Жексенбі, 24 Қараша 2024
Жаңалықтар 2504 0 пікір 17 Маусым, 2009 сағат 05:22

Қаншайым БАЙДӘУЛЕТОВА. Жаңа қойылымдағы жаңалық лебі

М.Әуезов атындағы академиялық драма театрында Әзірбайжан классигі Үзейір Ғаджыбековтың «Аршын мал алан» атты екі бөлімді мюзиклы жұртшылық назарына ұсынылды.
Автор өз шығармасын 1910 жылы Бакуде бастап, 1913 жылы Санкт-Петербургте тұрған уақытында аяқтаған екен. Кейінірек 86 тілге аударылған туындыға фильм де түсіріліп, әлемнің 136 еліне таратылыпты. Әзірбайжан халқының осы әйгілі опереттасын «Кездеме сататын малшы» деп аударып, қазақша сөйлеткен көрнекті жазушы Қалтай Мұхаметжанов болатын. Сондықтан мюзикл режиссері Қазақстанның халық артисі, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, профессор Тұңғышбай әл-Таразидің айтуынша, қойылым қазақ көрермендеріне бұрыннан жақсы таныс. Өйткені спектакльді осыған дейін 1950-1970 жылдары Қарағанды, Семей, Жетісай театрлары өз репертуарына қосқан. Ал оны алғаш рет кәсіби тұрғыда сахналап, көпшілікке тарту етіп отырған - танымал тұлға, тамаша актер, білікті режиссер Тұңғышбай әл-Тарази. Өнер иесі спектакльдің тұсауы кесілетін салтанатты сәтті ұзақ уақыт армандаған көрінеді. Театр басшылығы «Аршын мал аланды» арнайы бекітіп, келісім бергенше 5-6 жылдан астам уақыт әр сюжетті іштей пісіріп, үздіксіз дайындықта жүріпті.

Нәтижесі біз күткендегіден асып түсті. Бұған дейін тарихи туындыларды тұқыртып жүрген режиссердің өзі де «соңғы кезде әкемтеатрдың драматургиясы әлсіреп кетті. Қойылымдардың идеясы отбасы, ошақ қасынан, одан қалса, көнерген естеліктерден аса алмай қалды» деген әңгімелерді жоққа шығаруға тырысқанын жасырмайды.
- Бұл - Әуезов театры үшін таңсық дүние. Бұрын-соңды актерлер басты рөлді сомдап, ән айтып, би билеген емес. Мұнда бірнеше жанр жан-жақты қамтылды. Әртістеріміз көп ізденіп, жаңашылдықтан қалмауға тырысты. Біз ол үшін екі жарым ай дайындалдық. Бұрын «Аршын мал аланның» фильмін көрген едім. Ондағы әртістер кезінде сталиндік сыйлықты иеленген. Біздің театрдың әртістері де өз мүмкіндіктерін байқатсын деп, әрі әкемтеатрда жақсы бір мереке болсын деген оймен осы туындыны таңдап алдым. Мені тағы бір қызықтырғаны - қойылым қазаққа бір- табан жақын. Сүттей ұйыған салт-санасы, әдет-ғұрпы, шығыстық мәдениет, адамдардың қарым-қатынасы біздің менталитетімізге өте ұқсас. Әндері де шығыстық нақышпен айтылады. Оның үстіне, қазір біздің ұжымымызға өте талантты жастар келді. Солардың қабілет-қарымын көрсетуді де мақсат тұттым, - дейді Қазақстан Республикасының халық артисі, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты Тұңғышбай әл-Тарази.

Оқиға желісіне тоқтала кетсек, жас көпес Әскер қалыңдық іздеп жүріп, айдай сұлу ару Гүлчахраға ғашық болады. Алайда оң жақта отырған бойжеткенмен тілдесу үшін, қыз әкесінің үйіне баса-көктеп баруға батылы жетпейді. Ақыры тығырықтан шығар жол тауып, кездеме сатып Гүлчахраның үйіне бет алады. Әрі қарай өрбіген шым-шытырық оқиға әнмен астасып, бимен көмкерілген. Айта кетерлігі, басты рөлдердегі әртістердің биі ешкімнен де кем емес. Балетмейстердің аз тер төкпегені көрініп тұр. Сондай-ақ мың құбылып, көңіліңді көтеретін музыка да кәсіби тұрғыда дұрыс таңдалған. Кейіпкерлердің асқан шеберлікпен тігілген әзірбайжанның ұлттық киімі мен сахнаның безендірілуі де мұқият сүзгіден өткені байқалады. Әскер - Ерлан Біләлов пен Гүлчахра - Дәрия Жүсіптің, Әскердің әпкесі - Ғазиза Әбдінәбиева мен қыз әкесі Сұлтанбек - Төлеубек Аралбаевтың, үй қызметшісі Телли - Шынар Асқарова, Ася - Данагүл Темірсұлтанова, Сүлеймен - Жандарбек Садырбаевтың образдары лайықты таңдалған. Бір сөзбен айтқанда, режиссер көздеген мақсатына қол жеткізіп, театр тынысына жаңа леп, өзгеше жаңалық әкеле алған.
Ғазиза Әбдінәбиева:

- Басқа қойылымдардағы рөлдеріме қарағанда, осы жолы жаңаша ізденуге тура келді. Өйткені әртістердің басым бөлігі сайдың тасындай жігіттер мен сылаң қаққан қыздар. Біз де солардан қалыспайық деп, жастардың екпініне ілесейік деп, барымызды салуға тырыстық. Өйткені басқа туындылармен салыстырғанда, мұнда би көп, ән көп, жүгіріс көп. Осы жолы біз де, жастар да үлкен мектептен өттік десек болады. Себебі мұндай мюзикл театр сахнасында бірінші рет қойылып отыр.

Дария Жүсіп:

- Спектакль барысында мен төрт ария айтамын. Бұдан бөлек, дуэтпен және триомен ән саламын. Біз театрда үнемі билеп жүргенімізбен, бірақ ән шырқап көрген емеспін. Сондықтан алғаш рет сахнада ария орындамақпын. Жоғары ноталар көп кездесті. Дегенмен Құрманғазы атындағы ұлттық консерваторияның вокал бөлімінде алған білімімнің пайдасы осы спектакльде тиді десем болады. Мен мүмкіндігімше, өз рөлімнің көтерген жүгін басқа арнаға бұрмай, қаз-қалпында беруге ұмтылдым.

Қаншайым БАЙДӘУЛЕТОВА

«Айқын» газеті 16 маусым 2009 жыл

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1491
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3259
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5570