Жұма, 27 Желтоқсан 2024
46 - сөз 4163 3 пікір 19 Қыркүйек, 2019 сағат 11:34

Қошанов Қарағандыға не берді?

Қошанов Қарағандыға әкім болып келгеніне үш жылға жуықтады. Үкімет кеңсесінен шыққан адам ірі облыстың тізгінін ұстағанда абдырап қалған жоқ. Осы үш жылдың ішінде түрлі орта мен ұлт ұйысқан, кәсібі мен нәсібі әр алуан өңірді уысынан шығарған жоқ.

Келе салып, 40 жыл баспанасыз жүрген Тәттімбет атындағы өнер колледжінің мәселесін шешті, ғимарат тауып берді.
20 жылға жуық жөндеу көрмеген Жезқазған-Қарағанды тас жолын жөндетті.
Қарағандыдағы Теміржол вокзалының бұрынғы кейпі мен сәнін сақтай отырып, жаңартты.
Ең бастысы, менің ойымша "Мынау Қошанов салдырған" деп айта жүретін балалар мен жеткіншектер сарайы болады. 4000-нан астам бала тегін қатысатын робототехника, бағдарламалау және авиамоделдеу сияқты 50-ден астам техникалық бағыттағы үйірмелер ашылады. Балаларға заманауи технологияларды - гидропоника мен аэропониканы пайдалануды үйрететін болады. Балалардың болашағын ойлаған адам ең ізгі адам. Оған ел болашағын да сеніп тапсыруға болады.

Ерлан Қошанов сын мен ескертпеге ашық адам. Халық пікіріне құлақ қойып, наразылық туса шешуге ұмылады. Сын айтылғанда басын алып қашу әдетінде жоқ. Керісінше мәселе ушыққан жерден табылады.

Желтоқсан айының ызғырығында Теміртауда 600 шахтер жер астынан үш күн шықпай ереуілдеткені естеріңізде шығар. Тәуелсіздік мейрамына бір түн қалған. Кеншілердің ереуілі ел тұтастығына да сын мезет болды. Егер, Қошанов ашынған кеншілердің көкейіндегі сөзді тап басып айтпағанда екінші Жаңаөзен бұрқ ете қалушы еді.

Қошановтың ел тыныштығын шайқалтпай, шешуші сәтте дұрыс шешім қабылдай алатын қабілеті Рим оқиғасында да анық көрінді. Халық сенген адамының сөзіне ғана тоқтайды. Қошанов ел сеніміне ие бола алды. Аз уақытта мұндай сенімге ие болу қоғамға адал қызмет еткен адамның қолынан ғана келеді.

Біздің облысты талай адам басқарды. Тек осы лауазымды абыроймен, артынан сөз ертпей атқарған шенеуік кемде кем. Ерлан Жақанұлы үшін Қарағанды облысы үлкен мектеп болғаны айқын. Халықты қандай мәселе мазалайтындығын төменнен көріп, біліп кетті.

Көп балалы аналар мәселесінде мен Ерлан Жақанұлының қолдауына арқа сүйедім. Бұл мәселе біздің өңірде біраз шешімін тапты. Көп балалы ана мен балаларына тегін жолақы билеті мен балабақшаға елу пайыз жеңілдік, оқушыларға ұзартылған күн, тегін лагерлер мен үйірмелер, Всеобуч - өңірлердің ішінде тек біздің облыста ғана жүзеге асты. Басқа облыстарда көп балалы аналардың мәселесі жүрдім-бардым деңгейінде қалды. Себебі, республика деңгейінде бірізді, ортақ саясат жүргізілмеді. Әр өңір басшысы өз құзіреті мен қалауы шеңберінде ғана мәселелерді шешті. Обалы нешік Ерлан Жақанұлы қандай сұрақпен барсам де, шешуге пәрмен беріп отырды. Ал, Атаулы көмек тағайындаудағы волокита, "Бақытты отбасы" бойынша сертификат мәселесі Үкіметтік деңгейде ғана шешілетін дүние. Ол мәселелерді Ерлан Жақанұлы жақсы біледі, енді осы мәселеге қанық адам ретінде көп балалы аналарға қатысты саясат дұрыс арнаға бұрылатынына сенімдімін.

Ләззат Қожахметтің facebook парақшасынан

Abai.kz

3 пікір

Үздік материалдар

46 - сөз

Тибет қалай Тәуелсіздігінен айырылды?

Бейсенғазы Ұлықбек 2057