Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 3597 0 пікір 5 Шілде, 2011 сағат 03:41

Еркеғали Бейсенов. ХХІ ғасырдың 21 зардабы

1

«Тексіз» ұғымы расталды,

Есепті кезең басталды.

Ақылға тоқтау білмейді,

Азған қоғамның жастары.

 

Құр атақ үшін елірді,

Қуыс кеуделер керілді.

Талант, талғамың - тастанды,

Алып-сатарлық еп - үлгі.

 

«Мықтымын!»,- дейді мыстандар,

Қасиеті жоқ күш қамдар.

Баянсыз істің басында,

Арыстан болмақ тышқан бар.

 

2

Абыройың да, арың да,

Жұтылып жатыр сағымға.

Ұйымын құрып қызтеке,

Бір жерге шоғырлануда.

 

Жезөкшең жүздеп, мыңдап жүр,

Қажетсіз тәнді пұлдап жүр.

Құрсағын сүрлеп қыздарың,

Ұрығы құрттап ұлдар жүр.

 

Белінен сызып әдепті,

Бір-ақ «нәрсені» дәметті...

Ойнас жасаған әйелді,

Ойсыз еркегің жар етті.

 

3

Төзімді әйел сарқады,

Табысы - көп сөз арқауы.

Араққа қатты мас болып,

Темекі, хорхор тартады.

 

Зайыптың «заңын» білесің,

Қанжылап тұрып, күлесің.

Онікінен аз айлықпен

Иті тәрізді жүресің.

 

Көп еркек жасып, и болды,

Қатын тұлданып, би болды...

Бүгінгі буын басына

Бабалар айтқан күй қонды!

 

4

Шегіне жетіп мақтауы,

1

«Тексіз» ұғымы расталды,

Есепті кезең басталды.

Ақылға тоқтау білмейді,

Азған қоғамның жастары.

 

Құр атақ үшін елірді,

Қуыс кеуделер керілді.

Талант, талғамың - тастанды,

Алып-сатарлық еп - үлгі.

 

«Мықтымын!»,- дейді мыстандар,

Қасиеті жоқ күш қамдар.

Баянсыз істің басында,

Арыстан болмақ тышқан бар.

 

2

Абыройың да, арың да,

Жұтылып жатыр сағымға.

Ұйымын құрып қызтеке,

Бір жерге шоғырлануда.

 

Жезөкшең жүздеп, мыңдап жүр,

Қажетсіз тәнді пұлдап жүр.

Құрсағын сүрлеп қыздарың,

Ұрығы құрттап ұлдар жүр.

 

Белінен сызып әдепті,

Бір-ақ «нәрсені» дәметті...

Ойнас жасаған әйелді,

Ойсыз еркегің жар етті.

 

3

Төзімді әйел сарқады,

Табысы - көп сөз арқауы.

Араққа қатты мас болып,

Темекі, хорхор тартады.

 

Зайыптың «заңын» білесің,

Қанжылап тұрып, күлесің.

Онікінен аз айлықпен

Иті тәрізді жүресің.

 

Көп еркек жасып, и болды,

Қатын тұлданып, би болды...

Бүгінгі буын басына

Бабалар айтқан күй қонды!

 

4

Шегіне жетіп мақтауы,

Биліктің тайды бақтары.

Иек астында семірген,

Жегіқұрттары қаптады.

 

Түйені жұтты түгімен,

Вагонды құртты жүгімен.

Ақшасына сай ақыл жоқ,

Көбісі жұрдай білімнен!

 

Халықтың бітті шыдамы.

Сорақылық қой, мынауы:

Жемқорға этаж салғандар,

Саяжай жалдап тұрады!

 

5

Отандық телеарналар...

Отарланғандай шама бар.

Шетелдік бәрі - кино мен

Мультфильм, бағдарламалар!

 

Өсек-өтірік жүрді алда,

Біреуден біреу ұрлауда.

Ысырапталды қағаздар,

Сапасыз газет-журналға!

 

«Редактормын» деп геолог,

«Тілшімін» дейді теолог.

Солардан естіп жаңалық,

Тұрғандай болма, сен оңып!

 

6

«Сұраныс жоқ» деп саналар,

Өнеріңді кім бағалар?!

Киносымақтар түсіріп,

Әсекіленді балалар.

 

Аясындағы сол естің,

Жарқырамайды көмескің.

Экран ісімен ойнама,

Елеп те жатқан жоқ ешкім!

 

Сырты сәнделген таспаң бар.

(Қайтсін-ай, енді, сасқандар?!.).

«Қазақ киносы» деп тұрған

Айдарын алып тастаңдар!

 

7

Эстрададан бұлт еттік,

Шылқымайына шылп еттік.

Оп-оңай олжа тапқанның,

Басым бөлігі - шымкенттік.

 

Үзенгілерін сәл шірер,

Амандасуға бәлсінер...

Жыбырлағандар - биші де,

Сыбырлағандар - әншілер!

 

Бір әнді зорға меңгеріп,

«Жұлдызбын» деуі - пенделік!

Әуселелерін көрер ме ең,

Әміре баба, сен келіп?!.

 

8

Күнкөрісіңді құндақтар,

Жыртық бюджетті кім мақтар?!

Зейнетақыны көтерсе,

Азық-түлігі қымбаттар.

 

Жұмыскер санын қысқартып,

Сауырға салмақ түсті артық.

Тонаушы болды тобырлар,

Алыс-жақыннан күш тартып.

 

Шағылып таудай талабы,

Билігін сыбап шамалы,

Сұрап та, тартып... қаржыны

Халықтан халық алады!

 

9

Тексіз тентекке тек «Мен!» дер,

Шенін көтеріп, шекпен бер!..

Бүгінгі біздің бандалар -

Басшылық қызмет еткендер.

 

Көздеген биік тұлғаны,

Ұсталды мылтық құндағы...

Сөйтті де Рахат Әлиев,

Шетелге оқтай зулады.

 

Алтынбек және Заманбек,

Атылды дәл сол зауал кеп.

Қазағың қалды қан жұтып:

«Қаһарға Құдай алар!»,- деп.

 

10

Кәпірлік тілі сынаулы,

Ағылшыншаға бұралды.

«Болдық қой орыс боданы...»,-

деп қазақ сылтау шығарды.

 

«АҚШ-қа енді боданбыз»,-

деріңді сездік одан біз.

Құлдырататын өз ұлтын,

Сен - бір тассың да, қоғам - құз!

 

Бейшара, өйтіп кімді алдар?!

Ана тілінде мұң-зар бар...

Жатырдан шыға жатсынды,

Тәуелсіз елде туғандар!

 

11

Дауасыз дерттер - күшті жау,

Әуре-сарсаңға түстік-ау!

Өкпені құртып, өлтірді,

«Доңыз тұмау» мен «Құс тұмау».

 

Таратып Қытай індетті,

«Әлемдік вирус бұл!»,- депті.

«Мылтықсыз майдан» еткізіп,

Тұспал тізбектеп тіл кетті.

 

Ойбайладық та, басылдық,

Озық ем-домға бас ұрдық.

Тағы бір атау күттірді,

Сол «соғыс» жаңа ғасырлық.

 

12

Бар пәле шырмап пақырды,

Қайран бас қайта шатылды.

Қазақтың жері қазаққа,

Өлшеніп тұрып сатылды.

 

Дау-дамай болды енді жер,

Алааяқ қулар - мердігер...

Бұқара түсіп бопсаға,

Жұтқызды шерді, шенділер!

 

Айналды жастар мүрдеге,

Тірі қалғаны - түрмеде.

Ұяға ұлдар тас атып,

Сорлатып ұлтын жүр неге?!

 

13

Доллар - қармақ, заң - қалтқы,

Жетімдеріңді зарлатты.

Жауың боп келер жәудіркөз,

Жалынышты түр аңғартты.

 

Ал ересектер - құрлықта

Жұмсалар болды құлдыққа.

«Тірі экспорт» жөнелттік,

Сауданы тірлік қылдық та.

 

Бөлшек мүше де - мол ақы...

Бірінен бірі сорақы!

Әр елге адам беруде,

Әлемнің асқан «жомарты»!

 

14

Мойындамастан еш дінді,

Араға ағым бек сіңді.

«Лаңкес» атанып жалғанда,

Сорлы содырлар тепсінді.

 

Отымен өзге дұғаның,

Өртеніп жатты Құраным.

Қазақ та кірді сектаға,

Арттырып мүше құрамын.

 

Дінінен безген немелер,

Ұлтсыздықпен де еленер.

Қорықпайтындар Құдайдан,

Пендеге әзір сене бер!..

 

15

Шаттық - шарасыз, мұң - сайлы,

Әлсізді әлді құрсайды.

Ақырзаманың келгендей,

Жердің жартысын су шайды.

 

Арнадан асып тасқыны,

Бөгетті бұза шапшыды.

Ауылдарын да қазақтың

Бүркеді батпақ, тас, құмы.

 

Көз жасы артып ол судан,

Жарлы жұрт өзін қорсынған...

Алдын алайық апаттың,

Қайталанбайтын болсын лаң!

 

16

Көп қорлық көріп маңайдан,

Жастардың қаны қарайған.

Өзіне өзі қол жұмсап,

Өмірден өтті талай жан!

 

Имансыз қысса мықтымсып,

Күнәлі қолдан шық, сусып!..

Басқаның биттей мүлкіне,

Сұғатын бопты-ау, жұрт тұмсық!

 

Шырғалаңдарға шыдамай,

Сынып кеттің бе, шырақ-ай?!.

Сүйекке сіңді суицид,

Тасқа жабысқан қынадай!

 

17

Анаша шегіп, лағып ең,

Ішімдік, шылым... Бәрі - кем...

Шығардың сосын атақты,

Есірткі тасымалымен!

 

Қылмыстың ауыр саласын,

Қай шыңға алып барасың?..

Уызына у қосылған

Ұрпақтың ескер, наласын!

 

Жолың - қара, қолың - қан,

Көргенің осы, сорыңнан!

Таппайсың, қазақ, еш опа,

Есірікқұмар болудан!

 

18

Аз жұртты жікшіл, күндес қып,

Жасады билік білместік.

Тайталастырар туысты,

Қаптады ұйым, бірлестік!

 

Нұсқаған болып жөн, үлгі,

Сарт та сұрт басты мөріңді.

Екі ұстаным елітіп,

Екіге достар бөлінді.

 

Адымын ашып ақша нық,

Паңданды пенде, мастанып.

...Бүгінін ғана ойлайтын,

Бос қиял қуған бас - қауіп!

 

19

Руханиятың тосылды,

Технология жосылды.

Теледидарға компьютер,

Интернетімен қосылды.

 

«Маil-агент» деген бұтағы,

Бос уақытыңды ұтады.

Қоқыста жатыр шаң қауып,

Зиялылардың кітабы.

 

Жазылып роман, фельетон,

Шықпайды десең неге том,

Жаулады орнын, «Мой мир» мен

қалтаңда жүрген телефон!

 

20

Азық тұтынған күй - қараң,

Химикат ішіп-жейді адам.

Қала тұрғыны - әлжуаз,

Ағзасы уыт жинаған!

 

Оған, саған, маған да,

Ой керек, мына заманда!

Шамала зауыт өнімін,

Талғам танытып тағамға!

 

Аулақпын, күнде мақтанған

Жарнамаларын жақтаудан!..

Қол өніміне жетпейді,

Табиғи құнар сақталған!

 

21

Білім бар еді, ол бітті,

Ғылым бар еді, ол бітті.

Ақылы оқу орыны,

Ақымақ шәкірт өрбітті.

 

Студент деген атауға,

Кандитаттық қатарға

Қосылды өңкей көкмилар,

Диплом, мандат сатарда!

 

Бюджеттің тартып бір ұшын,

Доктор да болар ұры, сұм?!.

Сөз етуге де тұрмайтын,

Сықпытын қара... Құрысын!..

 

P.S:

Құсығын жұтып обалдың,

Құсалы ақын боп алдым.

Запыраны сол іркілген,

Мен өмір сүрген қоғамның!

 

Кірбіңі басым көңіл де,

Өршіл өлеңдер өруде.

Келер ғасырға керек ем,

Ерте келіппін өмірге!

 

Күрделі, бірақ, орамы,

Ол кездің жыры - жоғары!

Бізге ұқсамас буынның

Бөлек тәсілі болады.

 

«Абай-ақпарат»

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1466
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3240
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5383