Жексенбі, 24 Қараша 2024
Сүйінші! 5719 10 пікір 19 Маусым, 2019 сағат 17:06

Жазушылардың "шығармашылық үйі" шипажайға айналды

Қазақстан Жазушылар одағының шығармашылық үйі өткен ғасырда Ғабит Мүсірепов секілді ұлы жазушылардың бастамасымен салынған екен. Алматы қаласының ең бір әдемі жеріне орын тепкен шығармашылық үйі Кеңес одағы кезінде ақын-жазушылардың жайлы қонысы болған көрінеді. Талай ұлы қаламгерлеріміз осында демалып, талай ұлы шығармалар осында дүниеге келген деседі.

Сол шығармашылық үйі кейін келе жазушылар үшін жат орынға айналды. Меншік иесі Жазушылар одағы болғанымен, пайдасын басқа адамдар көріп жүрді. Әр түрлі адамдар жалға алып, өз кәсіптерін жасады. Биыл сол Шығарма­шылық үйі қайта жасақталып, шипа­жайға айналып отыр. Енді оны осы ұйымға мүше кез келген қаламгер жеңілдетілген тәртіппен пайдалануына болады. Үш уақытқы тамағы мен жоғары сападағы қызметін қатар ұсынып отырған шипажайда қаламгерлер қолжетімді қаржымен қалағанынша демала алады. Сондай-ақ, қарт қаламгерлер үшін де жеңілдіктер қарастырылған екен.

Баян Жанасбаева, «Al-Farabi» емдеу-сауықтыру орталығының директоры:

- Жазушылар одағымен келісе отырып, осы шипажайды аштық. Жұмысымызды бастағанымызға енді екі ай болды. Ал ресми ашылу рәсімі жақында ғана өтті. Шипажайдың ашылуына Одақ басшысы Ұлықбек Есдәулетов, академик Серік Қирабаев, көзі тірі классиктеріміз: Әбдіжәміл Нұрпейісов, Қабдеш Жұмаділов сынды атақты қаламгерлеріміз келіп, батасын беріп кетті. Ол кісілердің бәрі Жазушылар одағында осындай шипажай ашылып жатыр деп қуаныштарын білдірді.

Сонымен, тек қаламгерлер ғана емес, кез-келген адам келіп демалып, ем қабылдай алатын шипажай өз жұмысын бастады. Қазір жетпістен астам адам Шығармашылық үйінен шипажайға айналған орталықта демалып жатыр. Қонақтарымыз Қазақстанның әр түкпірінен келуде. Әсіресе, Ақтау, Атырау сынды батыс аймақтардан арнайы келіп демалушылар көп.

Ал қаламгерлерге 50% жеңілдік жасалады. Жазушылар одағымен келісімге келгенде осылай келістік. Қызмет көрсету мен ас-суы бірдей, бірақ бағада елу пайыз жеңілдік бар.

Шипажаймызда 45 номер бар. Мөлшермен бір жолда 90 адамды қабылдай аламыз. Демалушыларды төрт мезгіл тамақпен, түрлі емдеу шараларымен қамтамасыз етеміз. Сонымен қатар, теннис, волойбол, баскетобол, шахмат, дойбы және бильярд ойнауға болады. Таза ауа мен тыныш табиғатының өзі демалушылар үшін үлкен мүмкіндік болып отыр.

Естуімше, бұрын бұл орталықтың жері қазіргіден үлкен болған екен. Өкінішке орай, кейін жартысы сатылып кеткен көрінеді. Абыз ақсақалымыз Әбідіжәміл Нұрпейісовтың өзі осыған күйініш білдіріп отыр. Шипажайдың ашылу рәсіміне келгенде сол жерлерді қайтарып алу керек екенін қадап айтып кетті ол кісі. Ақсақалдың айтуынша, аулада өсіп тұрған қос байтеректі Ғабит Мүсірепов өз қолымен еккен екен.

Картинки по запросу Несіп Жүнісбаев

Несіп Жүнісбай, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі, жазушы, журналист

- Шығармашылық үйі - орналасқан жері тамаша, қаланың шуынан қашық, аумағы жасыл желекке оранған нағыз шығармашылықпен айналысуға лайық орын. Оны жақсылап жөндеп, қаламгерлердің шығарма жазатын Меккесіне айналдыруға болатынын, міне, көріп отырмыз.

Жақында 15 күн демалып қайттым. Жағдайлары жақсы екен. Үш уақыттық тамағы дайын, медециналық қызмет түрлерімен толық қамтылған. Әрі демалып, әрі емделіп, әрі шығарма жазып қайтуға болады. Маған ұнады. Өзіме салса, жыл он екі ай жатуға да қарсы болмас едім.

Бұл жерге осыдан отыз жыл бұрын, Жазушылар одағының шығармашылық үйі болып тұрған кезде де келіп демалып едім. Бір шығармамды осында жаздым. Асқар Сүлейменов сынды үлкен жазушымен бірге жаттым. Тіпті, Асқар ағамен бильярд ойнап, 25 рубль ұтып алғаным бар. Ол кісінің өзі «Несіптен бильярдтан ұтылғаным үшін» деп, жазып берді ол ақшаға. Бұл шығармашылық үйін осындай ұлы тұлғаларымыздың әдемі естеліктері қалған жер деп білемін.

Бұндай жерде үлкен жазушылармен бірге жатудың жас қаламгерлерге пайдасы мол. Олар үлкендерден көп дүниені үйренер еді. Сол үшін бүкіл қазақ қаламгерлерін осы Шығармашылық-шипажай үйінде жатып шығарма жазуға шақырамын. Өзіміздің шығармашылық ордамызға өзіміз қолдау білдірмей қаңыратып бос қойғанымыз жарамайды. «Біреуге беріп қойды», «сатылып кетті» деп әр жерде бос сөз айтып, бітпейтін дауды қуғанша, сол шығармашылық үйімізге барып демалып, емделіп, шығарма жазып қайтуға міндеттіміз.

Сөз соңында қазақтың ұлы жазушыларының ізі қалған көне шипажайда демалғысы келген көпшілікке мына мәліметтерді ұсынамыз.

Шипажайда бір тәулік тынығып, ем қабылдаудың құны 15 мың теңге (қаламгерлерге 50% жеңілдік).

Адрес: Алматы қаласы, Медеу ауданы, Тайманов көшесі 222а;

Байланыс номерлері: +7 701 887 1595, +7 777 470 1919, +7 727 386 7783

Қуаныш Қаппас

Abai.kz

10 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1494
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3265
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5598