Жексенбі, 25 Тамыз 2019
Ақмылтық 2061 54 пікір 22 Шілде, 2019 сағат 11:00

Тоқаев: Сталиндік қуғын-сүргінді кешіру мүмкін емес

Өткенде Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев туралы деректі фильм жария болды. Оны «31 арна» көрсетті. «Президент 2.0» деректі фильмінде Тәуелсіз Қазақстанның екінші президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы өзі һәм өз ұстанымы туралы егжей-тегжейлі әңгімелеп берген екен.

Деректі фильмде Президент Тоқаев өзінің әкесі Кемел Тоқаев туралы айтыпты.

«Ол өмірінің соңына дейін, соғыста жеңгені үшін Сталинге риза болып өтті. Бұл жерде үлкен қарама-қайшылық туындап тұр. Бір жағынан алып қарағанда, ол Сталиннің кесірінен жетім қалды. Ал екінші жағынан алып қарасақ, ол Сталинді Кеңес одағы Қарулы күштерінің Ұлы қолбасшысы деп санады», дейді Президент.

Сондай-ақ, деректі фильм барысында Қазақстан президенті журналистің «Сіз үшін Сталин кім?» деген сауалына да жауап беріпті.

«Мен үшін Сталин, әрине ірі тарихи тұлға. Бірақ, кез келген ірі тарихи тұлға сияқты Сталиннің де қарама-қайшы жақтары болды. Жаппай қуғын-сүргін, соның ішінде Қазақстан жеріндегі қуғын-сүргінді кешіру мүмкін емес. Сталиннің сойылын соққан шолақ белсенділердің қолынан көптеген қазақтың зиялы қауым өкілі түрмеде жазықсыздан жазықсыз қаза тапты. Екінші жағынан әкеммен де келісемін. Ел басына күн туған кезде Кеңес одағын басқарып, елді жеңіске жеткізді», дейді Президент Тоқаев.

Abai.kz

54 пікір