Сейсенбі, 26 Қараша 2024
Жаңалықтар 2296 0 пікір 27 Шілде, 2019 сағат 12:38

«7-20-25» бағдарламасы аясында салынған үйлер жәрмеңкесі өтті

Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев өткен жылғы 5 қазандағы Жолдауында Қазақстан халқының күнделікті өмір сүру деңгейін қазіргіден де жоғарлатуды тапсырды. Аталған Жолдаудың ІІІ тармағы "Өмір сүруге жайлы орта қалыптастыру" деп аталады. Осы тараудың бірінші тармағында Сапалы әрі қолжетімді тұрғын үй салу керек екені айтылған.

Елбасы ел халқының баспаналы болуы үшін қандай нені басты назарда ұстап отырғанын білу үшін, Жолдауда айтқан сөзін қаз-қалпында беріп отырмыз.

- Бүгінде біз тұрғын үй құрылысына зор серпін беріп отырған «Нұрлы жер» бағдарламасын табысты іске асырудамыз. Тұрғын үй ипотекасының қолжетімділігін арттыратын жаңа ауқымдағы «7-20-25» бағдарламасы қолға алынды. Әкімдерге жергілікті бюджет есебінен жеңілдетілген ипотека бойынша алғашқы жарнаны ішінара субсидиялау мәселесін пысықтауды тапсырамын. Мұндай тұрғын үй сертификаттарын беру біліктілігі жоғары педагогтер, медицина қызметкерлері, полицейлер және өңірге қажетті басқа да мамандар үшін ипотеканың қол жетімділігін арттырады. Сондай-ақ, халықтың әлеуметтік тұрғыдан әлсіз топтары үшін ірі қалаларда жалдамалы тұрғын үй құрылысын ұлғайту қажет. Бұл шаралар 250 мыңнан астам отбасы үшін тұрғын үй жағдайын жақсартуға мүмкіндік береді. Бюджет есебінен салынатын жаппай құрылыс алаңдарына арналған инженерлік инфрақұрылым жүргізуді қоса алғанда, мемлекет бес жыл ішінде 650 мың отбасыға немесе 2 миллионнан астам азаматтарымызға қолдау көрсетеді, - деген болатын Елбасы.

Елбасының осы тапсырмасына сай еліміздің жер-жерінде қызу құрлыс жұмыстары жүріп, топ-тобымен тұрғын үйлер салынуда. Мемлекеттік бағдарламамен тұрғын үй алған қазақстандықтардың санын да шек жоқ. Бұл жұмыстар алда да дәл осындай бағытта, осындай қарқынмен жалғасары сөзсіз.

Осындай игі шаралардың бірі жақында Қарағанды облысында орын алды. Анықтап айтқанда Қарағандыда мемлекеттік «7- 20- 25» бағдарламасы аясында салынып жатқан тұрғын үйлердің арнайы жәрмеңкесі өтті. Бұнда өңірдегі 13 құрылыс компаниясы мен «Баспана» ипотекалық ұйымының сегіз серіктес банкі өңірдегі тұрғындарға ипотекалық несие алудың тиімді жолдарын түсіндіріп берді.

Ерекше атап өтуіміз керек, бұл ұйымдастырылған тұрғын үйлер жәрмеңкесі баспанаға мұқтаж жандардың «7- 20 – 25» бағдарламасы арқылы баспаналы болуына көмектесу үшін ұйымдастырылып отыр. «Баспана» ипотекалық ұйымының мәліметінше, бұл бағдарламаның аясында жаңадан салынған пәтерлерге жеті пайызбен жиырма жылға, ал екінші нарықтағы тұрғын үйлерге 7,75 пайызбен он бес жылға несие беріледі. Одан да жақсысы бұндай мүмкіндіктен жалақысы сәл төмен азаматтарда игіліктене алады.

Осы жоба арқылы баспаналы болғысы келген қарағандылық тұрғын Жұлдызай Қарабекова арнайы жәрмеңкеге келген. Оның айтуынша, жас отбасы үш жылдан бері пәтер іздеп жүр. Қазірге дейін баспана жалдап тұрып жатыр екен.

Табысымыздың басым бөлігі үй жалдауға кететіндіктен, баспанаға мардымды қаржы жинау қиын. Сондықтан біз өз жағдайымызға қарай екі бөлмелі үй қарастырып жатырмыз, дейді ол.

Өз кезегінде «Eurazia Building» ЖШС Қарағанды көп пәтерлі тұрғын үй кешенінің директоры Дархан Сәдуақас қала тұрғындарының баспаналы болуына үлкен мүмкіндік туып тұрғанын айтты. Оның сөзінше, тұрғындар өз қалауынша бизнес санаттағы немесе қолжетімді бағадағы пәтерлер ала алады.

Айта кетерлгі, салынған үйлерді «Нұр Отан» партиясының арнайы комиссиясы қадағалалап тексеріп, өткізіп алады. Олар тұрғындардың арнайы бағдарламамен баспана алуын ғана емес, салынған үйдің сапасын да саралап, қадағалайды.

Құрылысқа қандай материалдар қолданылды, қалай салып жатыр, инфрақұрылымы бар ма деген сияқты талаптар бойынша тексеріп, қажет жағдайда өзгерістер мен ұсыныстарымызды айтамыз. Мәселен, біз осы салынған үйлердің бірінші қабатында егде жастағы адамдардың көңіл көтеру орталығы мен балабақша орналасса деген ұсыныс жасап отырмыз, – дейді «Нұр Отан» партиясы Қарағанды облыстық филиалы төрағасының орынбасары Қадиша Оспанова.

Болашақта Қарағанды қаласының орталығы болады деп жоспарланып отырған қаланың оңтүстік шығысында тұрғын үйлер көптеп салынуда. Әкімшіліктің есебіне сенсек, осы жәрмеңке кезінде 450 адам 4 жарым млрд теңге мөлшерінде ипотекамен үй алуға тапсырыс берген. Ұйымдастырушылар бұндай бастамалар алда жиі өтіп тұратынын айтады.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1533
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3313
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 6006