Жексенбі, 24 Қараша 2024
Жаңалықтар 2569 0 пікір 17 Маусым, 2011 сағат 06:50

Испания Корольдігі және ҚР арасында қылмыстық істер бойынша өзара құқықтық көмек көрсету Конвенцияға қол қойылды

АСТАНА. 17 маусым. ҚазАқпарат - Бүгін Астана қаласында Испания Корольдігі Үкіметінің Төрағасы Х.Л.Родригес Сапатероның біздің еліміздегі ресми сапары аясында Испания Корольдігі және Қазақстан Республикасы арасында Қылмыстық істер бойынша өзара құқықтық көмек көрсету туралы конвенцияға қол қойылды. Келісімге Қазақстан жағынан Бас Прокурор Асхат Дауылбаев, ал испандық тараптан Қазақстандағы Испания Корольдігінің Елшісі Альберто Антон Кортес қол қойды.

"Қылмыстық істер бойынша құқықтық көмек көрсету жөніндегі осы екіжақты келісімнің жасалуы айтулы оқиға әрі қазақстандық-испандық құқықтық ынтымақтастықты кеңейтудегі және қылмыспен күресуде күш біріктірудегі ілгерілеушілік екені сөзсіз", - деп хабарлайды ҚР Бас прокуратурасының баспасөз қызметі.

Келісім қазақстандық және испандық уәкілетті органдарға ақпарат беру, қылмыстық тергеу жүргізу кезінде көмек көрсету, тергеу амалдарын бірлесіп жүргізу, қылмыстық жолмен алынған пайданы іздестіру, тәркілеу және т.б. көптеген өзара процессуалдық іс-шаралар топтамасын қарастыратын белсенді құқықтық көмек көрсетуге мүмкіндік жасайды.

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1490
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3257
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5552