Жұма, 22 Қараша 2024
Аласапыран 7928 5 пікір 10 Маусым, 2019 сағат 15:48

Сайлауда қандай заңсыздықтар әшкере болды?

Кеше елімізде кезектен тыс Президент сайлауы өтті. 7 кандидат қатысқан бұл саяси дода – шын мәнінде бұрынғы сайлаудан өзге еді. Оның себебі – өзін оппозиция санайтын елге белгілі Әміржан Қосановтың сайлауға түсуі. Елде өзгеріс болады деп сенген халықтың біраз бөлігі Әміржан мырзаның кандидатурасын жақтап, тіпті сайлау нәтижесі бұрмаланбауы үшін ерікті түрде бақылаушы болып жатты. Сонымен, олар қандай заңсыздықтарды әшкереледі?

Бұл - әлеуметтік желіде кең таралған видеолардың бірі. Бірнеше бюлетенді қатар алып, кемінде бес адамның атынан дауыс бермек болған бұл заңсыздық  сайлау бақылаушыларының назарына ілікті.

;t=7s

Ал, мынау Қызылорда қаласында болған деседі. Бір мұғалім киімін ауыстырып, екінші рет дауыс беріп жатыр. Жалпы, мұндай жағдайлар сайлау кезінде жиі болады деседі. Ал, осы жолы нақты көзіміз жетіп отыр. Алайда, бұл - мұғалімдер үшін қалыпты тірлік сияқты...

Тағы бір Заңсыздық -  Маңғыстау облысында болған. Өңірдегі 11-шағын ауданның №21 сайлау учаскескесінде  сайлау комиссиясының төрайымы бақылаушыларға сайлау нәтижесі көрсетілген хаттаманы беруден бас тартты. Және, еш себебін айтпастан, есіктен шығып кеткен.

Осыған ұқсас жағдай Алматы қаласындағы №49 сайлау учаскесінде де орын алды. Комиссия төрағасы Бижанов Атығай Бүркітбайұлы бақылаушылардың еркін жұмыс істеуіне кедергі жасап, сайлау аяқталар тұста бақылаушыларға сайлау нәтижесі көрсетілген хаттаманы беруден бас тартты. Сондай-ақ, Бижанов мырза өзінің пенсияға шыққанын және ешкімнен қорықпайтынын алға тартты. Ал, комиссия құрамындағы №62 мектеп мұғалімдері бақылаушыларға тым белсенді болмауды ескертіп, "ешкімнің әкесін сайлап жатқан жоқпыз ғой" деп реніш білдірген.

Ал, мына бейнекөріністе сайлауға келген егде жастағы әйел адамның атынан оған дейін біреу дауыс берген. Бірақ, ол жүйенің қалай жүзеге асқаны әзірге белгісіз.

Түйін.

Біз әлеуметтік желі арқылы таралған сайлаудағы заңсыздықтардың бір бөлігін ғана көрсеттік. Ал, мұндай видеолардың тым көп екенін және дереу өшіріліп жатқанын ескерсек, Орталық сайлау комиссиясы тез арада осы Заңсыздықтарды анықтап, кінәлі адамдарға шара қолдануы тиіс.

Нұрбике Бексұлтанқызы

Abai.kz

5 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1453
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3216
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5257