Жексенбі, 24 Қараша 2024
Жаңалықтар 2272 0 пікір 15 Шілде, 2011 сағат 05:23

Жүкел Хамайұлы. Күн кестесі (жалғасы)

ІҮ.

Жазба әдебиетіміздің басы - Орхон-Енисей жазуларынан өлеңсөздің бір тамаша ырғақты үлгісін көреміз - дауысты дыбыс пен дауыссыз дыбыстың үйлестігі мен үндестігі. Сол арқылы сөздің ішкі ырғақ - қимыл-қозғалысын пайда болдыру, өлеңсөздің басынан, аяғынан т.б...  ұйқасуы. Негізгі байқалатын нәрсе - сөз саптасының дыбыстық үйлесімін ұстана отырып, дыбыстық ұйқас арқылы тұтас бір сөйлемді өлең ырғағына айналдыру. Еуропа әдебиетінде осыған ұқсас тәсілді - францияның «велибер» деген сөзінен орысшаға айналдырып, оны «vers libre» деген мағынасында «свободный стих» деп, орыстың осы атауы арқылы қазақша да «ақ өлең» деп атап жүрміз. Бұл бізге тіпті ертеден қалыптасқан үлгі. Ерте дәуірдегі жырауларымыздың туындыларында мұндай үлгілердің талайы бар. Жұмекеннің өлеңдерінің негізі осы «ақ өлеңнің» қағидасына жақын келеді. Бірақ, орыстың «ақ өлеңінен» тұрқы бөлек, жолма-жол ұйқасқа құрылғаны, ежелгі түрік жазбасының үлгісіне ұқсайтын, тіптен, бұлардан да мүлде бөлек жүрек қылының ырғағына әр қалай құрылғандары да жетерлік. Мұның барлығы - әдебиетіміздегі тосын үлгілер. Арнайы зерттеуді қажет ететін дүниелер. Әсіресе, «Шуақ» жинағына енген, одан кейінгі жазылған жеке және топтама өлеңдері - әдебиетіміздегі жаңа үлгі, жаңа ырғақтар екендігі даусыз. Мысалы:

-          Туған жерің қай жер, - деді, - жаңа ақын?[9]

-          Ол жерде де аспан мен күн болатын.

-          Туған жерің қай жер? - деді бір келіншек күлегеш,

-          Қара жер! - деп жауап бердім, - су емес.

-          Он жылдықты қайда оқыдың? - деді ер бір,

-          Мектепте! - деп толқыдым мен, - оқытқан-ды өз ісіне ұсталар...

-          Ауа райы қандай еді о жердің?

-          Жауатұғын жазда - жаңбыр, қыста - қар,

Бұлттар маңып жататұғын биікте

Бар еді онда бұралқы ит те, киік те.

Шөптің басы сыбдырлайтын жел ессе..

-          Барлық жер де дәл осындай емес пе?!

Міне, - дедім,- енді дұрыс ұқтыңыз,

Қайда да бар ойлы жігіт мықты қыз.

Отанның қай жеріне де күн мен ауа тарайды,

Қай төбенің аспаны да арайлы

Қай төбе де, туған жер деп мақтануға жарайды.

(Жалғасы бар)

«Абай-ақпарат»

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1491
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3257
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5556