ҰҚК сайтында жарияланған суретте алты автомат және бір тапанша бейнеленген. Суретте арнайы жасақ қызметкерлері екі ер кісіні ұстап алып бара жатқаны көрінді. Суретте адамдардың түрлерін көрсетпеген.
Комитет таратқан баспасөз хабарламасында "сегіз Калашников автоматы және екі тапанша сату әрекеті тіркелгені", арнайы операция Алматы мен Шымкент қалаларында жүргізілгені айтылған.
"Олардың кейбіреуі зиянды діни ағым ұстанады, қылмыс әлемінің дөкейлерімен байланыс орнатқан" делінген комитет хабарламасында. Арнайы операциялардан қанша адам ұсталғаны айтылмады.
Комитеттің баспасөз қызметі Қазақстанда заңсыз қару сатқан ірі қылмыстық топ ұсталды деп хабарлады, дегенмен бұл қарулар қай елден келгені, олардың көлемі туралы мәлімет берілмеді.
Abai.kz