Жексенбі, 20 Сәуір 2025
Билік 8312 27 пікір 16 Тамыз, 2019 сағат 18:19

Әлімжанов пен Әбдіхалықова депутат болды

Бүгін өткен «Nur Otan» партиясының Саяси кеңес Бюросының отырысында Нұрлан Әлімжанов, Гүлшара Әбдіхалықова қатарлы азаматтарға Парламент Мәжілісі депутаттарының мандаттары берілді.

Бұл туралы «Nur Otan» партиясының Twitter-дегі парақшасында хабарланды.

"Партия Лидері Н.Ә. Назарбаевтың төрағалығымен өткен Саяси кеңес Бюросының отырысында «Nur Otan»-ның партиялық тізімі бойынша Г.Н.Әбдіқалықоваға, Н.Б.Әлімжановқа, Н.К.Әшімбетовке және Ж.Қ.Омарбековаға Парламент Мәжілісі депутаттарының мандаттарын беру туралы шешім қабылданды", - деп жазды «Nur Otan»-ның баспасөз қызметі.

Сонымен қатар, осы отырыста Нұрсұлтан Назарбаев 21 тамызда Үкіметтің, Парламент Мәжілісіндегі партия фракциясының және аймақ басшыларының қатысуымен Саяси кеңестің кеңейтілген отырысын шақыру туралы қаулыға қол қойды.

Abai.kz

27 пікір

Үздік материалдар

46 - сөз

Қайраулы қара семсер

Есболат Айдабосын 2061
Анық-қанығы

Еуропаға Ресей аумағынсыз шығу жолы

Асхат Қасенғали 4924
46 - сөз

Бізге беймәлім Барақ хан

Жамбыл Артықбаев 4124