Сейсенбі, 20 Тамыз 2019
790 0 пікір 14 Тамыз, 2019 сағат 14:13

Ұлттық театрлар Қостанайда өтетін фестивальға жиналады

Ағымдағы жылдың 20-23 тамыз аралығында Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрлігі Қазақстанның ұлттық (этникалық) театрларының V республикалық фестивалін өткізеді. Қазылар алқасы ретінде Е.Жуасбек, М.Токарев, А.Еркебай, С.Қамиев сияқты танымал театр сыншылары мен әртістері, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты Н.Жұмаділдаева өз тараптарынан фестивальға қатысуға дайындықтарын білдірді. 

Фестиваль бағдарламасы төрт күнге әзірленген. Фестивальдің салтанатты ашылу рәсімі 20 тамызда сағат 10:00-де және І. Омаров атындағы Қостанай облыстық қазақ драма театрында өтеді.

Одан кейін мемлекеттік Республикалық академиялық корей музыкалық комедия театрының труппасы («Махаббат туралы Поэма» спектакль-эпосы) және Қостанай облыстық орыс драма театрының труппасы («Ақ келіннің махаббаты мен өлімі» трагедиясы) атты үздік қойылымдарын ұсынады.

Екінші күні, 21 тамызда, көрермен алдында Шымкент қалалық Өзбек драма театрының («Қасқыр ұлыған түн» драмасы) және І. Омаров атындағы Қостанай облыстық қазақ драма театрының әртістері («Ақ бас бүркіт» драмасы) өнер көрсетеді.

Ал үшінші күні, 22 тамызда, театр сахнасында мемлекеттік К. Қожамьяров атындағы Мемлекеттік республикалық академиялық ұйғыр музыкалық комедия театрының ұжымы өнер көрсетеді («Апат» музыкалық пластикалық спектаклі).

Фестивальдің салтанатты жабылуы мен жеңімпаздарды он номинация бойынша марапаттау Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасары Ж.Қ. Түймебаевтың, ҚР Мәдениет және спорт министрі А.Р. Райымқұлованың, Қостанай облысының әкімі А.Б. Мухамбетовтың қатысуымен ағымдағы жылдың 23 тамызында сағат 10:00-де Жастар сарайында өткізіледі.

Сонымен қатар, негізгі бағдарламадан тыс фестиваль қатысушылары үшін Қостанай қаласының көрікті жерлерін көрсетуге арналған мәдени бағдарлама қарастырылған.

Фестивальдің ұйымдастырушысы Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрлігі Қазақстан халқы Ассамблеясының, Қостанай облысы әкімдігінің қолдауымен.

Барлық көрермендерге фестивальға кіру тегін.

Abai.kz

0 пікір