Дүйсенбі, 26 Қазан 2026
3965 17 пікір 1 Шілде, 2019 сағат 12:12

Тоқаев Путинге көңіл айту жеделхатын жолдады

Мемлекет басшысы Иркутск облысындағы су тасқыны салдарынан адамдардың қайтыс болуына байланысты көңіл айтты. Бұл туралы Ақорда сайты хабарлады. 

«Иркутск облысындағы су тасқыны салдарынан елді мекендердің қирағаны және адамдардың қайғылы қазаға ұшырағаны жөніндегі хабарды зор күйзеліспен қабылдадым.

Қазақстан халқының және жеке өзімнің атымнан қаза болғандардың жақындары мен туыстарына көңіл айтамын және олардың қайғысына ортақ екенімізді жеткізуіңізді сұраймын. Барлық зардап шеккендердің тезірек сауығып кетуіне тілектеспін», – делінген жеделхатта.

Abai.kz

17 пікір

Үздік материалдар

46 - сөз

Бір тағдырдың ар жағындағы бір дәуір

Инара Аубакирова 1216
46 - сөз

Академик: Ресей ғылымға қару кезенді!

Нұргелді Әбдіғаниұлы 1697