Сенбі, 23 Қараша 2024
Аймақ 4417 0 пікір 15 Тамыз, 2019 сағат 18:07

Сырбойылық өнерпаздар Өзбекстанда өнер көрсетті

Өзбекстанның Новои қаласындағы «Фархад» мәдениет орталығында Қызылорда облыстық филармониясының Тұрмағамбет атындағы халық аспаптар оркестрі және жеке орындаушылар өнер көрсетті, - деп хабарлайды Абай-ақпарат.

Аталған шараның негізгі мақсаты – мемлекетаралық достықты нығайту, бейбітшілікті насихаттау. «Өзге ұлттың тілі мен әдеп-ғұрыптарын, салт-дәстүрлерін, мәдениетін білу және рухани болмысын тану тұтас бір қоғам үшін зор тәжірибе» дейді шараға қатысушылар.

Өзбекстандағы Қазақстан жылының аясында ұйымдастырылған шарада Тұрмағамбет атындағы халық аспаптар оркестрімен қатар Бас дирижері «Құрмет» ордені, Мәдениет қайраткері төсбелгісінің иегері Кеулімжай Ботабаев, дирижері «Мәдениет саласының үздігі» төсбелгісінің иегері Күлдәрі Избанова өнер көрсетті. Мәдени кеште Қорқыт, Түркеш, Құрманғазы, Әлшекей сынды дала композиторларының туындылары орындалды. Әсіресе, Сыр бойында сақталған ерекше феномен – көмей тілді қозғай жырлайтын музыкалық мәдениетіміздегі ең көне, ең күрделі өнерімізді бауырлас ел зор ықыласпен қабыл алды. Сонымен қатар, екі мемлекеттің достығының айғағы ретінде өзбек халқының шығармалары, би қойылымдары сахналады.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1482
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3254
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5480