Жексенбі, 24 Қараша 2024
Ауыс-түйіс 5721 27 пікір 28 Маусым, 2019 сағат 17:55

Қош бол, Байбек, Қош келдің, Бақытжан!

Бақытжан Әбдірұлы Сағынтаев Алматы қаласы әкімі болып тағайындалды. Бұл туралы Ақорданың ресми сайты хабарлады. 

"Бақытжан Әбдірұлы Сағынтаев Алматы қаласының әкімі болып тағайындалсын", делінген Президент жарлығында.

Алматы қаласын бұған дейін Бауыржан Байбек басқарып келді. Президент пәрмен беріп, Бауыржан Қыдырғалиұлын басқа қызметке ауысуына байланысты әкімдіктегі қызметінен босатқан.

Ал Бақытжан Әбдірұлы бүгін Президент Әкімшілігі жетекшісі қызметінен босатылған болатын. Сағынтаевтың орнына Қызылорда облысының бұрынғы әкімі Қырымбек Көшербаев келген.

Бақытжан Сағынтаев ПӘ жетекшісі қызметін 2019 жылдың 24-ақпанынан бері атқарып келді.

Ал 2016 жылдан 2019 жылға дейін Қазақстан Премьер-министрі қызметінде болды. 2019 жылдың 21-ақпанында Президент Үкіметті отставкаға жіберген. Қайта жасақталған Үкіметті Асқар Мамин тізгіндеді. Ал Сағынтаев Мемлекеттік хатшы болды.

Бақытжан Әбдірұлы, әр жылдары:

  • 1998 жылдан - Жамбыл облысы әкімінің орынбасары.
  • 1999 жылдан - ҚР Шағын бизнеске қолдау көрсету жөніндегі агенттігі төрағасының орынбасары.
  • 2000 жылдан - «Шағын кәсіпкерлікке қолдау көрсету қоры» ЖАҚ басқармасының төрағасы.
  • 2001 жылдан - ҚР Табиғи монополияларды реттеу, бәсекелестікті қорғау және шағын бизнеске қолдау көрсету жөніндегі агенттігі төрағасының бірінші орынбасары.
  • 2004 жылдан - ҚР Табиғи монополияларды реттеу жөніндегі агенттігінің төрағасы.
  • 2007 жылдан - ҚР Премьер-министрі Кеңсесінің жетекшісі.
  • 2008 жылдан бері - Павлодар облысының әкімі.
  • 20 қаңтар — 24 қыркүйек 2012 жыл аралығында — Қазақстан Республикасының экономикалық даму және сауда министрі.
  • 2012 Қыркүйек — 2013 қаңтар — «Нұр Отан» ХДП-ның төрағасының бірінші орынбасары.
  • 2013 жыл 16 қаңтардан бастап жаңадан құрылған Қазақстан Республикасының Өңірлік даму министрі және Қазақстан Республикасы Премьер-Министрдің бірінші орынбасары.
  • 2013 жылдың 6 қарашасында Мемлекет басшысының Жарлығымен Премьер-Министрдің Бірінші орынбасары – ҚР Өңірлік даму министрі қызметінен босатылып, ҚР Премьер-Министрінің Бірінші орынбасары болып тағайындалды.
  • 2014 жылғы 7 сәуірден Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің бірінші орынбасары.
  • 2016 жылдың 10 қыркүйектен Қазақстан Республикасы Премьер-Министрі
  • 2019 жылдың 21 ақпанда Қазақстан Президенті Сағынтаева отставкаға кетуге үкімет жолдады.
  • 2019 жылдың 1 наурызында Қазақстан Республикасы Президентінің жарлығымен Қазақстан Республикасының Мемлекеттік хатшысы болып тағайындалады.
  • 2019 жылдың 24 наурызында Қазақстан Республикасы Президентінің жарлығымен Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігі болып тағайындалады.

Abai.kz

27 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1491
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3259
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5566