Сейсенбі, 17 Қыркүйек 2019
926 0 пікір 19 Тамыз, 2019 сағат 10:17

ПМУ және Astana HUB ықтымақтастық жөніндегі меморандумға қол қойды

Павлодар қаласындағы Инвесторлар үйінде «Заманауи ақпараттық технологиялар және бизнес» атты ІІ аймақтық ІТ форум өтті.

Шараға ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Асқар Жұмағалиев, облыс әкімі Болат Бақауов, айти-технологиялар саласындағы сарапшылар қатысты.

Қатысушылар алдында ҚР Сыртқы істер министрінің орынбасары Е. Көшербаев сөз алды. Министр орынбасары жобалардың тиімділігін тілге тиек етіпғ олардың пайдалану тиімділігі жөнінде сөз алды.

«Электробайк жасау - бір іс, бұл істі жаппай өнеркәсіпке айналдыру керек. Халықаралық талаптарға сәйкес бизнес жоспар әзірлеп, инвесторарды қызықтыру керек», - дейді Е. Көшербаев.

Форум аясында IT-жобалар көрмесі ұйымдастырылып, болашақта жүзеге асырылмақ. Олардың қатарында Павлодар мемлекеттік университетінің 13 жобасы бар. Атап айтқанда, бос орындарға үміткерлерді таңдауға арналған HRD Everest жүйесі,  «Student Servicing Center» – студенттерге онлайн режимде қызмет көрсету, «OpenU» –онлайн режимде білім алу бағдарламасы, «Education Bot» – Telegram-бот білім беру саласында қызмет алу қосымшасы.

Сонымен қатар, қатысушылар ауаға мониторинг жасау инновациялық жобасымен танысты. Жоба өкпе ауруларын азайту,  медициналық диагностикалық білезіктің көмегімен пациенттің денсаулығын бақылау мақсатын көздейді. Мамандардың назарына

«ТОР» электр мотоциклі, сұрыптық фасонды прокатты өндіру технологиялары ұсынылды.

Форум барасында Astana Hub бас директоры Хаб Joseph Kenneth Ziegler және ПМУ ғылыми жұмыс және инновациялар жөннідегі проректоры, б.ғ.к. профессор Нұрлан Ержанов технопарк пен университет арасындағы ынтымақтастық меоморандумына қол қойды.

Форум шеңберінде хакатондар сериясының жеңімпаздары марапатталды. Жүлде қоры 1,5 млн. теңгені құрады.

Abai.kz

0 пікір