Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 2471 0 пікір 26 Маусым, 2011 сағат 08:15

Марио Драги еуропалық орталық банкінің басшысы қызметіне бекітілді

БРЮССЕЛЬ. 25 маусым. ҚазАқпарат /Димаш Сыздықов/ - Осы жылдың 23-24 маусым күндері Еуроодаққа мүше 27 елдің мемлекет және үкімет басшылары саммитінің барысында Италия орталық банкінің қазіргі жетекшісі Марио Драги кандидатурасын 2011 жылдың 1 қарашасынан бастап Еуропалық орталық банкінің жаңа президенті қызметіне тағайындау туралы шешім нақты мақұлданды.

Бұл туралы қорытынды баспасөз мәслихаты барысында Еуроодақ Кеңесінің президенті Херман Ван Ромпей мәлім етті.

«Біз барлығымыз Марио Драги мырза банктің алғашқы екі президенті қалыптастырып кеткен дәстүрді жалғастыра отырып ЕОБ басшылығы қызметін ойдағыдай жүзеге асырады дегенге сенімдіміз», - деді Х. Ромпей.

Еуропалық орталық банк 1998 жылы 1 маусымда негізі қаланған. Штаб-пәтері немістің Майндағы Франкфурт қаласында орналасқан. Оның штатына ЕО мүше барлық мемлекеттердің өкілдері кіреді. Банк Еуроодақтың басқа органдарынан толықтай тәуелсіз.

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1475
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3249
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5458