Сенбі, 23 Қараша 2024
46 - сөз 3575 2 пікір 22 Сәуір, 2019 сағат 14:07

Жастардың дұрыс жолды таңдауына біз жауаптымыз

Мен 1996 жылы 17 жасымда физмат мектебін бітірген соң, жоғарғы математикадан Орта Азия, Ресей олимпиадасына қатыстым. Ол кезде менің орыс тілім нашарлау еді. ТМД елінен келген балалар мұны бетіме басып, мені әбден мазақ қылды. Әйтеуір бұрын ауылда өсіп, далада ер жетіп, күреспен айналысқандығымның осы кезде маған пайдасы тиді. Сонда олардың мұғалімдері де: "Әй, сендер, жарыста жеңе алмайсыңдар!" - деп еді. "сендерге қайдағы жеңіс?" - деп те айтып қалды. Шыны керек, мен намыстанып кеттім. Менің жетекшім де күрестен чемпион, өзі батыр ағай еді. "Ал енді Азамат, бауырым, намысты қолдан бермеу керек", - деді. Осы намыс мені қайрады, бойыма күш берді.

Содан күндіз-түні ұйқы жоқ. Бар күшімізді салып дайындалдық. Олимпиада бір аптаға дейін жалғасты. Соңында абырой болып мен бірінші орынды иелендім. Сол кезде мені мазақ қылғандардың түрін көрсеңіздер ғой. Енді сыртымнан: "Бұл физмат мектебінің баласы екен", - деп айта бастады. Қазақтілді физмат мектебінде бірге оқыған 3 досым Канадада өткен математикадан xалықаралық олимпиаданың жүлдегерлері болып оралды. Сол достарым кейіннен жүздеген қазақ балаларын дайындап жеңімпаз қылды.

Қазір мықты жастар көп. Олар бизнесте, ғылымда - әр салада жүр. Ұлт тағдырын ойлау үшін алдымен сол бауырларымызды алға тартуымыз керек. "Бұлақ көрсең, көзін аш" демекші, олардың қабілеттерін дамыту арқылы биік шыңдарды бағындырып, елімізді шартарапқа паш етуіне үлес қосуымыз қажет. Бүгінде де олардың саны жүздеген, тіпті мыңдаған. Басқа ұлттарға білім мен қабілет жағынан бой бермейді. Қай жағынан алсаңыздар да, оқ бойы озық тұратын жастардың қарасы көп. Ал олардың дұрыс жолды таңдауына тікелей біз жауаптымыз.

Азаматхан Әміртайдың facebook парақшасынан

Abai.kz

2 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1466
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3241
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5385