Сенбі, 23 Қараша 2024
46 - сөз 12129 2 пікір 16 Қыркүйек, 2019 сағат 11:15

"Мемлекет деген мен!"

- деп айтыпты мыс, Франсиа королі Людовик 14.
Францияны 72 жыл (1643-1715) билеген бұл монарх өз билігі кезінде Франция халқын біріктіріп, мемлекеттің әскери қуатын еселеп арттырды. Алыс-жақынға Францияның саяси беделін көтерді, Франция мәдениетін өркендетіп, өз елін "интеллектуалды орталық" ретінде сыртқа танытты.
Оның ел билеген ғасыры - Францияның "алтын ғасыры" ретінде тарихқа енді.

... Шынында да, дәл осындай Монарх, Авторитет, ел билесе, мемлекетті осындай жетістікке жеткізсе - онда оның Халқы да монархтың елді 72 жыл емес, 100 жыл билегенін қалар еді...

Людовиктің "Мемлекет деген мен!" деген астамшыл сөзі оның іс әрекетімен қабысып жатты!
Ол мұндай "астам сөзді" маңайындағы жағымпаздарға тойтарыс ретінде айтыпты десек те, ол бұл сөзін Халқына арнап айтқаны анық!!!

Себебі, Людовик өзінің "күшті мемлекет құру жөніндегі" озық ойларын Франция халқымен бірлікте жүзеге асыра алды!
Себебі, Людовик те, ол билеген мемлекеттің Халқы да "Мемлекет" дегенді "Дана билік пен Әрекетшіл біртұтас халық" деп ұғып, - Король мен Халықтың ойы бір арнада тоғыса алды!

Ал, бірақ, Ел билеуші ондай астам сөзді маңайындағы жағымпаздарға ғана арнап айтқан болса, онда оның бұл сөзінің мағынасы өзгеріп, тіптен басқаша болып шығар еді...
Онда бұл сөз, шамамен:
"Менің жақындарым және жағымпаздарым!
Өтірік-шын мадақтаушыларым!
Мен бүгіннен бастап сендерге Халық пен мемлекетті ашық тонауға рұқсатымды бердім!
Енді оның кепілі Мен!
Сондықтан Сендер маған адал болыңдар!
Болмаса..."" - деген сөз болып шығар еді...

Өкінішке орай, тарихта мұндай регрессті (күйреуші) жағдайлар аз болмаған...

Әбдірашит Бәкірұлының парақшасынан

Abai.kz

2 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1482
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3253
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5475