Жұма, 22 Қараша 2024
Жаңалықтар 3770 0 пікір 28 Шілде, 2011 сағат 05:11

Досым Сәтпаев: «Саясат алаша астындағы итталасқа айналып кетті»

Президенттің саяси кеңесшісі Ермұхамет Ертісбаевтың ресейлік «Коммерсантъ» газетіне берген сұхбаты қоғамда талқыға түсуде. Соның бірі саясаттанушы Досым Сәтбаевтың пайымы. Ол  «j» интернет газетінің тілшісі қойған сауалдарға жауап беріпті.

- Досым, Ертісбеавтың ортаңғы күйеу баласының қайын атаның орнын басатындығы турасындағы пайымы қаншалықты байсалды? Оның ресейлік басылымға шығуы биліктің төресімен келісілген деп ойлайсыз ба?

- ... Мен Ертісбаевтың пайымына аса сақтықпен қараймын.Өйткені, Ақордада қандай да бір саяси ойынның басталғаны байқалғанын жоққа шығаруға болмас. Басқа жағынан, Ертісбаев Тимур Құлыбаев тұлғасын тақ мұрагері ықтимал екендігін жариялауы белгілі бір қызығушылық тудыратыны да рас. Оның «Газпромның» тәуелсіз директоры болғандығына қарап та, Қазақстанның келесі президенті ортаңғы күйеудің болуын мүмкіндете түсті. Осылайша, ресейлік саяси және бизнес элита алдында Назарбаевтың мұрагерлерінің бірі ретінде Құлыбаевтың таныстырымын өткізгендей әсер бар. Одан басқа, бұл күйеудің Қазақстандағы жағдайы нығая түсті, бұл да Ертісбаевтың уәжін бекіте түсер дәйек.

Президенттің саяси кеңесшісі Ермұхамет Ертісбаевтың ресейлік «Коммерсантъ» газетіне берген сұхбаты қоғамда талқыға түсуде. Соның бірі саясаттанушы Досым Сәтбаевтың пайымы. Ол  «j» интернет газетінің тілшісі қойған сауалдарға жауап беріпті.

- Досым, Ертісбеавтың ортаңғы күйеу баласының қайын атаның орнын басатындығы турасындағы пайымы қаншалықты байсалды? Оның ресейлік басылымға шығуы биліктің төресімен келісілген деп ойлайсыз ба?

- ... Мен Ертісбаевтың пайымына аса сақтықпен қараймын.Өйткені, Ақордада қандай да бір саяси ойынның басталғаны байқалғанын жоққа шығаруға болмас. Басқа жағынан, Ертісбаев Тимур Құлыбаев тұлғасын тақ мұрагері ықтимал екендігін жариялауы белгілі бір қызығушылық тудыратыны да рас. Оның «Газпромның» тәуелсіз директоры болғандығына қарап та, Қазақстанның келесі президенті ортаңғы күйеудің болуын мүмкіндете түсті. Осылайша, ресейлік саяси және бизнес элита алдында Назарбаевтың мұрагерлерінің бірі ретінде Құлыбаевтың таныстырымын өткізгендей әсер бар. Одан басқа, бұл күйеудің Қазақстандағы жағдайы нығая түсті, бұл да Ертісбаевтың уәжін бекіте түсер дәйек.

Алайда, «біріншімен» келіспей, мұрагерлікке емеурін білдіру Ертісбаевқа залал болуы әбден мүмкін. Қалай болғанда да, бас кеңесшінің уәжі барлық «и-лердің» басына нүкте қою үшін ойластырылған деуге ертерек. Биліктің келесі қадамдарға қалай баруын аңду керек.

Дегенмен, «Елбасы туралы» заң қабылданғаннан бері элитаның төзімі кеткені де байқалады. Сол кезде жұрттың бәрі президентке бірнеше жыл бойына мұрагерлікті өткізу тетігін ойластыру керектігі туралы жорамалдағаны белгілі. Бірақ былтыр олай болмады, биыл мерзімнен бұрын президент сайлауының болғаны мәлім. Сөйтті де, элитаның арасын шыдамсыздану деңгейі керней түсті. Жалаң түрде, бәрі де Назарбаевты 2030 жылға дейін президент есебінде көргісі келеді, бірақ іштей бәрі де Назарбаевтан кейінгі мерзімге әзірленуде.

Элита кімге сүйенерін білмей дал болуда. Ірі ойыншылар өздерінің фигураларын саяси алаңға шығаруға тырысатындығы өз алдына, ал шын мәнінде қай аттың бәйгенің алдында келерін өз бетіңмен анықтау бөлек шаруа. Таңдауда жіберілген қате өмір бойы оңдырмайтын салдарға апарып соғуы мүмкін. Березовский мен Абрамовичтің ресейлік сценариін еске алыңыз. Березовский Ельциннің мұрагері ретінде Путинге мән бермеп еді, ал Абрамович оны керісінше бағалады.Соның салдарынан олардың түрлі тұғырға қонғанын білеміз.

Қазақстандағы билікті мұралау тетігі қандай болса да, көңілді көншітпейді. Ол қалай болса да, демократиялық емес жолмен «шонжардың шекпенін иығыңа іліп көр» тұрғысы бойынша өтеді. Бұл жаман. Бұл саяси сарапты кері кетіреді. Дәл қазіргі жағдайда саясат алаша астындағы итталасқа айналып кетті.

- Құлыбаев билікті алған жағдайда Назарбаев саясатын жалғастыра ала ма?

- Мәніне үңілсек - иә, өйткені, Құлыбаевтың басты міндеті билікті сақтап қалу ғана емес, меншік үлестіру тәртібін де сақтау ғой. Әрине, оған қазіргі экономикалық кеңістікті қайта пішудің мәні жоқ, себебі оған өз ұстанымын нығайтып алуға уақыт керек болады. Сондықтан ол өтпелі кезеңде назарбаевтық бағытты сырттай жалғастырған болады. Бірақ, мен екінші Назарбаевтың болмайтындығын айтушы сарапшылармен де келісемін.Тимур Құлыбаевты екінші Назарбаевқа жатқызудың реті болмас. Ол мінезге де, лидерлік сапаға да қатысты жайт. Назарбаев қалай болғанда да жүйені өзіне үйлестіріп жасақтады. Әрине, Құлыбаев та бұл жүйеге белгілі бір өзгерістер жасайды, бірақ бірден емес. Оның постназарбаев кезеңде соқтығатын жалғыз мәселесі, ол - элитаның бір бөлігінің өзіне деген жағымсыз қатынасы болмақ. Мұндай жағдайда Құлыбаевқа қарсыластарына қатысты барынша қатаң шара қолдану керек болады. Одан басқа, шетелдегі қашқын алпауыттарды- Рахата Әлиев, Мұхтар Әблязов пен Әкежан Қажегелдиндерді де ұмытуға болмас. Өз басым, бұл үштіктің постназарбаев кезеңінде саясатқа тікелей де, жанама түрде де араласуға  құлқы болатынын сезем, тіпті, олардың кейбірінің отанға қайтып оралу тілегі де болуы ықтимал. Бұл Құлыбаевты қуантар деп ойламаймын.

- Бүгін Құлыбаев Астанада ірі басылымдардың бас редакторларымен кездесуде. «Мұрагер» билік алмасу жағдайына Құлыбаев БАҚ-тан қолдау іздестіріп жатқан жоқ па?

- Тимур Құлыбаев бұл кездесуде Ертісбаевтың ойларын жалғап, жігіттерге өзінің «піскендігін» меңзесе қызық болар еді. Онда кеңесшінің сөзін ақпараттық артдайындық деп қабылдауға болар еді. Дегенмен, Құлыбаевтың міндеткерлік лауазымы барын да ұмытпайық: ол - «Самұрық-Қазына» басшысы. Көптеген сауал осының төңірегінде болуы да мүмкін...

- Құлыбаевтың мұрагерлікке үміткерлігі қаншалықты шынайы. Тіпті, оның өзі де білмейтін құпия түрде таңдалған басқа мұрагер болуы мүмкін ғой?

- Біздің елде президент мұрагері дегенде, екінің бірі ұғылады: не сені абыройсыздыққа ұшыратуға тырысқаны, не бұл шешімнің қабылданып қойғандығы. Мұрагерлік туралы Әблязов секілді оппозиялық қайраткер емес, қазіргі президенттің кеңесшісі - Ермұқамет Ертісбаев айтты. Оның алдында Құлыбаевты масқаралау тұрды деп ойламаймын. Бірақ, бұл ойында да тасадағы ойыншылардың да тұрғанын есептен шығара алмаймын. Өзіңіз де білесіз ғой, біздің елде саяси үдерістердің қаншалықты болжамға сәйкеспейтінін.

Егер президенттің ақыл-ойы мен денсаулығы мығым болса, өзіне мұрагердің кім екенін оның өзі анықтауы керек. Оның отбасы бұл іріктеуде мол мүмкіндігі бар. «Елбасы туралы» заң Назарбаевқа, тіпті, президент болмаса да елдегі саяси үдеріске ықпал етерлік қомақты басқару ырғауыштарымен мүмкіндік беріп қойған және елбасы болуды жалғастыра бермек.

Бірақ Әбіқаевтан бастап Есімовпен аяқталатын ескі гвардияны ұмытуға тағы болмайды. Өйткені, олар осы жүйенің сақталуына бірден бір мүдделі топ. Және олардың болашағы екінші президентпен бұлыңғыр. Сонымен бірге олигархтық саяси бюроның белсену нұсқасы да болуы ықтимал. Элиталық бизнес топ үміткермен уақытша келісіп, жоспар құруға уақыт ұтуды ойлауы да мүмкін. Қанша ерсі болса да, Қазақстан үшін осы нағыз тиімді (демократиялық емес) нұсқа болмақ. Өйткені, билікті түрікпенше мұралау ішкі топтардың соқтығысына әкеліп соқпақ. Сосын сайып келгенде, бәрібір қуыс-қолтық келісімге әкеліп соғады.

- Ермұхамет Ертісбаев биылғы күзде мерзімнен бұрын парламенттік сайлау жариялануын жоққа шығармайды...

- Оның жоғарыдағы айтқанымен салыстырғанда, мерзімнен бұрын парламенттік сайлаудың болуы баланың құмқораптағы ойыны іспетті нәрсе. Бірақ қанша қайғылы десек те, парламент мұрагер жөніндегі ойында қосалқы маңызға ғана ие. Президенттің қатесі сол, ол соңғы жылдары өзінің мұрагері иек артатындай қауқарлы саяси институт қалыптастыруға күш жұмсамады. Мұрагер енді белгілі бір элиталық топты ғана тірек етеді де, ол ахуал өзге топтар арасында жанжал тудыратын болады. Путиннің өзі алпауыттармен алысқанда күштік құрылымға сүйенуге мәжбүр болды. Құлыбаевтың кімге сүйенетінін болжау қиын, өйткені, «Нұр Отан» Назарбаевтың партиясы болып қалады. Ол кетісімен ықпалды тұлғалар осы партияда қала бермесіне кім кепіл. «Ақ жол» болса, асығып-аптығып илене салған нәрсе, болашағы бұлдыр. Құлыбаев оған сүйенсе, кетпеннің сабын басқандай болады. Өйткені,  «Ақ жол» партиясы «Нұр Отанның» бір бөлігі іспетті. Ол қоғамдық санаға ықпал ете алмайды. Ақтөбе облысындағы оқиғаны алыңыз, елде Қазақстанды өздерінше көргісі келетіндер барын байқатты. Халық болса, бейформал лидерлерге еруі мүмкін.Элита болса, соңғы жиырма жыл ішінде қалыптасқан қоғамды өте нашар біледі, сондықтан ол билік алмасу кезінде наразы топтардың тарапынан не боларын болжай алмайды.

«Абай-ақпарат

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1462
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3229
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5299