Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 3878 0 пікір 24 Маусым, 2011 сағат 05:13

Жүлдегерлер - журналисттер

«Мемлекеттік тілді дамыту» Президенттік қоры жыл сайын берілетін «Қазақ тілін насихаттауға қосқан үлесі үшін» журналистік сыйлығының жаңа жүлдегерлерінің есімдерін жария етті. Биылғы сыйлыққа республикалық БАҚ-тың үш өкілі: Ғабит Мүсіреп («Нұр Астана» газетінің Бас редакторы), Максим Рожин («7 телеарнаның» журналисі), Әлия Кенжебаева («Астана» телеарнасының журналисі) ие болды.

Қор директоры Азат Шәуеевтың айтуынша, бұл журналистік марапаттың көздегені Қазақстандағы тілдік жағдайды жан-жақты және шынайы саралап, қазақ тілінің  қоғамдағы орны мен маңыздылығы туралы танымды материалдар әзірлеп жүрген, өз кәсібінде қазақ тілін кеңінен пайдаланатын да, насихаттайтын баспа және электронды БАҚ-тардың өкілдерін ынталандыру.

Бұл сыйлық 2010 жылы журналистердің кәсіби мерекесі қарсаңында тағайындалған болатын. Оның мөлшері елу мың теңге.

Былтырғы алғашқы ақшалай жүлделермен «Ана тілі», «Казахстанская правда» және «Рудный Алтай» газеттерінің журналистері марапатталған болатын.

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1482
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3254
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5485