Жұма, 4 Қыркүйек 2026
4538 7 пікір 8 Тамыз, 2019 сағат 16:05

Тәжік билігі Құрбан айт мерекесінде кең дастархан жайғандарға айыппұл салады

Тәжікстан билігі Құрбан айт мерекесінде кең дастархан жайғандар жазаланатынын ескертті.

Дін және ұлттық дәстүрлер комиетінің баспасөз хатшысы Афшин Мукимнің хабарлауынша, Құрбан айт мерекесі кезінде комитет қызметкерлері елдің бірқатар ауданында рейд жүргізіп, халық жайған дастарханды тексереді. Кең дастарханға салынған тыйымды бұзғандарға 5 мың сомони (500 доллардан асады) айыппұл салынуы мүмкін.

Комитет өкілдері мереке күндері шағын дастархан жаюға кеңес берді. Онда экзотикикалық жемістер емес, жергілікті дәмдер, үйде пісірілген тағамдар қойылуы керек.

Екі жыл бұрын Тәжікстан парламенті "Дәстүрлер, мерекелер және ғұрыптар тәртібі туралы" заңға өзгерістер енгізді. Онда Рамазан және Құрбан айт мерекелері кезінде аста-төк дастархан жаюға тыйым салынған.

Abai.kz

7 пікір

Үздік материалдар

Көкжиек

Азаматтық қоғам һәм ғылым мен білім дамуы...

Ахметбек Нұрсила 820
Білгенге маржан

Париждегі кітап және қазақ даласының тарихы

Өмір Шыныбекұлы 2173
46 - сөз

«Білімге мәжбүрлеу»

Әбдірашит Бәкірұлы 553
Ақмылтық

Көшпендер ойыны құт болсын!

Серік Ерғали 530