Жексенбі, 24 Қараша 2024
2528 0 пікір 22 Маусым, 2019 сағат 23:50

Елбасы Жолдауына сай спорттық нысандар көптеп салынуда

Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың өткен жылғы 5 қазандағы Жолдауында Қазақстан халқының өмір сүру деңгейін жоғарлатуды тапсырды. Аталған Жолдаудың ІІ тармағы "халықтың тұрмыс сапасын арттыру" деп аталады. Осы тараудың жетінші тармағында "Өңірлік деңгейдегі резервтерді тауып, бұқаралық спорт пен дене шынықтырудың қолжетімділігін арттыру қажет" делінген.

Елбасы Жолдауында "Үкіметке және әкімдерге кем дегенде 100 дене шынықтыру-сауықтыру кешенін салуды тапсырамын" деді. Сонымен қатар, әр өңірде қолданыстағы, әсіресе мектептердегі спорт ғимараттарын тиімді пайдалана отырып, дене шынықтырумен айналысу үшін аулаларды, парктерді, саябақтарды жабдықтау қажет екенін айтты.

Елбасының осы тапсырмасына сай еліміздің облыс, қала, аудандарында, тіпті, ауылдарда да жаңа спорттық кешендер мен түрлі нысандар салынып жатыр. Осының бәрі ел халқының тұрмыс өресін көтеріп, салауатты өмір салтын ұстануы үшін қолға алынып жатқан шаралар екенсіз сөзсіз.

Еліміздің әр өңірінде Елбасы Жолдауына сай спорттық нысандар салынып жатыр дедік. Ол нысандар жайлы бұған дейін де жаздық, бұдан кейін де ақпараттар беретін боламыз. Біздің бүгін айтпағымыз Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтің бастамасымен ашылған спорт кешені жайлы болып отыр.

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев 21 маусым күні Алматы облысы, Қарасай ауданы, Шамалған ауылында орналасқан «Үшқоңыр» спорт кешенінің ашылу рәсіміне қатысты.

Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасының Баспасөз қызметінің хабарлауынша, Елбасы «Үшқоңыр» спорт кешенінің ашылуымен осы өңірдегі барлық тұрғындарды құттықтай отырып, аталған спортық нысанның ел өміріндегі маңызын атап өтті. Спорттық кешен өңірдегі жастардың алаңсыз дене шынықтырып, тәрбиелі, сау денелі азамат болып қалыптасуы үшін үлкен маңызға ие болмақ.

Нұрсұлтан Назабаев, Қазақстанның Тұңғыш Президенті:

«Біз бүгін аудандағы бірегей спорт кешенін аштық. Дені саудың – жаны сау. Қазіргі заманда дені сау адам ғана табысқа жетеді. Сондықтан, біз бұл нысанды жастарымыз үшін арнайы салдық».

Нұрсұлтан Назарбаев, сонымен қатар, еліміздің әр өңіріндегі әлеуметтік инфрақұрылымды дамыту ісінде «Туған жер» бағдарламасын қолға алудың аса маңызды екенін айтты.

Нұрсұлтан Назабаев, Қазақстанның Тұңғыш Президенті:

«Біздің балалық шағымызда спортпен шұғылдану үшін мұндай жағдай болмады. Ал, қазір жастар үшін барлық мүмкіндік бар. Көптеген табысты азаматтарымыз туған ауылы мен аудандарына қолдау көрсетеді деп ойлаймын. Жаңа спорт кешенінде жаттығатындардың арасынан болашақ чемпиондар шығады деп сенемін. Менің отбасым және жақындарым осы спорт кешенін арнайы сіздердің игіліктеріңіз үшін салды. Сіздерге зор денсаулық, амандық және бақ-береке тілеймін. Баршаңызды тағы да спорт кешенінің ашылуымен құттықтаймын».

Біз сөз етіп отырған, Елбасының тікелей бастамасымен іске қосылып отырған спорттық кешені жүзу бассейні, күрес, теннис корты, бокс, тренажер залдары, көпфункционалды залдар және басқа да спорт инфрақұрылымдарын қамтиды. Бұл спорттық нысан осы өңірдегі ел халқының тұрмыстық өресін көтеруге үлкен үлес қосады деп сенеміз.

Бәріміз білетіндей, Қазақстан әлемдегі ірі спорттық державалардың қатарына жатады. Бұл сөзімізге төрт жылда бір өтетін Олимпиада ойындар, Азия ойындары және жылда жалауы желбірейтін түрлі әлем чемпионаттарындағы жетістіктеріміз бен көрсеткіштерімізге қарап сенімді түрде айта аламыз.

Осы жетістіктердің бәрі Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтің халықтық спорт пен мәдениет саласына көптеп көңіл бөліп, қолдау көрсеткенінің арқасы деп білеміз. Шынын айту керек, Олимпиада ойындарында әлемнің ең алпауыт дамыған елдерінің өзі жалпы командалық есепте Қазақстанның соңында қалып қояды. Мәселен, 2012 Лондонда өткен Олимпиада ойындарында жерлестеріміз жеті алтын медаль жеңіп алып, жалпы есепте он екінші орыннан көрінді. Сол кезде бүкіл әлем бізге таңдай қаға тамсанған еді. Осының бәрі елімізде спортқа арнайы көңіл бөлініп, қолдау жасалғанының арқасы.

Біз «Үшқоңыр» спорт кешенінің ашылуын осы сөздеріміздің дәлелі ретінде айтып отырмыз. Оның үстіне кешеннің ашылуына Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтің өзі келіп қатысып отыр. Осыдан-ақ, елімізде спорттың қарыштап дамуының сыры неде екенін айқын аңғаруға болатын шығар. Шынын айтқанда, бізбен қатарлас көп ел Қазақстанда спорттың мұнша тез қанат жайғанына таңғалыспен қарайды. Олардың ойында мүлде жүзеге аспайтын кей істер Қазақстанда оңай орындалып жатыр.

Бәріміз білетіндей, бокс спорты қазақтың оң жамбасына келетін спорт түрі. Дәл осы шойын жұдырықты жігіттеріміз әр Олимпиада ойындарынан құр қол қайтқан емес. Басы атақты "Балқаш барысы" Василий Жировтан бастау алатын қазақ боксының даңқты жолы Бекзат Саттарханов, Ермахан Ыбрайымовтармен жалғасты. Афинада Бахтияр Артаев алтын алса, Пекинде Бақыт Сәрсекбаевтің бәсі басқалардан жоғары болды. Жоғарда біз сөз еткен Лондон төрінде Серік Сәпиев ерлесе, қазірге соңғы Олимпиада Бразилияда өткен төрт жылдықтың басты додасында Данияр Елеусінов бас жүлдеге қол жеткізді. Олимпиада ойындарында бір спорттан дәл мынадай тұрақты түрде алтын медаль алу оғай шаруа емес. Әдетте, бір кезек Олимпиада кезінде кей елдің бағы жанып алтын алғанымен, келесі жолы мүлде төмен көрсеткіш көрсетіп жатады. Ал қазақ оғландары бокстан әр төрт жыл сайын қоржын басын медалге толтырып қайтады. Әрине, бұның бәрін біз құр мақтан үшін емес, спортта жеткен жетістіктеріміздің айқын дәлелі ретінде айтып отырмыз.

Бокста болсын, басқа спортта болсын табысқа жетудің кілті сапалы инфрақұрлымдар екені сөзсіз. Бәріміз білетіндей Елбасының бастамасымен, еліміздің көптеген ауыл-аудандарында спорт алаңдары ашылып, пайдалануға берілуде. Соның арқасында ең шалғай ауылдағы балалардың өзі қалаған спортымен айналысып, болашақта чемпион болға талпынып өсіп келеді.

Әрине бұған себеп, Елбасының жылда халыққа жолдайтын Жолдаударында сөз болған арнайы таспырмаларының арқасы. Мәселен біз дәл қазір сөз етіп отырған 2018 жылы бесінші қазанда жарияланған Жолдаудағы тұрмыс сапасын арттыру тапсырмасы аясындағы сіресе мектептердегі спорт ғимараттарын тиімді пайдаланып, дене шынықтырумен айналысу үшін аулаларды, парктерді, саябақтарды жабдықтау керек деген нақты тапсырмасының жемісі екені сөзсіз.

Біз бұл материалымызда Елбасының Жолдаудағы тапсырмасына сай еліміздің әр өңірінде спорттық кешендердің жаппай салынып жатқаны жайлы айттық. Мысал ретінде дәл кеше ғана Елбасының өзі мұрындық болып пайдалануға берілген Алматы облысы, Қарасай ауданы Шамалған ауылында орналасқан «Үшқоңыр» спорт кешенінің ашылғанын айттық. Әрине, тізе берсек бұндай қуанышты жаңалықтар мен жағымды ақпараттар жетіп артылады. Алайда біз бүгін соның бәрін тізіп шығуды емес, Елбасының өзі бастамашы болған бір оқиғамен сөзімізді түйіндеуді жөн көрдік.

Сөз соңында айтарымыз, Елбасы өзі айтқандай "Әл-ауқатымыздың екінші бір сипаты – өмір сүру деңгейінің артуы". Сол себепті спортпен айналысып, салауатты өмір салтын ұстанудың маңызы зор. Елдегі әр тұрғын өз бетінше спортпен шұғылданса ел халқы сау денелі озық ұлтқа айналары сөзсіз. Ондай елден халықаралық додаларда топ жаратын чемпиондар да көптеп шықпақ.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1491
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3259
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5570