«ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясы «Ақтаунефтесервис» ЖШС-мен жарғылық капиталының 100% қатысу үлесін сатып алу жөнінде мәміле жасады
2011 жылдың 10 маусымында Алматы қаласында «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ (бұдан әрі - ҚМГ ҰК) «Ақтаунефтесервис» ЖШС (бұдан әрі - АНС) жарғылық капиталының 100% қатысу үлесін сатып алу жөнінде мәміле жасады.
АНС «Маңғыстаумұнайгаз» АҚ-ында мұнай-сервистік қызметтер көрсетумен (90% астам қызмет) айналысады.
АНС-ті сатып алушы - ҚМГ ҰК 100% еншілес ұйымы Cooperative KMG PKI UA (ММГ-нің 50 пайызын иемденуші). АНС-ті сатып алу бағасы 334 млн. АҚШ долларын құрады.
Жобаны жүзеге асыру АНС-тің қызмет көрсету сапасын арттыруға мүмкіндік жасаумен бірге ҚМГ компаниялары тобына синергетикалық нәтиже береді. Сонымен қатар АНС-тің иелері - жеке инвесторларды «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ-на ауыстыру АНС-тің өз тобында, сондай-ақ осы аймақта әлеуметтік тұрақтылықты нығайтуға мүмкіндік жасайды
Анықтама:
АНС холдинг түріндегі 100% мынандай үлестерді иемденуші болып табылады:
«Oil Service Company» ЖШС - ұңғыларды бұрғылау, ұңғыларды күрделі әрі жерасты жөндеу, мұнай өндірудің технологиялық процестерін химияландыру т.б. жұмыстармен айналысады (3300 адам);
«Oil Construction Company» ЖШС - СМР, өнеркәсіп нысандарын салу, электр беру желісі, жол және бұрғылау жабдықтарын қайта құрастыру (2100 адам);

«Oil Transport Corporation» ЖШС - ММГ кен орындарындағы технологиялық көлік, жүк және қызметкерлерді тасымалдау (2600 адам);
«Маңғыстауэнергомұнай» ЖШС - ММГ пайдалану және электр жабдықтарына қызмет көрсету (700 адам);
«Мұнайтелеком» ЖШС - ММГ кен орындарындағы телекоммуникация 700 адам);