Күнсұлу Айтешова, мұнайшы. Ақша қуып арзандама. Азаматтарға айтарым – осы
Өлмейтін жан жоқ, ана дүниеге де барарсыңдар. Ата-бабаларыңның рухтары алдарыңнан шығып: «Ел үшін, Жер үшін, Намыс үшін не істедіңдер?» - деп сұрар. Сонда, он екі мүшелерің мен Ар сатып жинаған мал-мүліктерің, азаматтарды сыртынан өсектеп, арыңды сатып жеткен байлық пен мансаптарың, қараусыз қатын-балдарың өздеріңнің қылықтарыңа куә болар. Сол кезде көздеріңнен сора, миларыңнан ірің ағып, Алла мен аруақтардың алдында - тіріде көрген жалған рахаттың өліде азабын тартарсыңдар. Әрине, бұл сөзімді жүректеріңе ауыр аласыңдар, Адал жүріп, ақ сөйлейтін Азаматты, мен кінәлағанмен, Алла ақтайды ғой. Әрқайсысың өз әрекеттеріңе және Ар-Намыстарыңа Алланың алдында тұрғандай үңіліп көріңдерші. Адалмын деп тапсаңдар, Халықтың, Ұлтыңның, қатын-баланың қамын ойлаған Ер болсаңдар, Құдай алдарыңнан жарылқасын.
Өлмейтін жан жоқ, ана дүниеге де барарсыңдар. Ата-бабаларыңның рухтары алдарыңнан шығып: «Ел үшін, Жер үшін, Намыс үшін не істедіңдер?» - деп сұрар. Сонда, он екі мүшелерің мен Ар сатып жинаған мал-мүліктерің, азаматтарды сыртынан өсектеп, арыңды сатып жеткен байлық пен мансаптарың, қараусыз қатын-балдарың өздеріңнің қылықтарыңа куә болар. Сол кезде көздеріңнен сора, миларыңнан ірің ағып, Алла мен аруақтардың алдында - тіріде көрген жалған рахаттың өліде азабын тартарсыңдар. Әрине, бұл сөзімді жүректеріңе ауыр аласыңдар, Адал жүріп, ақ сөйлейтін Азаматты, мен кінәлағанмен, Алла ақтайды ғой. Әрқайсысың өз әрекеттеріңе және Ар-Намыстарыңа Алланың алдында тұрғандай үңіліп көріңдерші. Адалмын деп тапсаңдар, Халықтың, Ұлтыңның, қатын-баланың қамын ойлаған Ер болсаңдар, Құдай алдарыңнан жарылқасын.
Мысалы, «Азаматпын» деп, «Еркекпін» деп ежірейгенмен, айтатын өсектерің, көре алмайтын күндестіктерің, ақшаға табынған ұсақтықтарың, жауды көргенде жағымпаздана қалатын жалдаптықтарың, Ата-бабаның аруағы мен ата-қоныс Маңғыстау төрінде жатқан қайран Батыр шалдардың ұрпағымын-ау деп бір сәт ойланбайтынтындықтарың, көрінгенді төріңе шығарып дос санайтын жәреукеліктерің, айқай әйелге табынып, артынан ерген есірліктерің, дос пен қасты айыра алмайтын көр соқырлықтарың, қалталарына бес тиын ақша түссе - бекіре балықтай құйрықтарыңды бұлғап, жарға соғып азып жүретін мақтаншақтықтарың, бір сәт қиыншылық болса - төбе шаштарың тік тұрып, тілемсектеніп, бейшара бола қалатын мүнәйім кейіптерің, жұмыс, қызмет бабындағы бір-біріңе жасайтын опасыздықтарың, қатыгездіктерің, бәсеке қуып, жалған кісімсінулерің, тірескен жерде тізе бүге қалатын арсыздықтарың мен әлсіздіктерің, жаси қалатын жігерсіздіктерің, өзгенің бетіне қарай алмасаңдар да бір-біріңді (қазақты-қазақ) жамандап алып, қаласа өлтіре салатын қарғыс тиген ниеттерің, білім мен білікті, атақ пен абыройды, байлық пен мансапты, ақша мен мал-мүлікті өзің сияқты тағы бір қазақты мұқату үшін жинайтын ессіздігің, өзге біреу бетіңе қарап күлсе - көмектесейін дегеніне көрсететін даңғойлығың мен дарақылығың, шашпалығың, адал сөз бен шындыққа келгенде шипаңдай қалатын ақкөт торғайлығың, жаудың мақтағанын достығы деп ойлайтын ақылсыздығың, қара жердің бетінде қаракөз Қазақтан басқа жақыныңның жоқ екендігін сезбейтін тасжүректігің, надандығың, Ата-бабаларыңның нақыл сөздері мен өмір тәжірибесіне назар салғың келмейтін менмендігің мен тәкәппарлығың, қарызға алсаң да достың мұңын, жаудың сырын білгің келмейтін дүмбілездігің, өзіңе де сенбейтін, өзгені де күндейтін, өзімсінген жақсының адал сөзінен бит іздейтін, өзегіне қол жүгіртетін, айнала беріп аяғынан шалатын екіжүзділігің, ауырдың астымен, жеңілдің үстімен күн көргің келетін қарақшылығың мен жалқаулығың - ей, Қаракөз Қазақ, сені бір күні орға жығады, ұрпағың жаудың қолында кетеді.
Тфә! Тфә! Айтқан жерден аулақ! Құдай сақтасын! Бұл менің жаман қазақтарға, арсыз қазақтарға айтқан үкімім. Жаман, арсыз - жоғарыда мен атап өткен қасиеттер барлық халықта да бар. Қазақтан асыл халық жоқ. Біздің Ата-бабаларымыз әлемді алақанында ойнатқан кезінде... Біз - Көктүріктерміз! Қазақтан иманды, қазақтан мәдениетті халық болды ма, сірә?! Еліңе келіп етегін жинап, есін жаңа біліп жүріп біреулер Қазаққа күлгісі келеді. Қазаққа күлу - Адам Ата-Хау Анаға күлгенмен бірдей. Себебі, біз, қазақтар, маңғыстаулықтар - жер бетіндегі ең ежелгі халықпыз. Ғылым дәлелдейді, әлі. Бір әулиесі жоқ елдер де елміз деп отыр. 362 Әулие, біз, ежелгі халық болмасақ - қайдан келді. Біз бұдан былай Тарих пен ғылымды өзіміздің ұлдарымыз бен қыздарымызды елге таныстырып бүкіл әлем «ұлы» деп тапқанда ғана мойындаймыз.
Біз өзімізді-өзіміз сынасақ, өзгелерден жоғары мәдениетке ие болу үшін сынаймыз. Менің Халқым - Менің Жүрегім. Жүрегім мен нәпсімді шайтани әрекеттерден тазалап, Алланың пәк пендесіне айналғым келетін қасиет, Ата-бабаларымның тектілігі мен әдет-ғұрпынан, имандылығы мен рухани мәдениетінен қаныма сіңген Киелі - Дәріс. Имандылық пен ибаны, адамгершілік пен Ар-ұятты, мәдениет пен ақиқат ілімін күллі әлемнің менің халқымнан үйренетін уақыты жақын. Сондықтан, азаматтарым, қаракөз қазақтарым, ауыр айтты деп өкпелемей, мақтады деп мардымсымай, өзгеден кем де емес, артық та емес жұмыр жердің пендесі екендіктеріңді, сәт сайын сезініп, қатын-бала қарындастың, қарға тамыр қазақтың, Қазақстан мен қасиетті Маңғыстаудың иесі тек қана сендер екендіктеріңді, жақсысы мен жаманына, зары мен мұңына, бары мен жоғына, ары мен намысына әрбір Азамат, Еркек жауапты екендігін біліп жүріңдер!
Қазақта бір сөз бар, «Жаман еркекті жақсы қатын адам қылады» деген. Айналайын замандастарым, келіндерім, қыз-қырқындарым! Осы сөздің мағынасын ойланып көрдіңдер ме? Екі аяқты пендеден әу басынан да адам болып туылады ғой олар. (Жақсы қатын «Адам» қылған «Еркекті» айтып отырмын.) онсыз да анасынан адам болып туылған бейбақты, жақсы қатын қайтадан қалай адам қылмақшы. Ә, көрдіңіздер ме, міне! Демек, Еркек, Азамат, шын мәнінде адам атын алу үшін, оған қойылатын талаптар бар. Ер Азамат Ерлік қасиетін жоймай, Азаматтық тұғырынан түспей, бірінші Халқының қамын ойлайтындай дәреже мен жағдайда жүру үшін, әлгі, Халық айтып отырған «жақсы қатын» еркегін жүндей түтпей, ерлік рухын жанып, Ерінің Ары мен Намысын пенделік пайдакүнемдік пен ұсақ-түйектен жоғары ұстап, қорғап отыруы керек. Ал біздер ше?.. Ерлеріміз етегі жалпылдап ақша тапса , еріні жалпылдап өзіңмен отырып өсек айтса, бұғып бұтыңның арасында жатса, қазан-табақ, кесе-аяқтың арасында жүгіріп жүрсе, Елдің, Халықтың Ары мен Намысына шабатын жерде кетегіне кіріп кеткен күшіктей басын бағып бұға қалуды білсе - «Нағыз Адам» жасап алдық деп ойлаймыз. Өзімізді өзіміз «еркегінің еркін алған ақылды қатынбыз» деп есептейміз. Айналып келгенде Ол - Ер емес, ерттеулі Есек болып шығады. Сосын ондай «ердің» сөзін де, өзін де қатын-бала тыңдамайды. Түзге шықса жанары жасық, айтатыны өсек, үйге кірсе көңілі пәсік, іздейтіні жаюлы төсек пен тегін ас - өзі арам, күші адал екі аяқты дайын есек кімге тұлға болады? Сондықтан ақылды қатын Ерін - елінің панасы деп ардақтауы керек. Халқыңның қамын ойла деп, әкені - ұлына өнеге қылуы керек. Халқың аман, төрт құбыласы түгел болса, сенің де бала-шағаң бақытты, болашағың баянды болады. Жақсы қатын ерін осылай ардақтап, Ер бала туса, енді әкесінің орнын басып халқына пана болатын болды деп қуанады. Міне, «Жақсы қатынның еркекті Адам қылуы» деп осыны айтады. Ұлын әкенің орнына, қызы өзі сияқты ертең бір Азаматтың Ары мен Намысын қорғап отыратын - Иманына ибасы сай, ана етіп тәрбиелей бастайды. Ал, ондай әйелді әулие демей көр. Сол үшін «Отан - от басынан басталады», «Әйел - отбасының берекеті» - деп, дана халқымыз айтып кеткен.
Айналайын, Азаматтар! Отан, Ел-Жер, қатын-бала, мал-мүлік - бәрін де табатын, қорғайтын сендер. Жау келсе бірінші сендерді мұқатады. Сендердің арларыңды таптайды. Сендердің ата-бабаларыңның сүйектерін шашады. Сендердің апа-қарындастарың мен қыздарыңды келеке қылады. Бірің үшін - біріңмен дос болма. Бірің үшін - біріңнің тілегіңді тілеме. Әрбірің өздерің үшін, бір-біріңмен дос болып, бір-біріңнің тілектеріңді тілеңдер. Жау жағадан, ит етектен алғанда Қазаққа қазақтан басқа дос болмайды. Адайды арандатқан Н.Соколова да кетер ертең Ресейіне немесе түрмесіне, ал сен үріп, жұмыссыз далада қалатыныңды есіңнен шығарма! Сол күні әрбір жұмыстан шығарылған қазақтың орны үңірейіп көрініп тұрады. Сондықтан Қазақтың әр Азаматы Бір Алла, Ел, Бірлік, Еңбек,Халық, Қазақ, Маңғыстау, Пір Бекет деген сөзді естігенде елең ете қалатын болсын. Сонда ғана сен Анаңның Ақ сүтін ақтайсың. Атаңның Арын - арлайсың. Анадан туғандарың рас болса, ақылыма құлақ салыңдар, Азаматтар! Жеп-ішіп, Халықтың ырысын төгіп, өз отандарыңды өздерің жаудай тонап, жаумен бірігіп, досты сатып жиған мал-мүліктерің аз күнгі көрген жалған қызықтарың, ақша қуып арандап азғандарың ұрпақтарыңның көзінен қан болып ағып жүрмесін! Ойланыңыздар, бауырлар ! Әліде кеш емес! Жұмысқа шық! Өзіңе өзің көр қазба!
Жаңаөзен қаласы