Жексенбі, 24 Қараша 2024
Жаңалықтар 2168 0 пікір 16 Маусым, 2011 сағат 06:27

Түркімен билігі Бегдесіновтің дүние-мүлкін тәркілемекші

Ашғабат соты Түркіменстандағы қазақ белсендісі Бисенғұл Бегдесіновтің кассациялық шағымын қанағаттандырмау туралы шешім шығарды. Ол тоғыз жылға шартты түрде жазаға кесілген болып шықты.

Ашғабат соты Түркіменстандағы қазақ белсендісі Бисенғұл Бегдесіновтің кассациялық шағымын қанағаттандырмау туралы шешім шығарды. Ол тоғыз жылға шартты түрде жазаға кесілген болып шықты.

Сейсенбі, маусымның 14-і күні Ашғабат қалалық соты, Бисенғұл Бегдесіновтің кассациялық шағымын қарап, оны қанағаттандырмай тастады.  Бұл туралы Азаттыққа осы күні Бегдесеновтің өзі айтты.

ТӘРКІЛЕУ

Оның сөзінше, істің негізсіз екендігін дәлелдемек болған өзін, оны жақтап келген Түркіменстан қазақтарының уәжін судья «тіпті елемеген». 

- «Жапа шекті» деп есептелген 20 қазақ азаматы келіп, барлығы өздерінің алданып қалғандарын айтты. Арыздарға полицейлер алдап қол қойдырғандығын, маған қатысты ешқандай шағымының жоқтығын айтты. Бірақ оларды да, мені де тыңдаған ешкім болмады. Енді бүгінгі шешімнің негізінде бір аптаның ішінде «үкіметке пәленше зиян әкелдің» деп, үйдің барлық заттарын алып кетеді, - деді телефонмен маусымның 14-і күні сұқбат берген Бисенғұл Бегдесінов.

Бір адамға бір кесе, бір төсек қалдырады да, қалғанын алып кетеді. Енді не істерімізді білмей отырмыз.

Ол Түркіменстандағы «тәркілеу порцесінің ерекшелігі» туралы да айтты.

- Бір адамға бір кесе, бір төсек қалдырады да, қалғанын алып кетеді. Енді не істерімізді білмей отырмыз, - деді ол.

Әзірге ол жекешелендіруге көмектескен 8 үйдің құнын қайтаруы тиіс. Ол шамамен 300 мың АҚШ доллары.

- Түркіменстандағы режимді біле тұра бұл 8 үйдің құны да бірнеше есе өсуі мүмкін, - дейді Бисенғұл Бегдесінов. 

«ҚҰРЫЛТАЙ ҮНСІЗ ҚАЛДЫ»

Бегдесіновтың сөзінше, өзіне қатысты қылмыстық іс жергілікті қазақтардың шағымдары негізінде қозғалған. Алайда шағым жазғандар өздерінің «алданып қалғандығын» айтқан екен.

- Менің жаныма бататыны - өз қазақтарымның арыз жазып бергендігі. Бірақ оларды да түсінуге болады. Олардың ешқайсысы бұрын-соңды полициямен, құқық қорғау органдарымен байланысып көрмеген. Сондықтан полицейлердің қол қой деген жеріне қол қоя салған. Кейін барып ол құжаттың маған қарсы екендігін білген. Бірақ болар іс болды, оны кері қайтара алмайсың, - дейді Бисенғұл Бегдесінов.

Сұқбаттасымыздың сөзінше, осы күнге дейін Қазақстанның ресми билігі ешқандай қолдау білдіріп, ісіне араласпаған. Тіпті Дүниежүзі қазақтары қауымдастығы да үнсіз қалған.

- Мен Азаттықтан тыңдадым, осы жердегі елшіміз «мені танымаймын» деді. Осы күнге дейін осы жердегі елші бір қазаққа көмектесті дегенді естімедім, сондықтан оларға үміт те артпаймын. Не болса да Қазақстан жағынан болар деп отырмын. Бірақ қайдам... әлі күнге дейін ешкімнен қолдау көрген жоқпын, - дейді ол.

ДЕПУТАТТЫҚ САУАЛ

Айта кету керек, Бегдесіновтің ісіне қатысты мамырдың 26-сы күні мәжіліс депутаты Жарасбай Сүлейменов Қазақстанның сыртқы істер министрі Ержан Қазыхановқа депутаттық сауал жолдаған еді.

Депутат сол күні басталған Дүниежүзі қазақтарының IV құрылтайына делегат ретінде қатысуы тиіс Түркіменстандағы қазақ диаспорасының жетекшісі Бисенғұл Бегдесіновтің келмегендігіндігін атап өтті.

Мәселенің мән-жайын қысқаша баяндаған депутат Сүлейменов министрлік жетекшісіне «осы жағдайға араласып, шетте қысым көріп, қудаланып жатқан Бисенғұл Оңайұлына араша түсуіңізді, оны және отбасының тезірек елге оралуына көмектесуіңізді сұраймын» деді.
Бірақ содан бері бұл депутаттық сауалға жауап болған жоқ.

РЕСМИ ЖАУАП

Азаттық тілшісі сыртқы істер министрлігіне хабарласып, бұл іске қатысты түсініктеме алған еді. Ондағылар «Бегдесіновтің жағдайынан хабардар» екендіктерін айтты.

- Алайда отандық дипломатияның бұл іске тікелей араласуы - халықаралық заңнамаға қайшы болар еді. Себебі Бегдесінов қандасымыз болғанымен, құқықтық тұрғыдан басқа мемлекеттің азаматы болып табылады. Түркімен билігінің айтуынша, оған тағылған айыптар «қазақ болғанына емес, тек экономикалық қатынастарға» байланысты болып тұр, - деді маусымның 14-і күні министрліктің баспасөз қызметі.

Түркіменстандағы қазақ белсендісінің ұлы Әмір Бегдесінов Азаттық радиосының тілшісіне әкесінің тоғыз жылға шартты түрде бас бостандығынан айрылғанын мәлімдеді.

- Мен сот үкімін өз көзіммен көрдім. Тоғыз жылға шартты түрде жазаға кесілген. Оның бес жылы - сынақ мерзімі, - деді Әмір Бегдесінов.

Бисенғұл Бегдесінов сәуірдің 11-і күні қамауға алынып, мамырдың 13-інде сот залынан шартты түрде жазаға кесіліп босап шыққан еді. Оған шетелге шығатын азаматтарға (негізінен жергілікті қазақтарға) құжат рәсімдеу үшін жалған кепілдік жасаумен айналысты деген желеумен «алаяқтық жасады» және «пара беруге болысты» деген айып тағылған.

Human Rights Watch халықаралық ұйымы сәуірдің 26-сында арнайы мәлімдеме таратып, Бисенғұл Бегдесіновті саяси себептерге байланысты соңғы уақытта қамауға алынған түркіменстандық белсенді азаматтардың бірі ретінде атап өтті.

http://www.azattyq.org/content/turkmenistan_court_orders_to_confiscate_begdesenov/24234927.html

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1490
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3257
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5555