Сейсенбі, 23 Сәуір 2024
46 - сөз 3724 7 пікір 22 Шілде, 2019 сағат 10:40

Мұстафа Шоқай - ұлттық мемлекет құра алды

Мұстафа Шоқай көтерген түрік халықтарының тұтастығы идеясының әлі күнге дейін (тіпті болашақта да) Ә.Бөкейхан бастаған алаш идеясына қарағанда ғылыми да өмірлік те маңызы өте жоғары екені ақихат. Әрине, мен бұл жерде алаш қозғалысын кемсітіп отырғаным жоқ. Алаш қозғалсы: идеясы, ұстанымы, мақсат-міндеттерінің қазақ халқы үшін алатын орны мен маңызы ерекше. Мұны ешкім жоқа шығара алмайды. Дегенмен еліміздің арғы бергі тарихында түрік халықтарының бірлігі маңызды болған.

Шаһабаддин Маржани, Исмайл Гаспралы, Жүсіп Ақшора, Фатих Каримов және тағы да басқа тұлғалар бастаған түрік халықтарының азаттық қозғалысынан, Мұстафа Шоқай көтерген түрік халықтарының тұтастығы идеясының шынайылығы біріншіден, ол түрік халықтарының басын қосып, 1917 жылы 28 қарашада Түркістан автономиясын өмірге әкелді. Яғни, саяси тұрғыдан қарайтын болсақ, ұлттық мемлекет құра алды. Сонымен бірге, Түркістан автономиясын бүкіл түрік халықтарының көрнекті өкілдері қолдады. Қоқан автономиясы өзінен-өзі ыдыраған жоқ. Өкінішке орай большевикер мұхтариатты күшпен ыдыратты.

Екіншіден,Түркістан мұхтариаты ыдырағанмен М.Шоқай бастаған түрік халықтарының азаттық қозғалысы еуропада көрініс тауап, әлемдік кеңістікке көтерілді.

Үшіншіден, қазіргі жаһандық ықпалдасу кезеңінде түрік халықтарының бірлігі, тұтастығы аудай қажет. Себебі, алысқа бармай ақ, көршілеріміз Қытай мен Ресейдің Орталық Азиядағы саяси, экономикалық және мәдени ұстанымы жас түрік мемлекеттері үшін қауіпті жағдай. Түрік халықтарының бөлінуі қаншама алапат қасіретке апарғаны тарихтан мәлім. Түрік халықтарының тұтастығы идеясының тарихи маңызы да зор. Тарихи маңызы демекші отандық тарихнамада түркілік көзқарас, ұстаным жетіспейді. Көне дәуірге бармай-ақ ХІХ ғасырдағы Қоқан, Хиуа хандықтарын өзбек мемлекетіне теңеп, қазақ халқы үшін қоқаңдаған озбыр ел ретінде көрсетеді. Бұл мемлекеттердің түрік халықтарына ортақ екені естен шығып кеткен. Ақ Орда, Ноғай Ордасы, Моғолстан қазақ тарихының бір бөлшегі болса, Қоқан, Хиуа хандықтарында тұтас қарастыруымыз қажет деп ойлаймын.

Сондықтан ХХ ғасырдағы түрік халықтарының көшбасшысы ретінде Мұстафа Шоқай ойып тұрып орын алады. ХХ ғасырдың бірінші ширегіндегі түрік мұсылман халықтарының ұлт-азаттық қозғалысының көшбасында Мұстафа Шоқай тұрды. Әлихан Бөкейхан қазақ халқының азаттық қозғалысының басында тұрса, Мұстафа Шоқай жалғыз қазақ қана емес, бүкіл түрік-мұсылман халықтарының азаттық қозғалысының басында тұрды, жетекшісі болды. Көшім Лекерұлы жазғандай Мұстафа Әлем танылған тұлғаға айналды. ХХ ғасыр басындағы қазақ зиялыларының күресі 1919 жылы Алашорда және Түркістан үкіметтерінің тарауымен тоқтаса, М.Шоқай сол тоқтап қалған түрік-мұсылман халықтарының азаттық күресін еуропада 1941 жылға дейін жалғастырды.

Бауыржан Еңсеповтың facebook парақшасынан

Abai.kz

7 пікір