Сенбі, 23 Қараша 2024
46 - сөз 4851 6 пікір 16 Қыркүйек, 2019 сағат 12:01

Тоқаев мырза, сіз қазақша сөйлесеңіз қазақ тілінің мәртебесі өседі!

Тоқаев Қытайға барған сапарында қазақша сөйлегені қазақ тілінің беделін ғана емес, қазақтардың да абыройын асырды. Әрине, қазақ елінің президенті, қазақ азаматы қазақша сөйледі деп қуанудың өзі қасірет. Әлемде өз азаматыз өз тілінде сөйлесе, қуанатын ұлт қазақ ғана шығар. Тағдырымыз осылай болған соң не шара!?

Егеменді ел болғанымызға да отыз жылға таяса да, туған тіліміз тұғырына қона алмай келеді. Сосын да шенділердің көбі шетелге барса, орыс тілінде көселеді де, қазақ тілі қағыс қалады. Ал Тоқаев сол жағдайды өзі бастан өзгеруге құлшынғаны қуантады.

Қазақ тілі десе менің есіме Қытайдағы мына екі іс түседі.
Бірде Қытайдағы Үрімжі жарменкесі кезінде Қазақстаннан арнаулы делегация барды. Түстен кейін екі жақ басшыларының кездесуі өтетін болды. Қытайлар қазақ аудармашыдарды, қазақ тілшілерді дайындады. Қытай әріптестерім менің қасымнан шықпай, "қазір бізге аударып бер" деп тұрды. Бірақ мен Қазақстан шенділерінің орысша сөйлейтінін іштей сезіп тұрдым. Ойлағанымдай болды, қонақтар орысша сарнай жөнелгенде, біз далада қалдық. Дәл сол кезде бір қытай тілші " айттым ба, аты қазақстан болғанымен бұлар әлде қашан орыс боп кеткен" деді қатар тұрғындарға. Іштей қатты қорландым.

Елесі жылы тағы сол Үрімжі жарменкесіне ШҚО-ның басшылары барды. Қытайлар бұл жолы орысша білетін аудармашы дайындады. Бірақ тілеуіңді бергір ШҚО-ны әкімінің орынбасары Ерлан(қателеспесем) мінбеге шыға сап қазақша сөйлей жөнелгенде қазақ тілді аудармашы дайындамаған қытайлар қатты састы. Әлден уақытта аудармашы жоқтығын байқаған ол: Аудармашы жоқ па, онда қай тілде сөйлеуім керек?- деді қабақ шытып. "Қазақша сөйлей беріңіз" деп айқайлады 200ге жуық тыңдаушының арасында отырған Қытай қазақтарынан шыққан қазақ басшының біреуі. Жалт қарадым, көзі-балбұл жанып ол да қуанып тұрғаны байқалды. Мен де сол күні көңлім марқайып қайттым.

Тоқаев Қытай сапарында қазақша сөйледі деген жазбаны көргенде "Қытайдағы қазақтардың рухы бір көтеріліп қалған шығар" деп ойладым. Айтқандай-ақ Қытай қазақтары БАҚ беттерінде Тоқаевтың қазақша сөйлегенін бүкіл Қазақсатан қазақша сөйлеп кеткендей шүйіншілеп жатты...
Демек, Тоқаев мырза, сіз шетелде қазақша сөйлесеңіз қазақ тілінің мәртебесі ғана емес, шетелде сіздің қадамыңызға қарап жаудырап отырған қазақтың рухы өседі, өшкіндеген үміті қайта қоздайды. Осыны ешқашан естен шығармасаңыз екен.

Сіздің қасыңызда Берік Уәли, Ерлан Қарин сияқты тілі де, тілі де, түрі де қазақ жігіттердің жүргені де біздің көңілге медеу.

Қалиақбар Үсемханның facebook парақшасынан

Abai.kz

6 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1480
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3253
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5475