болмысына еріксіз риза боласың.
Егер тарих парағына көз жүгіртсек, Қазақстан мен Түркіменстанды тек географиялық емес, тамырын тереңнен, сонау Түрік қағанаты мен оғыз заман¬дарынан алатын мәдени-рухани, тарихи тамырластық та байланыстырады дер едік. Халқының саны 6 млн.-ға жуықтайтын, кезінде бір шаңырақтың астында тіршілік кешіп, қоңсылас, көршілес болған елдің бізге қаншалықты бауырлас болатынын осыдан-ақ бағамдай беріңіз. Сол себепті де бабалар салған сара жолды қос елдің тәуелсіздік алған жылдардан бері жалғас¬тырып қана қоймай, өзара ынтымақ¬тастық тетігін мықтап бекіте түсуін заңды құбылыс деп түсінгеніміз жөн. Бұған екі мемлекет арасындағы әріптестік деңгейі¬нің көкжиегіне қарап, көз жеткізе аламыз. Мәселен, Қазақстан мен Түркіменстан арасындағы дипломатиялық қатынастар¬дың негізі 1992 жылы қаланса, 1996 жылы Ашғабадта Қазақстан елшілігі бой көтерген-тұғын. Ал 1999 жылы Астанада Түр¬кіменстан елшілігі өз есігін айқара ашты. Сол уақыттан бері экономикалық даму үлгісі мен тамыр соғысы  ұқсас келетін қазақ-түркімен арасындағы сан тармақты байланыс өз деңгейінде дамып келеді. Қос тарап арасындағы 60-қа жуық құжаттың басын біріктіретін құқықтық келісім-шарт шоғыры да бауырлас мемле¬кеттер ынтымақтастығы қарымын тағы бір айғақтай түсетіндей. Бүгінде солардың бір тармағы мәдени-рухани кеңістікте қайта жаңғыра түлеуде.
Жақында Қазақстанның Мәдениет және ақпарат министрлігінің, “Қазақ әуен¬дері” акционерлік қоғамының ұйыт¬қы болуымен және Түркіменстанның Мәдениет және радиохабар тарату минис¬трлігінің қолдауымен Түркіменстан аста¬насы Ашғабад қаласында Қазақстан мәдениетінің күндері ұйымдастырылды. Ашға¬бад – түпкілікті халықтың қойған Ашықабод “Ғашықтар қаласы” деген атауымен белгілі. Қала халқының жалпы саны 550 мыңды құрайды. Түбі бір түркі тілдес халықтың ортасына барып, төл өнерімізді көрсету тек өз рухани көк¬жиегімізді кеңейтуге ғана емес, екіжақты мәдени байланысты жетілдіруге де сеп болғаны анық. Сол себепті де бұл ауқым¬ды шара ұлтымыздың, әлемнің бай жауһарларының тиегін тереңнен ағытып, олардың сан алуан бояуын буы бұрқы¬раған қалпы жеткізуге мүмкіндік берді десек, артық айтқандық болмас. Ауқымды деп маңыз беруіміздің себебі, аталған шараға еліміздің белді де беделді, өнер әлеміндегі қолтаңбасы бедерлі өнер иелері қатысып, жергілікті халықты рухани әлем¬нің кәусар бұлағымен сусындатып, көңіл терезесін кеңейткендей болды.
Түркімен жеріндегі мәдениет күнде¬рінің алғашқы шымылдығы Түркімен¬башы атындағы Ұлттық мәдениет орта¬лығының Мукам сарайында “Қазақстан – Еуразияның жүрегі” атты фотокөрме¬мен ашылды. Аталған фотокөрме “Бей¬бітшілік пен жарқын болашаққа бастар ақ жол”, “Ақ тілекпен, Астана!”, “Қазақ¬стандықтардың өміріндегі спорт”, “Жаса, жайна, менің Қазақстаным!”, “Ел мен елді жалғайтын – мәдениет”, “Тәні саудың – жаны сау”, “Менің елім – Қазақстан”, “Қазақстанның болашағы” секілді бөлімдерден құралып, онда еліміз¬дің спорт, медицина, ғылым мен техника,  салаларында қол жеткізген жетістіктері, дархан даламыздың бай інжу-маржандары мен қазына-байлықтары, Сарыарқа төріне қоныс тепкен жаңа елорданың бүгінгі сән-салтанаты мен кескін-келбеті ай¬шықты түрде көрініс тапқан.
Фотокөрмеден кейін түркімен халқы еліміз өнерпаздарының әкелген жыр шашуын тамашалады. Концерт басталмас бұрын сахнаға Түркіменстан Президенті Гурбангулы Бердымұхамедовтің Қазақстан мәдениетінің күндеріне қатысушы қо¬нақтарға арнаған жолдауын жеткізу үшін осы елдің Мәдениет және телерадио¬-хабар тарату министрі Гулмырат Мырадов көтерілді. Түркіменстан басшысының түркімен мен қазақ халқын ғасырдан ғасырға жалғасын тауып келе жатқан достастық, тарихи сабақтастық, ортақ рухани мәдениет секілді құнды¬лықтар байланыстыратыны, ал халық¬аралық деңгейде өткізіліп отырған бұл шара қос мемлекет арасындағы мәдени алмасуға жаңа серпін беріп, мемлекеттер арасындағы рухани ынтымақтастықтың түрлі бағытта дамуына жағдай жасайтыны атап көрсетіліпті. Сонымен қатар, Түркі¬менстан Президенті 2008 жылы Түркі¬менстанның Қазақстанның Астана мен Алматы қалаларындағы мәдениет күдерінің өте жоғары деңгейде өткендігін, мұндай шаралардың өз кезегінде екі ел арасын жақындастыратынына, мәдени сабақтастық тамырын тереңдетіп, дос¬тастықтың одан әрі дамуына даңғыл жол салатынына да сенім білдіріпті.
Бұдан кейін қазақстандық өнер жұл¬дыздарының басын бір арнаға тоғыс¬тырған концерттің шымылдығы салта¬натты түрде ашылды. Бұл күні түркімен жеріне айрықша шабытпен келген “Әл¬қисса” ұлт-аспаптар ансамблі, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Абзал Мұхитдинов дирижерлік ететін мемле¬кеттік “Солистер академиясы” камералық оркестрінің сүйемелдеуімен ұлтымыздың бай мұрасын танытатын жауһар туын¬дылар көпшілік назарына ұсынылды. Ал еліміздің еңбек сіңірген әртістері Мұрат Шалабаев, Ғалия Байғазинова, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Жанат Шыбықбай, халықаралық кон¬курстардың лауреаттары Талғат Мұсабаев, Салтанат Ах¬ме¬това, Айгүл Ниязова, Сүндет Бай¬ғо¬жин сынды опера әншілері мен балет әлемінде өзін өзгеден да¬ралайтын айрықша қолтаң¬ба¬сымен танылып үлгерген Қа¬зақстанның еңбек сіңірген қайраткері Құралай Сарқытбаева, халықаралық конкурстардың лау¬реаты Досжан Табылды сын¬ды шын шеберлердің қабілет-қарымы кім-кімді де бей-жай қал¬дырмады десек болады. Бау¬ыр¬лас халықтың рухани көк¬жиегін өз өнерлерімен нұрлан¬дыруға, жандандыруға тырысқан шеберлердің арасында сондай-ақ, қобызшылар триосы – ха¬лықаралық конкурстардың лау¬реаттары Эльмира Ахме¬дьярова, Гүлзия Стамбек, Әсел Нүрке¬нова, сары сөзді сапырып күн кешкен халқымыздың ежелгі жы¬раулық мұрасын дамытып жүр¬ген республикалық конкурс¬тардың лауреаты Серік Жақсы¬ғұлов,  қазақтың қос ішекті қара домбырасын шебер меңгерген “Ұлы Дала сазы” триосының мүшелері Мадияр Малдыбаев, Марат Нүкеев, Әбілғазы Ахмадиев пен “Ұлытау” тобы мүшелерінің көрсеткен өнерлері көптің көңілін көтеріп, қос елді мәдени-рухани тұрғыда жақындастыра түсуге жаңаша серпін бергендей болды. Мәселен, түркімен халқының бай мәдени мұрасына сүбелі үлес қосқан белді композитор Нуры Халмамедовтің “Хайрана галар” туындысы белгілі опера әншісі Жанат Шыбықбайдың орындауында өзгеше иіріммен төгіліп, тыңдармандардың ыс¬тық ықыласы мен қошеметіне бөленді.
Мукам сарайының сахнасында әуелете шырқалған Абайдың “Айттым сәлем, қаламқас”, Латиф Хамидидің “Бұлбұл”, Антонио Вивальдидің “Жыл мезгілдері” циклынан “Нөсер”, Джузеппе Вердидің “Сицилиядағы кеш” операсынан “Елена болеросы”, Жаяу Мұсаның “Сұрша қыз”, Иоганнес Брамстың “№ 5 Венгр биі”, Винченцо ди Кьяраның “Сұлудың сырлы сымбаты”, Людвиг Минкустың “Дон Ки¬хот” балетінен “Адажио мен ко¬да” туын¬дылары жиналған жұртшылықты өнердің тылсым сырларына елітіп қана қоймай, қазақстандық өнер саңлақта¬рының клас¬сикалық туындыларды да ас¬қан шебер¬лікпен орындай білетінін дәлелдеп берді. Еліміздің өнер шебер¬лерінің әуелете шырқаған ән-жырының әсерін кон¬цертке келген қазақ диаспорасы өкіл¬дерінің жар¬қын қабағы мен нұр тамған жүз¬дерінен де анық аңғарғандай болдық.
Солардың арасынан Ашғабад қала¬сының тұрғыны, бүгінде Түркімен поли¬техникалық институты дене шынықтыру кафедрасының меңгерушісі, Түркімен¬станның еңбек сіңірген жаттықтырушысы Қожа Қошжанов деген  ағамызды  кез¬дестіріп, емен-жарқын әңгімеге тарттық. Әңгіме барысында біз қандасымыздың түркімен жеріндегі тұрмыс-тіршілігі жөнінде жақынырақ біліп, көкейімізде жүрген сауалдарды қоюға тырыстық. “Қос елдің талай замандардан нәр алған іргелі байланысы жөнінде айрықша атап айтуға болады.  Бұдан екі жыл бұрын Қазақстан басшысы  Нұрсұлтан Назарбаев Түркі¬мен¬станға ресми сапармен келіп, Түркі¬менстан  Президенті Гурбангулы Берді¬мұхамедовпен екі елдің мәдениет күнде¬рін өткізу туралы келісімге келген бола¬тын. Осыған орай, өткен жылы Қазақ¬станның Астана мен Алматы қалаларында Түркіменстанның мәдениет күндері өте жоғары деңгейде өткені белгілі. Сол уақыттан бері біз Қазақстан мәдениетінің Түркі¬мен¬¬стандағы күндерін тағат¬сыз¬дана күткен едік. Міне, бұл күнге де келіп жет¬тік. Сол үшін де түркімен жеріне келген қазақстандық өнерпаздарға алғыс айтып, өзіміздің шынайы ықылас-ние¬тімізді жеткізгіміз келеді”, деді қан¬дасымыз өзі¬нің ішкі толқын-тебіренісін жасыра алмай. Ол өз сөзін¬де тәуел¬сіздік алған жыл¬дардан бері екі мемлекет арасындағы байланыс биік белестерге жететін жолға түс¬кендігіне, ал мұн¬дай мәдениет күнде¬рінің түпкі тамы¬ры бір халықтардың руха¬ни тұрғыдағы әріптестігін жандандыруға сеп болаты¬нына тоқталды. Бір атап өтер¬лігі, бұл шараға өзінің жұбайы Жібек апамызбен бірге келіпті. “Біздің бес бала¬мыз бар. Балаларымыз біртіндеп өздерінің тарихи Отанына қоныс аударып жатыр. Қазір екі қызымыз Ақтау қала¬сында, үл¬кен ұлымыз Астанада тұрады. Барлығы¬ның өз мамандықтары, соған лайықты кәсіптері бар. Әрине, осы жерде өсіп-өнгеннен кейін, түркімен жерін өз еліміз ретінде есептейміз. Бірақ, қанша деген¬мен,  тарихи Отаныңның топырағы өзіне тартып тұрады екен. Соған көз жеткіздік. Болашақта Қазақстанға қоныс аудару ойымызда бар”, – дейді Жібек апа бізбен әңгімесінде. 
Бауырлас халық жерінде өткен ән-жыр мерекесі аясында түркімен жұртшы¬лығының назарына қазақ режиссерлерінің бірегей туындылары да ұсынылды.  Олар: “Көшпенділер”, “Қош бол, Гүлсары”, “Мұстафа Шоқай”, “Сталинге сыйлық” секілді кино әлемінде өз биігі бар туын¬дылар. Мәселен, қазақ қино өнеріне асқан қызығушылықпен келген көрермен алғашқы күні 18 ғасырдың кескін-келбе¬тін, Қазақ хандығы құрылымына түбе¬гейлі өзгеріс әкелген заманды, 400 мың қолдан құралған қарулы жоңғар басқын¬шы¬ларына қарсы біріккен қазақ тайпа¬лары¬ның жан алып, жан беріскен кезін көз алдыңа әкелетін “Көшпенділер” филь¬мін тамашалады.
Бір атап өтерлігі, Қазақстан мәдение¬тінің Түркі¬менстандағы күндері аясында сан тарапты кездесу болды. Солардың бірі еліміздің Мәдениет және ақпарат ми¬нистрі Мұхтар Құл-Мұхаммедтің Түркі¬менстанның Мәдениет және телера¬диохабар тарату министрі Гулмырат Мырадовпен кездесуі дер едік. Достық ниетке құрылған екіжақты кездесу бары¬сында мемлекеттердің бүгінгі күнге дейінгі жақын әріптестік байланыстары туралы кеңінен сөз қозғалды. Кездесу барысында Түркіменстанның Мәдениет және телерадиохабар тарату министрі Қа¬зақ¬стан мен Түркіменстан елдерін сан ғасыр¬лық байланыстар жібі жалғап жатқа¬нын, мәселен, соңғы екі жылда қол жеткі¬зілген екіжақты келісім-шарттарда сауда-эко¬номикалық, ғылыми-техникалық сала¬лар¬дағы әріптестікпен қатар, мәдени-гума¬нитарлық саладағы байланыстар тетігі жан-жақты қаралғанын атап өтті. Соны¬мен қатар, Гулмырат Мырадов өткен жылы Қазақстанның Астана мен Алматы қалаларындағы Түркіменстан мәде¬ние¬тінің күндері өте жоғары деңгейде өткен¬дігін, бұл өз кезегінде қос мемлекет ара¬сындағы рухани сала тамырына қайтадан қан жүгірткенін, болашақта да осындай достық байланыстар жібінің үзілмейтініне сенімді екендігін жеткізді.
Мәдениет күндері шеңберінде маңызға толы кездесулердің бірі ретінде еліміздің Мәдениет және ақпарат министрі Мұхтар Құл-Мұхам¬медтің қатысуымен Түркімен¬стан жерін¬дегі қазақ диаспорасы өкілде¬рімен  болған басқосу дер едік. Бұл басқосу барысында бүгінгі тұрмыс-тіршілігін түркімен жері¬мен байланыстырған қан¬дас¬тарымыз Қазақстанның мемлекеттік құрылымдары жайлы жан-жақты әңгіме қозғалды. Бір атап өтерлігі,  кезінде Түркі¬менстан же¬рін¬дегі қазақтардың саны 120 мың болса, кейін олардың 100 мың¬нан астамы өзінің тарихи Отанына қоныс аударып үлгеріпті. Сол себепті де бүгінде  түркімен жеріндегі жалпы қандаста¬ры¬мыздың жалпы саны 15-20 мыңды ғана құрайды екен. Қазіргі таңда елімізге қо¬ныс аударған қазақ¬тардың басым көпші¬лігі Маңғыстау облы¬сында, Оңтүстік Қа¬зақстанда өмір сүруде. Басқосуға келген диаспора өкілдері елі¬міздің мемлекеттік құрылымдары туралы хабардар екендік¬терін, Қазақстанның даму жолына көңіл¬дері толатындықтарын жеткізді. “Біз Қа¬зақ¬станның дамып, өр¬кендеп келе жатқа¬нын теледидар арқылы естіп, біліп оты¬рамыз. Соған қуанамыз, мақтанамыз. Сарыарқа төрінде жаңадан бой көтерген Астана туралы да жан-жақты хабардар¬мыз. Астана – жастардың қаласы екенін де білеміз. Сол себепті де жастарымыз сол жерде еңбек етсе екен, Қазақстанның да¬муына өз тараптарынан үлес қосса екен деген шынайы ниетіміз бар”, деді өз сөзінде қандасымыз Ходжа Непесұлы.
Достық пейілге құрылған басқосу барысында қандастар өз көкейлерінде жүрген мәселелерін де ортаға салды. Мәсе¬лен, шеттен тарихи Отанына қоныс аударғысы келетін қазақтарға бөлінетін квота, бұл үдеріске сеп болатын мемле¬кеттік “Нұрлы көш” бағдарламасы, Қа¬зақ¬¬станда оқып, білім алғысы келетін жас¬тарға арналған жеңілдетілген несие жөніндегі мәселелер түркімен жеріндегі қандастарымызды бейжай қалдырмай¬тынын аңғардық. Бұл ретте басқосуда елімізде 8 мемлекеттік жоғары оқу орны бар екендігі, олардың әрқайсысында шетелдегі қандастарға белгілі мөлшерде квота белгіленгендігі айтылды. Жиын кезінде еліміздің Мәдениет және ақпарат министрлігі өкілдері Қазақстанда жүргі¬зіліп отырған мемлекеттік саясатқа орай, сырттан келген қандастардың қолдарына бұрын тиісті қаражат бөлінсе, енді сол адамдардың өз қалаулары бойынша оларға жер бөліп, үй салып беруге жағдай туғызылуда екеніне, яғни шеттегі қандас¬тардың ең төменгі көрсеткіш бойынша баспана тұрғызуына айрықша мүмкіндік жасалып жатқандығына да тоқталып өтті. Бұған қоса, мемлекет қоржынынан орал¬мандарға арналған бір үлгідегі коттедж¬дерді салатын компанияларға ұзақ мер¬зімді несие бөлінетіндігі, ал шеттен келген қандастар сол үйлерді бірнеше жылға ең төменгі пайыздық өсім бойынша алуға болатындығы да назардан тыс қалмады. Бұлардың барлығын шетте жүр¬ген қандастарды өз Отанына оралту бағы¬тында жүргізіліп отырған саясаттың бір тетігі ретінде түсінгеніміз жөн, деді министрлік өкілдері. Ал диаспора өкілдері бұл айтылған жәйттерге көңілдері тола¬тындықтарын айтып, өз тараптарынан айрықша ризашылықтарын білдірді. Бұған қоса, Түркіменстан мен Қазақстан ара¬сындағы мәдени байланыстардың жан¬дануы, екі елдің де рухани көкжиегінің кеңеюіне ықпал ететіндігін жеткізді. Бұл ретте еліміздің Түркіменстандағы мәде¬ниеті күндері аясында Түркімен ұлттық консерваториясында Қазақстан өнер шебер¬лерінің қатысуымен арнайы шебер-кластар өткенін де айтуымыз қажет. Яғни, рухани байланысты негізге алған бұл кездесу барысында еліміздің опера, балет әлемінде қанат қағып жүрген әншілері мен ұлт аспаптар ансамблінің мүшелері консерваторияның оқытушылар қауымы мен студенттері алдында өз өнерлерін көр¬сетіп, өзара тәжірибе алмасты.
Бірнеше күнге созылған Қазақ¬стан мәдениетінің Түркіменстандағы күндері  Түркіменбашы атындағы Ұлттық мәде¬ниет орталығының Мукам сарайында сал¬танатты түрде өз мәресіне жетті. Қа¬зақ¬стандық өнер шеберлерінің қаты¬суымен өткен гала-концерт “Әлқисса” ұлт-аспап¬тар ансамблінің орындауындағы Құрман¬ғазының күйі “Балбырауынмен” ашылды. Тарихи тамыры бір жерден бүлкілдеп, бір жерден нәр алатын бауыр¬лас түркімен жеріне ерекше шабытпен келген қазақ¬стан¬дық өнерпаздар бұл күні де өз шеберліктерімен даралана түсті. Бір атап өтер¬лігі, гала-концертке келген түркімен жұртшылығы тек еліміздің өнер саңлақ¬тарының орындаушылық шеберліктеріне тәнті болып қана қоймай, өз өнерпаздарының да өнерлерін тамашалауға мүмкіндік алды. Мәселен, “Ұлы Дала сазы” триосы мен Түркіменстанның ең¬бек сіңір¬ген қайраткері Ораз Аннанепесовтің орындауындағы қазақ, түркімен күйлері ұлттық өнерге сусап келген көптің көңілін бір марқайтса, Жанат Шыбықбай, Талғат Мұсабаев, Сүндет Байғожин сынды еліміздің опера әншілері мен Түркіменстан¬ның халық әртісі Атагелды Гарягдыевтың орындауындағы классикалық туындылар өнер әлемінде ешқандай шекара болмайтынын  тағы бір мәрте паш етті.
Бұл күні сондай-ақ, Айгүл Ниязова, Ғалия Байғазинова, Салтанат Ахметова мен Түркіменстанның халық әртісі Гулнар Нурыеваның орын¬дауларындағы Джузеп¬пе Вердидің “Травиата” операсынан “Дастархан басындағы шырқау”, Түркіменстанның еңбек сіңір¬ген қайраткері Қияс Дурдыевтың орындауындағы түркі¬меннің халық әні “Джан-Джан”, мемлекеттік “Солистер академиясы” камералық оркестрі орындаған Нуры Халмамедовтың “Айна әні”, Талғат Мұса¬баевтың орын¬дауындағы Естайдың “Құсни-Қорлан”, “Ұлытау” тобының орындауындағы Антонио Вивальдидің “Жыл мезгілдері” туындылары мен гала-концерттің шымыл¬дығын жапқан Жанат Шыбықбайдың орындауындағы Ескендір Хасанғалиевтің “Атамекен” әніне өнерді шын бағалар жұртшылық айрықша ризашылықтарын білдірді. 
Бір көз жеткізгеніміз, Қазақстан мәдениетінің Түркіменстандағы күндері тарихи тамыры бір меймандос халықтар байланысын болашақта  бұдан да жақсара тү¬суге мүмкіндік мол екенін тағы бір айғақтап берді. Ол ең бастысы, екі халықтың жан-дүниесін, болмысын, мә¬дени¬етін, рухын жақындастыруға сеп болған оқиға ретінде есте қалды.

 


Ләйла ЕДІЛҚЫЗЫ.
«Егемен Қазақстан» газеті 13 маусым 2009 жыл

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1491
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3259
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5572