Сенбі, 23 Қараша 2024
46 - сөз 4134 4 пікір 17 Мамыр, 2019 сағат 14:50

Ғалымдар денеден ажыратылған миды 4 сағат тірі ұстап тұрды

Иел Университетінің ғалымдары денеден ажыратылған миды 4 сағат тірі ұстап тұрды.

Әдетте жасушаларға өмір сүру үшін қан, оттегі, қанттар және басқа қажетті азықтықтар керек. Егер осы қажетті азықтарды қолдан жасанды түрде беріп тұрса жасушалар өмір сүре ала  ма? Бұл сұраққа ғалымдар баяғыдан ақ жауап іздеген. Кеше ғана шыққан әйгілі NATURE журналында жарияланған мына мақала әлемді таң қалдырды.

Әдетте ми денеден ажыратылғанда өте қысқа уақыт ішінде жасушалар өле бастайды. Иел университетінің нейрология ғалымдары қолдан жасушаны азықтандыратын (оттегі, қан, қанттар т.б. азықтықтар) сұйықтық жасап, оның ішінде шошқа миын өлтірмей 4 сағатқа дейін сақтаған. Бұл технологияны BrainEx деп атаған . Бұл қазірге дейін ғылымдағы үлкен жетістік деп бағаланып отыр. Ғалымдардың мақсаты бұл технологияны болашақта адамға қолдану немесе адам миын тірідей сақтап қойып, қажет кезде пайдалану мүмкіндігін қарастыруда.

Кейін осы беті дами берсе, біреудің басын, біреудің аяғын, біреудің өкпе-жүрегін,тағы біреудің бүйрегін салып қолдан адам құрастырады ау осылар.

Айтпақшы Американдық ғалымдар бұл тәжірибе үшін әдейі шошқа өлтірмеген. Тек, "соғымға, гамургерге сойылған шошқалардың бастарын пайдаландық' дейді.

Жексен Тоқтарбайдың facebook парақшасынан

Abai.kz

4 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1482
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3253
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5475