Сенат Төрағасы Қайрат Мәми Астанаға ресми сапармен келген Анкара мэрі Мэлих Гокчекті қабылдады
АСТАНА. 25 маусым. ҚазАқпарат - Бүгін Парламент Сенатының Төрағасы Қайрат Мәми Астанаға ресми сапармен келген Анкара мэрі Мэлих Гокчекті қабылдады,деп хабарлайды ҚР Парламентінің баспасөз қызметі.
Кездесу барысында Қазақстан мен Түркия арасындағы қатынастарды одан әрі нығайту мәселелері талқыланды.
«Түркия Қазақстанның маңызды стратегиялық әріптесі болып табылады, біздің халықтарымызды ортақ мәдени және тарихи тамырластық, тіліміздің туысқандығы байланыстырады», деді Қ.Мәми.
Астана мен Анкара арасындағы бауырлас қалалар ретіндегі қатынастарды атап өте келіп, төраға экономикалық даму, саяси және әлеуметтік жаңғыру саласындағы мемлекет алдында тұрған міндеттерді табысты шешуде Қазақстан елордасы ерекше орын алатынын айтты.
Парламентаралық байланыстарды екіжақты ынтымақтастықтың маңызды бөлігі ретінде атай келіп, төраға биылғы сәуір айында Астанада өткен ТүркПА-ның ІІ Жалпы отырысының нәтижелерін жоғары бағалады.
М.Гокчектің айтуынша, Қазақстан мен Түркия елордалары арасындағы бауырластық байланыстар екіжақты қарым-қатынастарды одан әрі нығайтуға ықпал етеді.