Сенбі, 23 Қараша 2024
46 - сөз 6632 7 пікір 26 Шілде, 2019 сағат 10:49

Мұхтар Жәкішев туралы бірер ой

Кешеден бері жолда келе жатып Жәкішевтің түрмеден босамауына қатысты түрлі пікірлер оқыдым. Кей данышпандар «Ойбай, біздің билік оңбаған екен, судьялар таза емес, т.б.» деп жатыр. Мұның барлығы дұрыс. Бірақ ойланатын бір мәселе бар.

Жігіттер, Жәкішев түрмеге күні кеше қамалған жоқ. Ол түрмеде отырғанына 10 жыл болды! Сіздер осы он жыл ішінде оны босату үшін нақты не істедіңіздер?

Өздеріңізге осы сұрақты қойып көріңіздер. Ештеңе істемедіңіздер ме? Онда неге өкпелейсіздер? Көппен бірге шулап пост жаздыңыздар, достарыңызға жақсы аттандыңыздар. Жарайсыздар! БІрақ бұл – аз!

Үнемі таза жүру үшін сіздер жуынасыздар, суға түсесіздер ғой. Тістеріңізді күту үшін оны жуасыздар. Тісіміз таза болсын, тәніміз таза болсын деп пост жазбайсыздар ғой. Ал, онда неге Сіздер пост жазған соң барлық судьялар тәуелсіз болып, әділ шешім қабылдайды, Жәкішевті босатып жібереді деп санайсыздар? Ол үшін нақты бір іспен айналысу керек!

Билік те мұны біліп отыр, ертең күн тәртібіне басқа «хайп» шығады, мынау ұмытылады. Шынында да азын-аулақ құқыққорғаушылардан басқа ешкім саяси тұтқындар мәселесімен жүйелі түрде айналысқан жоқ қой. Демократиялы елде, әділ сот жүйесімен өмір сүру үшін алдымен ол үшін әрекет ету керек.

Балтық елдері, грузиндер, қырғыздар бірнеше жыл бұрын демократия үшін шын күш салды. Оларға дейін поляктар, чехтар, венгрлер әрекет жасады. Олардан бірнеше ғасыр бұрын француздар, ағылшындарғ голландықтар мен американдықтар әрекет жасады. Ешкімге аспаннан ештеңе түсе салған жоқ. Ал сіздердің ол «әрекеттеріңіз» Фейсбукке пост жазуға кеткен 15 минут па?

Біреулер «Ой мынау Ұлттық кеңеске мүше болып, бір рет Семейге Жәкішевтің сотына барып келіп еді бәрімізді терістеп жатыр» деуі мүмкін. Жоқ, жігіттер. Мен бұлай айта аламын, өйткені мен өз балаларым шын мәніндегі құқықтық Қазақстанда өмір сүруі үшін қажетті әрекеттерді бұрын, мына ҰҚСК құрылғанға дейін бастағам! Мысал керек пе, былтыр Сайрагүл сотында болдым, марқұм Жампозов ісіне қатыстым, Максимовка ауылы тұрғындарына көмектесіп Көкшетауға бардым. 2016 жылы Атырауға Макс пен Талғаттың сотына қатыстым (ол сотта ФБ жұлдыздары аз болды), Макс пен Талғат туралы Үкіметтің ресми жиынында тікелей эфирден айттым. Жәкішевке өзім шығарған, адвокатының шығынын көтерген Арон Атабектің барлық кітаптарын жіберіп келдім, үйінің ремонтына көмектестім, Жаңаөзен мен Шетпедегі мұнайшылардың адвокаттарының ақшасын төледім, Ақтауға 6 рет барып, сотқа қатыстым, сонда отырған Серік Сапарғалиға көмектестім. Тұрабек Құсайыновқа көмектестім...

Егер сіздер шынымен Жәкішевті және басқаларды тезірек босатсын десеңіздер құр ФБ-да пост жазып отыра бермей маңыздырақ бірдеңе істеңіздер. Жоқ дегенде Өскеменде өтетін келесі сотқа уақыт бөліп, билет алып немесе өз көлігіңізбен барып қатысыңыз. Немесе адвокат пен құқыққорғаушының гонорарын төлеңіз. Егер ол үшін шын алаңдап жүрсеңіз сондай нақты шаруа істеңіз. Сөзге (постқа) сенбеймін. Іс-әрекет көріп тұрғаным жоқ.

Мұхтар Тайжанның facebook парақшасынан

Abai.kz

7 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1465
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3236
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5371