Жұма, 22 Қараша 2024
Ақмылтық 6240 8 пікір 2 Шілде, 2019 сағат 11:04

Наразылықты тудырушы фактор - әлеуметтік теңсіздік

Ресми биліктің келтірген мәліметіне сенсек, еліміздегі орташа айлық жалақы мөлшері 720 долларды құрапты. Сөйтіп, өзгелермен салыстырғанда, 53 орынға жайғасыптық. Және бұл көрсеткіш жыл санап өсіп келе жатқан көрінеді.

Енді есептейік, жаңағы 720 долларды қазіргі курсқа салып, есеп шығарайық. 385*720 = 277 200 теңге. Яғни, орташа жалақы 277 мың 200 теңге. Мұндай жалақыны кімдер алады? Қарапайым шаруа қазаққа бұл жалақы қолжетімді ме? Оны өздеріңіз де менен кем білмейтіндеріңіз анық.

Енді саластырайық. Өткенде "Nur.kz" сайты "Депутаттардың жалақысы 1 миллион теңгеге дейін өскені жұрттың наразылығын туғызды" деп жазды.

Ал Ұлттық банк төрағасы Ерболат Досаев Парламент Сенатының жалпы отырысында "Ұлттық банк қызметкерлері 770 мың теңге жалақы алады" деп мәлімдеді. Бұл туралы "Ult.kz" сайты жазды.

"Ең жоғарғы жалақыны, яғни 13 миллион 192,4 мың теңгені кен өндіру өнеркәсібі және карьерлерді қазу, қаржы және сақтандыру қызметі және өзге де өңдеу өнеркәсібі салаларындағы бас директорлар алатын болып шықты.

Ең төменгі жалақы 15,6 мың теңге көлемінде белгіленді – оны білім беру және мемлекеттік басқару салаларында үй-жайларды жинап-тазалаушы алады" деп жазды "sputniknews.kz" сайты. 

Сонымен ең көп жалақы - 13 192 400 теңге. Ал ең төмен жалақы - 42 500 теңге. Осы екі көрсеткіштің айырмашылығы - 13 149 900 теңге болады екен. Бұл 310 есе айырмашылық деген сөз. Бұл біздегі жағдай ғой. Өзгелерде ше?

2018 жылғы ең төменгі жалақы мөлшері:

Қазақстан 85$

Украина 134$

Россия 164$

Иран 246$

Польша 520$

Эстония 601$

Швеция 2000$

Қазіргідей қымбатшылық алқымнан алған заманда осы мөлшерді мақұлдап бекіткен Үкімет мүшелері мен депутаттардың өзі өмір сүре ала ма? 42 500 теңгеге бір ай бойы күн көре ала ма? Жоқ, әрине.

Шындап келгенде, елдің қамын ойлаған үкімет болса,  бұл теңсіздікті ретке келтірудің түк қиындығы жоқ еді. Халықты жұмыс және қолжетімді баспанамен қамтамасыз етіп, жоғарғы жалақыға салықты молайтып, жемқорлық пен парақорлықты тыйып, қазіргідей әлеуметтік салаға табыстың 10% емес, оны дамыған елдердегідей 50-60% көтерсе жеткілікті.

Ал бізде, қазір керісінше, ең жоғарғы және төменгі жалақылардың арасы алшақтаған үстіне алшақтап барады. Жоғарыда көрсеткенімдей, өндірістік мекеме, қаржы және сақтандыру қызметі басшылары мемлекеттік қаражатты өздерінің жеке иелігі деп санайтын болып тұр.

Әлеуметтік теңсіздіктің басты көрсеткіші осы. Халықтың наразылығын тудыратын да осы. Сондықтан, құзырлы билікке құлаққағыс ретінде айтарымыз, жоғарғы және төменгі еңбек ақының арасы алшақтай берсе түбі жақсылыққа апармайды.

Мұхамбеткәрім Қожырбайұлы,

Маңғыстау

Abai.kz

8 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1462
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3229
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5313