Гүлбаршын АЙТЖАНБАЙ . Шекара бойынан алыстап барамыз...
«Солтүстік Қазақстан облысында соңғы бес жылдың көлемінде аймақтың картасынан 48 ауыл жойылған. Бүгінгі күні Солтүстік Қазақстан облысы бойынша 700-дей елді мекен қалса, олардың әрбір оныншысы «болашағы жоқ» деп танылған. Себебі мұндағы тұрғындар саны 50-ден аспайды. Ал кейбіреулерінде, тіпті бір-екі адам ғана қалған». Бұл жерде назар аударарлық мәселе - айдың күннің аманында картадан сызылып жатқан елді мекендер еліміздің батыс, шығыс аймағында, Ресеймен шекараласып жатқан аймақтарына тиесілі екен. Бұл тек қана солтүстік өңірлердегі жағдай емес. Мемлекеттік шекара төңірегінде еліміздің он екі облысындағы бірнеше аудан, ауылдарында да осы тақылеттес мәселе бар. Кез келген елдің шекаралық елді мекендері сол елдің ішкі ахуалынан хабар береді. Шекараның арғы бетіндегі мемлекеттердің халқы ойсырап тұрған олқылықтарымызға қарап, Қазақ елі туралы ой түйеді. Тек былтырғы жылдың өзінде еліміздің солтүстік өңірі Қостанай облысында 20 елді мекен ресми түрде жабылса, жалпы, соңғы бес жыл ішінде 127 ауыл жойылған. Ал Шығыс Қазақстан облысында 2005 жылдың 1 қаңтарындағы мәлімет бойынша, 874 елді мекен тіркелген. 2010 жылдың 1 қаңтарындағы мәлімет бойынша, ауылдардың саны 785-ке дейін азайған. Яғни осы уақыт ішінде шығыс аймақтан 62 елді мекен жойылып кеткен.
«Солтүстік Қазақстан облысында соңғы бес жылдың көлемінде аймақтың картасынан 48 ауыл жойылған. Бүгінгі күні Солтүстік Қазақстан облысы бойынша 700-дей елді мекен қалса, олардың әрбір оныншысы «болашағы жоқ» деп танылған. Себебі мұндағы тұрғындар саны 50-ден аспайды. Ал кейбіреулерінде, тіпті бір-екі адам ғана қалған». Бұл жерде назар аударарлық мәселе - айдың күннің аманында картадан сызылып жатқан елді мекендер еліміздің батыс, шығыс аймағында, Ресеймен шекараласып жатқан аймақтарына тиесілі екен. Бұл тек қана солтүстік өңірлердегі жағдай емес. Мемлекеттік шекара төңірегінде еліміздің он екі облысындағы бірнеше аудан, ауылдарында да осы тақылеттес мәселе бар. Кез келген елдің шекаралық елді мекендері сол елдің ішкі ахуалынан хабар береді. Шекараның арғы бетіндегі мемлекеттердің халқы ойсырап тұрған олқылықтарымызға қарап, Қазақ елі туралы ой түйеді. Тек былтырғы жылдың өзінде еліміздің солтүстік өңірі Қостанай облысында 20 елді мекен ресми түрде жабылса, жалпы, соңғы бес жыл ішінде 127 ауыл жойылған. Ал Шығыс Қазақстан облысында 2005 жылдың 1 қаңтарындағы мәлімет бойынша, 874 елді мекен тіркелген. 2010 жылдың 1 қаңтарындағы мәлімет бойынша, ауылдардың саны 785-ке дейін азайған. Яғни осы уақыт ішінде шығыс аймақтан 62 елді мекен жойылып кеткен. Айта кетерлігі, бұл облыстарда алдағы уақытта да жойылып, тізімнен шығарылуы тиіс ауылдар жетерлік көрінеді. Экономист Мырзакелді Кемелдің айтуынша, бізде күні бүгінге дейін шекаралық елді мекендердің мәртебесі әлі күнге дейін анықталмаған. Жоспарсыз урбанизация күшейген. Ауыл шаруашылығын көтеруге жіберілген қыруар қаржы құмға сіңген су секілді, тиісті көзін таппай жатыр.
- Ол олқылықтың орнын «Көші -қонға» байланысты заңға өзгерістер мен толықтырулар енгізу арқылы толықтыруға болады. Мысалы, шеттен келген ағайындарды босап қалған елді мекендерге орналастырып, олардың ел-жерге сіңіп кетуі үшін салық-несие жеңілдіктерін беру. Ауылдарда атакәсіп - мал шаруашылығын дамытсақ, кең-байтақ жерімізді де, ауылдарымызды да сақтап қалуға әрі халқымызды құнарлы табиғи мал өнімімен қамтамасыз етуге жол ашылар еді. Бір жағынан, ауылдан қалаға қарай босқан халықты ауылдан жұмыс тауып тұрақтандыруға мүмкіндік туар еді. Сондықтан біз ауылдарды сақтап, мал шаруашылығын дамытуға ден қоюымыз қажет, - дейді экономист. Шынында да, еліміздегі 7002 ауылдың 4258-нің даму мүмкіндігі орташа болса, 102 ауылдың келешегі бұлыңғыр, күдік пен үмітке толы. Қазіргі таңда қанша ауылдың қаңырап бос қалғандығын есепке алып жатқан ешкім жоқ. Сонда дейміз-ау, Ауыл шаруашылығы министрлігі 2004 жылдан бері ауылдық жерлердің жағдайын жақсартуға 766 миллиард теңге жұмсалғанынан мәлімет берсе, оның қаншасы тиімді пайдаланылды екен? Онда неге ауыл қаңырап, биліктің назарынан тыс қалады? Бұл жоғарыда көрсетілген қаржы көзін пайдаланудағы салдыр-салақтық па, әлде басқа жағдайлар ма? 1993 жылы қабылданған «ҚР әкімшілік-аумақтық құрылымы туралы» заңға сәйкес, тұрғындар саны 50-ден аз қалған ауылдар тізімнен қысқартылуы тиіс. Қашан да жоқтан бар жасаудан гөрі барды жоқ ете салу - оңай әдіс. Әзірге жергілікті билік мәселені шешудің оңай жолы «ауылдарды жабу» деп түсінуде. Олардың қатарына шекара бойындағы елді мекендердің де ілініп кете барғаны. Журналист Марат Тоқашбаев былай дейді:
- Қытай соңғы жылдары Қазақстанмен, Ресеймен шекараласқан аймақтарына халқы 1 млн асатын үлкен қалашықтар тұрғызып жатыр. Мұндай процесс Ресейде, Өзбекстанда да байқалады. Ал біз, керісінше елді мекендерді оңтайландыру деген желеумен шекара бойынан алыстап барамыз. Соңғы 15-20 жылдың ішінде осындай қараусыздықтан бармақ тістеп қалған сәттеріміз аз емес. Мысалы, Кеген ауданы мен Нарынқол ауданының біраз елді мекендерін оңтайландырдық. Одан не ұттық? Біздің бала күнімізде шекара бойындағы ауылдардың қариялары амандықтан соң, «төлқұжатың бар ма» деп сұрайтын. Мемлекет шекарадан басталады. Ендеше, оның бойындағы елді мекендердің мәртебесі Парламентте ғана емес, Қауіпсіздік кеңесінде де қаралуы тиіс.
Жалпы, халқымыздың 47 пайызы ауылда тұрады. Олардың дені мемлекетіміздің атын алған ұлт өкілдері екенін ескерсек, онда назардың аударылуы да екі есе болуы керек емес пе?.
Жалпы, Қазақстанда 72 аудан бар болатын болса, олардың үштен бірі адамдардың өмір сүруіне қолайсыз аймақ саналады екен. «Неге бұлай?» деген сұраққа үңілген кейбір мамандардың айтуынша, ол жерлердің көпшілігінде егістіктің сортаңдануы басым. Осы мәселенің арғы жағында кейбір ауылды жерлердің «болашағы жоқ» деген меңзеу жатқан сияқты. Бұндай пікірлерге қарсы ауылшаруашылығы мамандарына сенсек, «болашағы жоқ ауыл» деген мәселе болмауы керек. Өйткені «қазіргі ғылыми-техникалық прогрестің даму бағыт-бағдары ондай пікір-тұжырымдарды жоққа шығарады» дейді олар. Бұл сөздің жаны барлығына ешқандай шек келтіре алмаймыз. Бірақ осындай қараусыздықтың салдарынан шекара бойынан алыстап барамыз.
Гүлбаршын АЙТЖАНБАЙ
http://www.aikyn.kz/index.php?option=com_content&task=view&id=8984&Itemid=2