"ҚазМұнайГаз" Ұлттық компаниясы" АҚ және Мемлекеттік тілді дамыту Президенттік қорының қолдауымен balbulaq.kz атты балалар сайты ашылды
Қазақстан тәуелсіздігінің 20 жылдығы аясында республиканың ақпараттық кеңістігінде мемлекеттік тілдің пәрменділігін арттыру мақсатында "ҚазМұнайГаз" Ұлттық компаниясы" АҚ-ның қолдауымен Мемлекеттік тілді дамыту Президенттік қорының өтініші бойынша 6-10 жас аралығындағы қазақ балаларына арналған www.balbulaq.kz атты арнайы сайт дүниеге келді. Сайтта бастауыш мектеп балаларына арналған оқу-әдістемелік мақалалар, қазақ халқының ертегі-аңыздары, көркем сурет галлереясы, қазақ антиматорлары жасаған үздік мультфильмдер, мақал-мәтелдер мен жұмбақтар, жаңылтпаштар және т.б жас баланың санасына ұлттық рухтың нәрін себетін түрлі көркем дүниелер жарияланатын болады. Сондай-ақ жасөспірімдердің санасын жетілдіруге арналған түрлі ойындар мен есептер, қазақ халқының қатпар-қатпар тарихынан танымдық мақалалар жарияланады, балалардың жеке шығармашылығы да жарық көретін болады. Мұнай-газ тарихына, саласына қатысты викториналар ұйымдастыру арқылы балалардың осы салаға деген қызығушылығын арттырып, білімдерін тереңдетіп, танымдарын кеңейтуге мүмкіндік жасау көзделуде.

- Бүгінгі интернеттік ақпарат айдынында қазақ баласына, оның тәрбиесіне, оқып-білім алуына арналған арнайы сайттар жоқ. Сондықтан біз осы сайтты ашу жөнінде шешімге келдік. Осындай игі бастамада бізге қолдау көрсеткен «ҚазМұнайГаз» Ұлттық компаниясына айтар алғысымыз шексіз. Балалар - біздің болашағымыз десек, болашақ қамын бүгіннен қамқорлыққа алу қажет. Қолға алынған бұл шара сәтті жалғасын тауып, өз оқырмандарын қуанта алатынына сенімдімін, - дейді «Назар» қазақ журналистері қоғамдық қорының президенті Мирсаид Байтілес.
Бүгінгі таңда заманауи технологиялардың ауылға жетуі және қазақ халқының демографиялық өсуінің арқасында қазақтілді интернет сайттарына сұраныс артып отыр. Тұсауы кесілген www.balbulaq.kz сайты сол сұраныстың кішкене бір бөлшегін қанағаттандыруға өз септігін тигізеді деген ойдамыз.