Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 1980 0 пікір 15 Маусым, 2011 сағат 04:50

Астанада Қазақстан Даму банкінің төрағалығымен Шанхай ынтымақтастық ұйымының Банкаралық бірлестігі Кеңесінің VII отырысы өтті

Басқосуда Премьер-Министрдің орынбасары - Индустрия және жаңа технологиялар министрі Әсет Исекешев сөз сөйледі.

Маусымның 14-інде  Астанада Қазақстан Даму банкінің төрағалығымен Шанхай ынтымақтастық ұйымының Банкаралық бірлестігі Кеңесінің VII отырысы өтті (ШЫҰ ББК).

Кездесу барысында «Шанхай ынтымақтастығы ұйымы бақылаушы-мемлекеттерінің қаржы институттарымен ынтымақтастығы және ШЫҰ Банкаралық Бірлестігі бақылаушы-банкінің мәртебесі жайлы Ережеге» өзгерістер енгізу туралы Хаттамаға қол қойылды.
Бұған қоса, жиында келесі кезеңге (2011 жылдың 26 қазаны мен 2012 жылдың 25 қазаны аралығында) ШЫҰ Банкаралық бірлестігінің Төрағасы сайланды. ШЫҰ Банкаралық бірлестігінің кезекті Төрағасы Қытайдың Мемлекеттік даму банкі Директорлар кеңесінің Төрағасы Чэнь Юань болмақ.
Жиналысты өткізген Шанхай ынтымақтастығы ұйымы Банкаралық Бірлестігі Кеңесінің Төрағасы - ҚДБ Басқарма Төрағасы Нұрлан Құсайынов. Құрметті қонақ ретінде жиынға қатысқан - Еуразия даму банкінің Басқарма Төрағасы И. Финогенов, ШЫҰ ББК мен Еуразиялық даму банкінің арасындағы ынтымақтастық туралы баяндама жасады.

Жиналысқа Внешэкономбанк (Ресей Федерациясы) Төрағасы В. Дмитриев, РСК Банкінің (Қырғыз Республикасы) Бас директоры Р. Акматбеков қатысты. Тәжікстанның «Амонатбонк» Мемлекеттік жинақ банкінің атынан Басқарма Төрағасы Г.Хасанова өкілдік етсе, Қытай мемлекеттік даму банкінің атынан вице-президент Гао Цзянь, Өзбекстанның Ұлттық Банкінен Басқарма Төрағасының орынбасары А. Ахмеджанов өкілдік етті.

ҚазАқпарат

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1490
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3257
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5543