Жексенбі, 24 Қараша 2024
3231 6 пікір 13 Маусым, 2019 сағат 17:17

Батыс Қазақстан облысына жаңа әкім тағайындалды

Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың жарлығымен Ғали Есқалиев Батыс Қазақстан облысының әкімі болып тағайындалды. Бұл туралы Ақорданың ресми сайты жазды. 

"Ғали Нәжімеденұлы Есқалиев Батыс Қазақстан облысының әкімі болып тағайындалсын", - деп жазылған президенттің жарлығында.

Ғали Есқалиев 1970 жылы туған, білімі жоғары. Батыс Қазақстан аграрлық университетін «экономика», Халықаралық бизнес академиясын «менеджмент» мамандықтары бойынша бітірген.

Әр жылдары "Темірбанк" АҚ Орал филиалының директоры, БҚО кәсіпкерлікті қолдау және дамыту департаментінің директоры, "Қазақстанның даму банкі" АҚ басқарушы директоры, вице-президенті, басқарма төрағасы болып жұмыс істеді.

Астана қаласы әкімдігінің қалалық ортаны регенерациялау басқармасының басшысы қызметін атқарды. Жамбыл және Ақтөбе облыстары әкімінің орынбасары лауазымында болған.

2019 жылдың 18 қаңтарынан бастап Батыс Қазақстан облысы әкімінің бірінші орынбасары қызметін атқарып келді.

Ол енді бүгін ғана Нұр-Сұлтан қаласының әкімі қызметіне тағайындалған Алтай Көлгіновтің орнына Орал өңірін басқарады.

Айта кетейік, Ғали Есқалиевтің әкесі Нәжімеден Есқалиев 1992-1993 жылдары Орал (қазіргі Батыс Қазақстан) облысын басқарған болатын.

Abai.kz

6 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1496
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3267
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5625