Жұма, 9 Мамыр 2025
3432 0 пікір 3 Маусым, 2019 сағат 11:57

АҚШ виза алу тәртібін қатайтты

АҚШ мемлекеттік департаменті америкалық виза алудың жаңа ережесін шығарды. Бұдан былай өтініш берушілер әлеуметтік желідегі аккаунттары мен соңғы бес жылда қолданған телефондарының нөмірін жазуы тиіс.

Мекеме мұны "террористер мен қауіпті адамдарды анықтау үшін" қажет деп түсіндіреді.

Мемлекеттік департамент өкілі егер өтініш беруші әлеуметтік желі қолданбаймын деп жалған жазса, оның салдары ауыр болатынын ескертеді.

Осыған дейін әлеуметтік желідегі аккаунттар террористік топтар соғысып жүрген аймақтарға барған адамдардан ғана талап етілетін. Бұдан былай дипломаттар мен ресми делегациялардан басқа барлық адамдар жаңа талапты орындауға міндетті.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Әдебиет

Алтын сандық

Бауыржан Омарұлы 1997
Білгенге маржан

Сертіне берік самурай...

Бейсенғазы Ұлықбек 2896