Жексенбі, 24 Қараша 2024
4398 0 пікір 26 Маусым, 2019 сағат 12:23

Сингапурлық сарапшы - Қызылорда облысы әкімінің кеңесшісі

Сингапурлық сарапшы Баскаран Наир Қызылорда облысының әкімі Қырымбек Көшербаевтың штаттан тыс кеңесшісі болып тағайындалды.

Баскаран Наир қазіргі уақытта Назарбаев Университетінің мемлекеттік саясат Жоғары мектебінің шақырылған профессоры болып жұмыс істейді. Ол – Сингапур ұлттық университетінің Ли Куан Ю мемлекеттік саясат мектебінің профессоры.

Коммуникация саласының сарапшысы Сингапурдың түрлі секторларында осы салада 30 жылдан астам қызмет атқарған.

Баскаран Наир акциялар бойынша серіктес және коммуникация бойынша халықаралық Нью-Йорк компаниясының бас директоры болған. Компанияда бастапқы жария (IPO) және ірі мәмілелерді іске асыру, акционерлермен қарым-қатынас, инвесторлармен өзара байланыс (M&A) бағдарламаларына басшылық жасады.
Сондай-ақ, Сингапур үкіметінің ұлттық әлеуметтік науқандарын басқарды.

Баскаран Наир: "Сингапурдағы қоғаммен байланыс жөніндегі оқулық" (1986); жаңа медиа бойынша "Басты көшеден кибер-көшеге дейін: коммуникация тәжірибесіндегі өзгерістер" және «Мемлекеттік саясаттағы маркетинг» (2018) кітаптарының авторы.

Айта кетейік, Баскаран Наир Қызылорда облысына сапары барысында өңірдің әлеуметтік-мәдени нысандарының қызметімен танысып, жергілікті атқарушы органдардың қызметкерлері үшін стратегиялық коммуникациялар бойынша сабақ өткізді.

Естеріңізге сала кетейік, Қызылорда облысы әкімінің штаттан тыс 2 кеңесшісі бар, олар - экономикалық мәселелер бойынша кеңесші РФ Президенті жанындағы Ресей халық шаруашылығы және мемлекеттік қызмет академиясының Экономикалық теория және саясат кафедрасының меңгерушісі, академик Абел Аганбегян және су ресурстары мәселелері жөніндегі кеңесші - Орталық Азия ХКЖК ғылыми-ақпараттық орталығы филиалының директоры, бұрынғы Мелиорация және су шаруашылығы министрі Нариман Қыпшақбаев.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1491
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3258
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5560