Бірқатар депутаттарға Алмазбек Атамбаевтың 8 маусымда өткен митинг кезінде Жогорку Кеңешті сынға алғаны ұнамаған. Парламенттегі Қырғызстанның Социал демократиялық партиясы (ҚСДП) фракциясының лидері Иса Омуркулов Атамбаев "тып-тыныш үйінде отыру керек еді" десе, спикер Дастан Жумабеков экс-президент алаңға 10 мың адам алып шығып, "Ақ үйдегілердің" бәрін қууға дайын екенін мәлімдеді дейді.
ҚСДП ресми өкілі Кундуз Жолдубаева Facebook парақшасында депутаттардың әрекетін сынға алды. "Халық бүгінгі билікке ашық қарсы тұра алатын жалғыз саясаткер - экс-президентті тұтқындауға мүмкіндік бермейді. Егер билік оқ-дәрі салынған бөшкені жарғысы келсе, көрсін", - деп жазды ол.
16 мамырда ел президенті Сооронбай Жээнбеков экс-президенттерді жауапқа тартуды көздейтін заңға қол қойған. Бұдан былай Қырғызстанның экс-президенттерінде қол сұғылмаушылық құқығы жоқ. Тек ол үшін Жогорку Кеңеш айыптап, Бас прокуратура растау керек.
Атамбаев Қырғызстанды 2011-2017 жылдары басқарды.
Қырғызстанның экс-президенттері мәртебесі тек Роза Отынбаева мен Алмазбек Атамбаевта ғана бар. Асқар Ақаев пен Құрманбек Бакиев революциядан кейін бұл мәртебеден айырылды.
Abai.kz