Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 2372 0 пікір 22 Маусым, 2011 сағат 13:27

ҚР Сыртқы істер министрі Е.Қазыханов АӨСШК атқарушы директоры Ч.Алдемирді қабылдады

АСТАНА. 22 маусым. ҚазАқпарат. Астанада Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрі Ержан Қазыханов АӨСШК атқарушы директоры Чинар Алдемирді қабылдады, деп хабарлайды ҚР Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметі.

Қазақстандық сыртқы саяси ведомство басшысының пікірінше,  АӨСШК бастамасы әлемдік қауымдастықта беделге ие болып, тиісті жалғасын табуда, бұл үдерістің БҰҰ аясындағы Орталық Азиядағы лаңкестікпен күрес, Ауғанстан жөніндегі жұмыс топтарына және ЕҚЫҰ-ның превентивті дипломатия мен шиеленістердің алдын алу жөніндегі жұмыс тобына қосылуы осының дәлелі.

Кеңестің қазіргі төрағасы - Түркия жайлы айтып өткен Е.Қазыханов АӨСШК үдерісіне қатысты ресми Анкараның қолдауына жоғары баға берді.

Ал жақында Түркия Президенті Абдолла Гүл Австриядағы мемлекеттік сапары барысында АӨСШК-дегі қазіргі түрік төрағалығының негізгі жорамалдары мен басымдықтары туралы жасаған тұсаукесері Кеңестің қазіргі көшбасшысының жұмысына айқын мысал бола алады.

Кеңестің қазіргі қызметіне тоқталып өтіп, тараптар Нью-Йоркте күзде өтетін БҰҰ Бас Ассамблеясының кезекті отырысында АӨСШК-тің ресми емес СІМК-ін шақыру жайындағы Түркияның төрағалық аясындағы ұсынысын қарастырып, талқыға салды.

Кездесу барысында қазақстандық сыртқы саяси ведомство басшысы  28-30 маусым аралығында Астанада өтетін ИКҰ СІМК-нің алдағы 38-ші отырысының күн тәртібімен таныстырды. Отырыстың ұраны «Бейбітшілік, Әріптестік және Даму» болма.  Сонымен қатар ИКҰ мүше-мемлекеттері министрлерінің осы Ұйымның қалыптасуы мен дамуы үшін тарихи маңызы бар шешімдерді қабылдауы жоспарланғанын айтып өтті.

Қазіргі таңда АӨСШК-ке азиялық континенттің 24 мемлекеті мүше болып табылады, ал бақылаушы мәртебесіне 8 ел ие.

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1483
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3255
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5502