Рухтар жеткізген хұсыни-ілім хат
Қазақ президенті
Қасым- Жомарт ТОҚАЕВҚА
Бисмиллаһи Рахмани Рахим
Құрметті Ел Президенті!
Бұл хатты – Сіз Алланың құптауымен келген, Құран тілімен, дін тілімен рухтар жеткізген Ерекше Хат ретінде қабыл алыңыз. Адам Құранмен ғана Алламен тілдесу шыңына шығады. Ілімші-діндарлар Құран арқылы Алламен тілдеседі. Бұл сөз; «Раббыларың бұйырады; Маған дұға етіңдер, жауап берейін» («Ғафыр»,60) -деп Құранда мөрленген. Дұға – Рахметтің кілті. Алла Тағала; «Маған келетін тура жол – дін жолы» («Хыжыр» сүресі,41) –деп тағы ескерткен.
Аруақ – бар. Рух та – бар. Бірінсіз бірі қонбайды. Аруақ кім? Кешегі өмірден өткендер. Алдында, артында қалған жазуы барлар. Алдындағы жазуы - тағдыры, артында қалғаны - істеген қылықтарының жалғасымы, ғасырлап әлі де өлмеген тірі тамырының соғысы. Жаратқан Ием; «Мен сендердің арттарыңнан кітап ашып қойдым»- дейді «Йасиин» дұғасында. Аруақ – қопарылып шығар адамның тамыры. Өлі мен тірінің – тамыры бір. Өлі – нәрді тіріден алады. «Құранды оқыма, аруақ жоқ» - дейтін болсаң, көтерілетін аруақ жаман. Аруақ тыныш жатсын десең дініңмен бол.
Қазақ халқы о бастан аруақты, рухты қондыра білген қасиетті ел. Еврей халқының миы қатты жұмыс істесе - оларға ми қызметінің ерекше дарығандығы, арабтарда сауда жұмысы өріс алған болса, бұл елге осы қасиет ерекше дарығаны, басқа халықтарда да осындай ерекшеліктер болса сол ерекшелік ерекше дарығандығы. Біздің қазақ халқына рухты қондыра алатын ерекше қасиет дарыған. Бұл - аруаққа табыну емес.
Қазір біздің елде рух қондырған аруақтар ерекше жұмыс жасап жатыр. Оларды құрмет тұтқан ұрпақтары жатқан жерлерінде бастарына оңды белгілер көтерді. Мұны жасаушылар өмірден дінімен өткен бабалар зікірін жалғастырушылар. Бұл – жол. Рух – Алладан, ол – тірі жанның ең құндысы. Алланың алдында жеткізетін жұмыстары, аманаты бар.
Құдай өз дінін паш еттіру үшін, Өзінің бар екенін білдіру үшін сол рухтарға ерекше бұйрық береді. Олар –әулиелер. Адам рухты жұмсай алмайда, Алла жібереді. Рухтың да Алладан белгіленген иесі бар. Адам оларды дұға жасап Алладан сұрай алады.
Маған 21.05.2019 жылы Төрт жақты қыбыланы көтеріп берген, Ислам дінінің иесі Ибраһим пайғамбар мен Меккелік сахабалар, соңғы пайғамбар Мұхаммедтің төрт халипасы; хазіреті Әбу Бәкір Сыддық, Омар, Оспан, Әли, Түркістан өңірінен өз кезінде «400 кітаптың иелері» атанған Иәссауий, Арыстанбап, Құл Ата, Көктен Үйсін патша мен оның төрт досы, қастарында Қызыл Ата, Жасыл жолдан Ну Ата, Ақбөкен Ата, Аққасық Ата, Аққарға Ата рухтары менің өтінішіммен Ғайып Хатын дайындап жетті.
Аты аталынған рухтар, «Сенің мемлекетің Ислам мемлекеті болғанымен Үкімет басында дінге жетекшілік етіп отырғандар, өздері дінге сенбейтіндер болғандықтан, патшаға ақыл беріп отырғандарға айтар сөзің толық болсын, біздің атымызды көрсетпей-ақ, осы хатты өз атыңнан жаз»- деп, тіпті менің де айтар сөзімді тұжырымдап жеткізген төмендегі Сөз төресін, рухтардың өздері жеткізгендей төрт тақырыппен, аты мен затын өз атыма алып, Рухтардың Хұсыни хаты ретінде Сізге жолдап отырмын.
1.ТАНЫТУ;
...Сенің халықтың ішінен патшаңа, келер патшаңа, өткен патшаңа, одан да арғы қорған болатын жандарға, патшаға ақыл беріп отырғандарға, айтатын сөзің толық болсын.
Бұл Хаттың саған беретін қандай қасиеті бар. Елдегі әр өңірдің, Батыс пен Шығыстың қасиетін ұстап тұрған рухтар не деп айтады.
Сенің ойыңдағы мәселені жеткізуде бүгінгі әулиелер, халықтың рухында жүргендер не айтады. Киелі Алланың жолында, Алланың аманатын ұстаған сахабалар, дінді алып келгендер ше? Сенің ойыңа біз тұжырым беріп барып, келісіп түсіреміз. Айтар ойыңды өзің тағайындайсың. Осы сөзді сен құдіреті күшті Құдайдан сұрап жатырсың.
Йә біз осы хатты Сенің арқаңа таңдық, өзіңнің бойыңда да дінсіздерге деген жиеркеніш пайда болып жатқан соң. Дінсіздер не жасайды? Дінсіздер адамның өсіп өнуіне, олардың рухани тазалануына, Аллаға сөзін жеткізуіне, тамырын тарқатуға қарсы қимыл іс жасайды. Олар сенің өз халқыңның ішінен, өз қаныңнан шығып жатқандар, өзі отырған ағаштарын өздері кесіп жатқандар. Олар дін тамыры шірісе өзі де шіритінін білмейтіндер. Алла тағала оларды өкімет басына жіберген кезде, ол ең бірінші «қарын толтыруға бардым»- деген қателіктерімен Алла аманат еткен дүниені сыраптап келе жатқандар. Одан қалса сол дінсіздігі үшін ахиреттік жаза алып жатқандар. Алла тағала әр адамды халықтың билігіне дінді ұстануға қуат беру үшін ғана жібереді. Ал діни мемлекетте, Ислам мемлекетінде, аяғың ақылды жүруі үшін, ең алдымен сенің басшың дінді мықты ұстауы керек. Қараңғылау болып, өзі дінге бет бұра алмай жатқан елде, жоғарыда отырғандар дінді жақтырмай тұрса, ол өзінен төменгіні қайтып тыңдатады.
Осы кезде мынандай дүние болады. Құдайдың берген уәдесі бар, дінін өзі сақтайтындығы туралы. Алла олардың құрған дүниесін қиратады. Сындырады. Себебі Жаратқан ием ол жерде аманатының орындалмай жатқанын көріп тұрады. Елді басқаруға барған адам дінді таза ұстанып, соны көрсетуде бірінші адам болуы керек екендігін біліп баруы керек.Тәрбиелік жағынан, дінді сүюі жағынан. Әкесі, шешесі, әйелі, бала шағасы, туыстарын силауы жағынан. Жерін, елін қадырлеуі жағынан. Өзге елдің діні мен жолын жоғары деңгейде білуі жағынан. Өзінің дінінің одан биік тұрғанын көрсете білуі үшін. Осылай болса Алла оны өндіреді, оған қазынасын ашады. Ал енді сол қазына байыған сайын, ол байлық өзіне ұқсас сондай адамдарды тәрбиелеуге жұмсалуы керек. Дінді паш етіп, дін жолын ашып соларды өсіруі керек. Кім дінді ұмытса, ол өз тамырын кесіп түсті деген сөз.
*Патша патшалыққа уақытша ғана барады ғой. Ол неге сол уақытша барғандығын ұмытады. Алланың оған берген уақытша дүниесі – уәдесі. Алла тағала оған үйіп салып отыр. Сол патша сенен артық па, пайғамбарлардан артық па? Құранда қаншама пайғамбар аш жалаңаш жүрсе де Аллаға қанағат тұтып, сахабалар бір құрмамен де жан бақты. Сенің ата бабаң ашаршылықта, қанша аш жүрсе де намазын оқып өлді. Бүгінгі патшалар неге байыған сайын Құдайды ұмытады? Бұны; «Алла тағаланың патшаға берген сынағы»- дейтін болсаң, басқаға бұл өтіп жатқан уақыт. Уақытша келген жан, титей де болса дінге қиямет жасамауы керек. Ол өзін өлтіргенмен тең.
*Сен діннің арақасында дінсіздер өршіп жатқанын білмедің бе. «Бастан бұзылса біз қайда барамыз?»- дейсің бе? Сен емессің діннің басы, Құдай тұрғанда. Сарт етіп келер бір хабар, бәріңді қосып бір бүктейтін күн жақын емес пе? Құрандағы осы сөздің тұңғиығында не тұр? Ертелі кеш патшалыққа дін басы діндар адам келуі керек деген сұраныс.
*Алланың дінінен кәпір де қорқады. Дін өзіне қарсы шыққанды көтере алмайды. Кәпір бас көтеруге қарсы шығатын қарудан қорқады. Ол қару – дін, Ислам діні.
*Сен жерден салған, көктен келген қасиетті рухтарды тұрғыздың бүгінгі садақамен. Олардың да разылығы, арқалап келген кітабы бар. Әр қайсысының берер жолы бар. Әй, бүгінге дейін, бес жыл бойы рухтардан алған ілімің, осыны тұжырымдауға қасиетің жетпей ме өз сөзіңмен сөйлесең?
*Біздің жеткізгеніміз, аз да болса ақыл болсын саған. Саған сөйтіп уәде бердік, өзің түгелдеп ал.
*Ей, патшам, Құдайдың сөзінен құралған адам, құдайсыз болса көретіні сол күннен бастап дозаққа айналады. Халқыңа қара. Мына мемлекетіңе дін о бастан келген соң, ортадағы қате кімнен болды?
*Ей, патшам, біздің мемлекеттің адамы қасиетті, дәулетті. Осы елің тамырын сақтап қаламын десең біздің қатемізді түзе. Дінге ерекше бет бұрған, орын алған қатені түзете алатын білімді адамды бер. Оны беруге сенің қауқар-қуатың жетеді. Алла тағала саған сөйтіп бет бұрды.
*Алла тағала бізге дінді жіберген кезде, соңғы пайғамбар Мұхаммед төрт сахабасына былай аманат етті. «...Сендер ең бірінші осыны қабыл алыңдар. Билікті біріңнің артынан бірің кешігіп алсаңдар да дінді қатты сүйіңдер. Құдайсыз аяқ баспаңдар. Билік Құдайдыкі болған соң, сендер де сол Құдайдың атынан, Құдай атына лайық билік жасаңдар. Құдай өзі патша болған соң, биліктің қадыры соның айтқанымен ғана болады. Соның билігін қайталаған жанның билігі билік болады. Оның берген жолы бар, сараптап көрсеткен шариғаты бар, барлық адам баласына айтқан деңгейі бар, беретін соған сай уәдесі бар. Сол себепті солай ғана патшалық құр. Бұрынғы ғасырдағы дінді ұстанған патшалар мен дінсіз патшалардың жетістіктерін алып, жетілмей қалғандарын жеткізіңдер. Бұл Алла атынан елдің патшасына жазылып жатқан Хат. Ұқпадым деме, екі дүниеде Алла Тағалам, келетін патшаға да, кеткен патшаға да осы сөзді айтқан. Құдай өз билігін өзін тыңдайтынға берген. Күллі мұсылман елінде өмір сүргендер, Алланың дінін ұстанулары керек.
*Өңір деп айтты әулиелер. Оның да сыры бар. Дін мемлекетін дінсіздің ұстауы мүмкін емес. Себебі бұл жер, осы халық, мейірімділігімен, қолының кеңдігімен, қай бір халықтардың басында қиындық туып жатқанда өзі жейтін нанын бөлген, жерін бөлген, жылулығын бөлген ел. Бұл ел бірінші дінді тарқатқан, «Дін осы жерге расында да түбірімен тарқайды»- деген аманатпен келген ел. Қашанда дінге жақын мейірімді халық, діндар мемлекет болып өмір сүреді.
*Бұл халықтың жерінде кезінде амантпен жеткен қаншама сахабалар жатыр. Осы халықтың адамдары ең бірінші «Бисмиллай Рахмани Рахим»- деп айтса, осы халықтың адамдары ең бірінші болып пайғамбарымызға барды. Осы халықтың адамдары көктен, ғайыптан, Алла тағаладан алғаш аян алды. Осы халқтың ішінен шыққан асыл абыздарға, Жаратқан ием, ескерту айтып, ақыл берді.
*Осындай асыл халықты қандай патша басқаруы керек? Шынайы еліне жаны ашитын, дініне терең, өзі де кең ақылды, Құранға қол жайған үлкен әулиенің ұрпағындай, Алланың әр сөзін тамшылатып ысырап етпейтін, шариғатын мойындатып, дінді биік ұстайтын, өз елі туының жанына қатар қойып, одан биік Ислам туын көтеретін адам тұруы керек. Ол Алла тағала айтқан сөзді қайталайтын патша болуы керек.
*Бұл жерге Алла Тағала тікеден тік ілім түсірген жер. Алла Тағлам, араб тілінде қасиетті Құранын берген соң, «ең бірінші тері жамылып жүргендерге апарыңдар, дінді солар соғыссыз қабыл алады»- деген. Ол ел - «Алланың сөзін шын мейіріммен, сеніммен қабыл алатын ел» - атанған. Бұндай жерге жаман патшаны Құдай сидырпайды. Бәрібір осы халыққа құдіреті күшті Құдай өз көмегін береді. Ол халықтың дұғасы қабыл болады. Олардың көз жасы бекер кетпейді.
*Бүгінгі күнге болашағы кесіліп жатса, сенімі дінге де, патшаға да тайғақтап жатса, адамдардың бойынан қасиет кетеді. Сол бір ғана адам, сол бір ғана адамды қоштап жүрген ақымақтар, өздерін өздері қуырып дозаққа дайындап жатыр.
*Оларға дозақты айтпа, олар оны ұқпайды. Олар өз қасиеттерінен айырылып жатқандарын өздері сезбейді. Олар өздері тәрбиелеп жатқан қасиетсіз ұл, қыз, ертең соларды адам қыла ма, қылмай ма, соны да білмей отырғандар. Бірден бір қасіретті өз қолдарынан жасап жатқандарына көздері жетпей тұрғандар.
*Ертең олар; «ұлымды қалай тәрбиелеймін, ақша да көмектеспей жатыр, қызымды қайтып тәрбиелеймін, масқара болдым, өлгенім артық»- деп зарлап кетіндіктерін білмей жатқандар. Олар неге діннен алыстап кетіп бара жатыр, соны айтқын. Оларға тек діннен ғана көмек болады. Қызын қияға, ұлын ұяға, жылатпайтын жерге қондыруға тек қана дін керек, ақша емес.
*Патша ұғар ма екен осы сөзді, патша ғана емес, патшаның айналасындағы елді басқаруға қатысушылар, күллі біздің елдің жиған қазына азығына ие болып отырғандар ше?
*Елдің қазынасын Алла кімге аманат етеді. Сенгеніне ғана. Анау Нұхтың да кемесі тышқан тесіп құлағанда, оны жылан денесімен жапты. Сол себепті де Алладан батасын алды. Қазынаның сырын енді ұқтың ба. Сол қазына дін болып тарқады.
*Қазір сендердің қазыналарыңа да келіп жатқан дүниені тесіп жатыр. Оған су кіріп жатса, онда ертең мына ел дінсіз жоқ болады деген сөз. Діні кетсе бұл ел ел емес. Елдің тамыры кетсе, діні, қасиеті кетсе, Алла бекер отырмайды. Осы елге Жаратқан ием уәдесін берген.
*Осы жерге кезінде келген сахабаларға да Құдай аянмен уәдесін берген; «Сендер барасыңдар, дінді сол жерде тарқатасыңдар, сол жерде мәңгі қаласыңдар. Сол жердегі адамдар, діндарлар, сендерге құран бағыштайды. Бірақ өлмейсіңдер, тірі қаласыңдар» - деген.
*Алла тағала әр жердің иесін, онда тұратын ұлтты бөлген. Бір ұлтқа сол үлестен азғантайын беріп қойса, енді біреуіне өте үлкен өз қазынаның көбін беріп қойды.
*Бұл ел, қазақ елі, ілім тілінде бұл сенімді жаратылыс. Сенімді халық деген сөз. Қазақ – сенімді жаратылыс, сенімді халық - деген сөз. Қазақтың артында сенім бар. Сенім мейіріммен ғана келеді. Қазақтың мінезінде өшпенділік жоқ, тарлық жоқ. Себебі бұл халық - қазына Алланыкі екендігін, Тәңірдікі екендігін біледі.
*Менің ойым, бұл үш қасиетті сөзден құралған халық. Білек, билік, биік. Білек, билік, биік біздің ілім тілмен қазақ. Былай оқыса да, былай оқыса да қасиетті қазақ атын, қасиетін жоғалтпайтын халық. Қазақ сөзі Алла тағала алдында үш қасиетті біріктіріп айтылған сөз. Бұл кәдімгі қазақ халқына жоғары жақтан қойылған, ескерту де, пайда да, қуаныш та. Бұл атты Құдайдың өзі қойған. Құдайдың мөрі.
*Халыққа қазақ атын Алланың өзі қойған. Осы атты ақтау керек. Осы ұлтпен туылған жан, қазақ болып туылған адам, тура сол Алла айтқан үш қасиеттің биігінде, сол қазынада деген сөз. Қазақ аталуы соңынан келген жоқ. Қазақ болып анау алғашқы адам болып, адамдар ұлт болып тарқалған кездегі қойылған ат. Кейін сол ат тайпалардан құралып барып қазақ аталды. Мұны да хатыңа енгізуге тырыс.
*Өңір деген не? Рухтар неге өңір деді. Ең бірінші сахабалар қай жаққа келді. Қай жерге олар көп жерленді. Қай жерде діни өте көп қан төгіс соғыс болды. Қай жерде діни кітаптар жазылды? Ілімде Өңір осылай терең түсініріледі. Себебі бұл жер ең бірінші Жәбірейіл ғалейһи уа салламның қанат қауырсыны құлаған жері. Алладан бата тілеген жері. «Ақ түймені» қойған жер. Қағбаны алып барып сызған жер. Соны Өңір дейді.
*Ал бұл сенің Өңірің ше? Пайғамбарымыздың дүниеге келгені туралы алғашқы хабарды алған жері. Осы Өңір ең бірінші пайғамбарымызға бабаларымыздың шыққан жері. Оның туылғанын да білді, пайғамбар болған күнінен бастап, сол кісіге жету үшін, шыққан бабалар ең алдымен осы жақтан шықты. Себебі алғашқы аян осы жерден қабыл алынды. Кітап ашылған жер. Алла жіберген үш кітаптың да демі түскен жер осы жер. Сол себепті бұл жерді Өңір дейді.
*Біз дінді қабыл алған жерміз. Алланың сөзін, кітабын. Түркістан –пайғамбардың туылғанын қабыл алған жер. Әр өңірдің өзіндік кереметтері бар. Сен жіберер осы хатың бірінші бөлігі бұл - Таныту.
*Бұл сенің жазуың – Танытуың. Сен патшаңа өзіне өзін танытып жатырсың. Сен өзіңді қалай танып тұрсың, Алла қалай танып тұр сендерді, сөйтіп таныту. Осы Танытуды Құран тілінде 39-шы «Зүмәр» сүресінің 7-ші аятымен жеткізесің.
«Егер кәпір болып кетсеңдер, оған Алла қиналмайды. Пендесінің кәпір дінсіз болғанын Құдай қаламайды да, ал егер сендер шүкірлік етсеңдер, оған Алла риза. Бір күнәһар екінші бір адамның күнәсі үшін күймейді. Кейін бәрің де Тәңір алдына қайтасыңдар. Қылмыстарыңды сонда өзі айтып береді. Шынын айтайық Алла жүректегі құпия сырларды да толық біледі».
(Жалғасы бар)
Бақтыбай Айнабеков
«Қазақстан қажылары» діни бірлестігінің төрағасы,
Ілімгер-жазушы
Abai.kz