Сенбі, 23 Қараша 2024
Билік 5647 26 пікір 17 Шілде, 2019 сағат 10:53

Мемлекет басшысының виртуалды қабылдауы ашылды

ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Ақорданың ресми сайтында виртуалды қабылдауы ашылғанын мәлімдеді.

Бұл туралы мемлекет басшысы Instagram желісіндегі жеке парақшасында жазды.

«Құрметті оқырмандарым! Менің парақшама мыңдаған оқырман пікірлерін жазып, сауалдарын жолдап жатады. Олардың ішінде жүйелі түрде жұмыс істеуді қажет ететін күрделі мәселелер де бар. Әркім өз сұрағына жауап алып, пікірінің ескерілгенін қалайды. Алайда, барлық өтініштерге осы парақша арқылы жауап беру мүмкін емес екенін өздеріңіз де жақсы түсінесіздер.

Қоғаммен пікір алмасуды жолға қою, әрбір азаматтың сұрауын қанағаттандыру, мұқтаж жандарға дер кезінде көмек көрсету мақсатында www.akorda.kz сайтында менің Виртуалды қабылдауым ашылды. Қазірдің өзінде Виртуалды қабылдауға көптеген хаттар келіп түсуде. Республика азаматтарының жеке немесе қоғамдық сипаттағы түрлі мәселелері бойынша өтініштері қаралады. Әр хат ресми тіркеледі, оны өзім де қараймын және Әкімшілік қызметкерлері де қарастырады. Бұл - еліміздің әрбір азаматы ресми түрде сұрау салуға мүмкіндік беретін, заңды күші бар виртуалды қабылдау», - деп жазды Президент.

Мемлекет басшысының бұл қадамын елді тыңдаудың, ел сөзіне құлақ асудың нағыз заманауи үлгісі деп қабылдауға болады. Қарапайым халық үшін ел Президентіне тікелей өтініш айту мүмкіндігі туса, бұдан өткен жақсылық бола ма?! Бұл виртуалды қабылдау - еліміздің әрбір азаматына Президентке ресми сұрау салуға мүмкіндік береді.

Abai.kz

26 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1487
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3256
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5522