Әли ОМАР. АРНАУЛЫ ҚЫЗМЕТ «АРЗАНДАП» БАРАДЫ
«Қазатомпромның» экс-басшыларына қарсы қозғалған қылмыстық іс бойынша тергеу жұмыстарын қызу жүргізіп жатқан ҰҚК өткен жексенбі күні Қырғызстандағы ата-анасына баруға жиналған Жәмила Жәкішов. Аны елден шығармай қойды. Осы қарекеттері арқылы арнаулы қызмет орындары ел Конституциясының 2-бөлімі, 21-бабында көрсетілген «Әрбір адам республика шекарасынан шығуға құқылы» деген заң талаптарын өрескел бұзды.
Жәкішева ханымның айтуына қарағанда, туған қызы Әйгеріммен бірге Бішкекте тұратын ата-анасына барып қайтпақ болған екеуін қазақ-қырғыз шекарасында кеден тексеру бекетінің сақшылары сынықтан сылтау тауып көрші мемлекетке өтуге рұқсат етпей қойған. Алғашқыда «ешқайда кетпеу туралы қолхат бердің» деген жалған уәжді көлденең тартқан шекарашылар, бұл әңгімелері қисынсыздау естілді ме, кім білсін, артынан «жеке бас куәлігі мен шетелге шығу төлқұжатың дұрыс емес» деп және бір «жаңалық» ашқан. Десе де, бірнеше уақытқа созылған тексеруден кейін әрең дегенде Әйгерім анасы екеуі сатып алған сыйлықтарын қолтықтап, кеден бекетінен аман-есен өтеді. «Менің қызым Әйгерімді жіберді. Ол Бішкекке кетті. Біреуіміз қалай да сыйлықтарды апарып беруіміз керек қой», - дейді Жәмиля Жәкішева.

Түсіндіре кетейік, жазғы демалысқа шығысымен Жәмила төрт баласын атасы мен апасының үйіне апарып тастаған. Жаңағы сыйлықтар он жасқа толған баласының туған күніне арнайы сатып алыныпты. Өкінішке қарай, арнаулы қызметтің «арам» пиғылының нәтижесінде баласының туған күн мерекесіне анасы жете алмай жолдан қайтты.
«Бұл қысым жасаудың бір түрі. Егер мен кетіп қалсам, күйеуіме кім арқылы қысым жасайды? Сондықтан да ҰҚК мені ешқайда жібермей, кепіл ретінде ұстап отыр. Олардың бұлай етуіне заңдық негіз жоқ», - деп есептейді қамауда отырған «Қазатомпромның» бұрынғы басшысы Мұхтар Жәкішевтің жұбайы.
Осыдан кейін мән-жайды анықтап білу мақсатында Жәкішева ханым өз басында болған жайттарды баяндап, ҰҚК төрағасы Амангелді Шабдарбаевқа шұғыл телеграмма жөнелтеді. Бірақ, жауап жоқ, әзірге құзырлы орынның құрығы ұзын басшысы тым-тырыс жатыр.
Гәптің бәрі куәлікте деген соң, маусымның 15-і күні таң атпай төлқұжат беретін мекемеге барады. Ол жердегі мамандар: «Бұлай болуы мүмкін емес, Сіздің құжаттарыңыздың барлығы дұрыс», - деп түсіндіргенімен, құжаттардың дұрыстығын растайтын анықтама қағаз бермеген.
Жәмиланың сөзіне сенер болсақ, аталған төлқұжаттардың дұрыстығын растайтын мысал - өткен мамыр айында Бішкекке шығу кезінде ешқандай қиындық туғызбаған. Жақында Астанаға да дәл осы құжаттарымен ұшаққа отырып, ұшып барып қайтқан. Ендеше, ҰҚК қарамағына қарайтын шекара күзетшілерінің «құжатыңыз дұрыс емес» дегені құр сылтау ғана.
Бұл пікірді құқық қорғаушы Евгений Жовтис мырза да құптап отыр. Оның білуінше, арнаулы қызметтің адамдары адам құқығы мен бостандығы дейтін қасиетті дүниеге «аяқтарын сүртіп» тастаған.
«Жәмила Жәкішеваны шекарадан не себепті өткізбей қойғандары туралы нақты жауап бере алмағандықтан, бұл жағдайды құқықтық тұрғыдан алғанда адамның еркін жүріп-тұру құқының бұзылуы деп бағалауға болады.
Заң бойынша адамды тек үш жағдайда ғана елден шығармайды: біріншісі, ол адам мемлекеттік құпиялардан хабардар болса; екінші, қылмыстық іс бойынша тергеуде жүрсе және оған қарсы шектеу шарасы белгіленсе; үшіншісі, сотталған болса. Басқа барлық жағдайда адамның елден емін-еркін кетіп және қайтып оралу құқы сақталады», - деп атап өткен құқық қорғаушы, арнаулы қызмет тарапынан жасалған мұндай қадамды халықаралық қауымдастыққа мүше болуға және ЕҚЫҰ-ға төрағалық етуге ұмтылған елдің демократия ауылынан алыстау жатқандығын айғақтайтын дәлел ретінде бағалады.
«ҚАЗАҚСТАН» апталығы, №23 (263), 18-маусым, 2009 ж.